Мақсаты: мұғалімдер мен ата-аналардың дарындылықты анықтау, қолдау және дамыту бойынша біріккен жұмыстарының педагогикалық іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
білім беру мекемелері мен отбасының дарындылықты анықтау, қолдау және дамытуға бағытталған біріккен іс-әрекеттерінің педагогикалық үрдісін теориялық негіздеу;
дарынды балалардың ата-анасын психо-педагогикалық қолдау бойынша практикалық іскерліктерді қалыптастыру;
дарынды және қабілетті балалардың ата-аналарының педагогикалық ағарту ісінде адекватты құралдарды меңгеруі.
Негізгі түсініктер: отбасы, білім беру мекемелері мен отбасының біріккен жұмысы, педагогикалық жалпыға бірдей оқыту, педагогикалық ағарту ісі, отбасын педагогикалық қолдау, отбасы мен мектептің біріккен педагогикалық үрдісі.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс, 1990.-381 с.
Практикалық сабақ 9. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыстың нормативті – заң шығарушы базасының сипаттамасы 1.Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының нормативті-құқықтық базасының жалпы сипаттамасы. Ондағы дарынды балалармен жұмысқа талдау жасау.
2.Дарынды балалар үшін арнайы мектептер туралы ереже.
3.Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» туралы ереже.
4.Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға бағытталған нормативті құжаттар сипаттамасы.
Мақсаты: нормативті – құқықтық базада дарынды балалармен педагогикалық іс-әрекеттің іскерліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
мұғалімнің осы құқықтық базада әрекет ету іскерлігінің қалыптасуына қолдау жасау;
нормативті - құқықтық құжаттардың ішкі мазмұнымен танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Положение о специализированной школе для одаренных. Сборник законодательных актов Республики Казахстан по вопросам образования
2.Правила проведения республиканской олимпиады школьников по общеобразовательным предметам // Дарын, 2003, №5 – С.26-30
3. Правила проведения республиканских научных соревнований школьников // Дарын, 2003, №5 – С.5-16
4.Типовой учебный план специализированных школ для одаренных детей // Дарын, 2003, №4 – С.5-16