ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жұмысының жалпы бағыттары
- облыс бойынша дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыратын мекемелер жүйесін («Дарын» аймақтық жүйесін) құру;
- дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша эксперименттік оқыту-тәрбиелеу мекемелерін (мектептер, эксперименттік алаңдар және т.б.) құру;
- дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша ғылыми негізделген бағдарламалар, тесттер мен оқу
құралдарын әзірлеуді ұйымдастыру;
- «Дарын» аймақтық жүйесінің компьютерлік желісін құру;
- дарынды балалар мәселесі бойынша мониторинг жүйесі мен компьютерлік мәліметтер деректемесін құру;
- мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қоғамдық ұйымдармен (ассоциациялармен, кеңестермен және т.б.) өзара әрекеттестік орнату;
- қоғаммен байланыс қызметін ұйымдастыру;
- оқыту мен сайыстар, турнирлер, жарыстар, пәндік олимпиадалар, конференциялар және басқа да шаралар өткізу барысында дарынды балалар мен жастарды анықтауға арналған технологияларды әзірлеу;
- оқушылар мен мұғалімдерді түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауға арналған Республика және шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ғалымдарының қатысуымен өтетін он-лайн сабақтар, Дәріслар, шеберлік сыныптарды әзірлеу және өткізу; дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қашықтық олимпиадаларды, сайыстарды, қашықтан оқыту семинарларын өткізу;
- дарынды балаларды құқықтық қорғау қызметін құру, психологиялық және әдістемелік консультацияларды ұйымдастыру;
- біркелкі ақпараттық мәліметтер базасының жүйелі түрде толықтырылып отыруы; орталық қызметінің медиабейнесі; пресс-орталық жұмысын ұйымдастыру; мұрағат құжаттарының жүйеленуі мен толықтырылып отыруы; орталық сайтының мазмұнды болуы;
- ақпараттық-баспа жұмысы (баспа өнімдерінің макеттелуі, таралымдалуы мен таратылуы; ақпараттық бюллетеньдерді дайындау мен шығару, Кәсіпорын туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтағыштық материалдар құру; оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді, оқу құралдарын, соның ішінде, электронды оқулықтарды басып шығару мен тарамдау, Кәсіпорын жұмысының бағыттары бойынша нормативтік, анықтағыштық материалдар және т.б. басып шығару; олимпиада тапсырмаларын көбейту; Кәсіпорын өткізген шаралар нәтижесі бойынша сертификаттар, грамоталар дайындау және т.б.);
- Халықаралық ғылыми, бейіндік мектептердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың, форумдардың және т.б. жұмыстарына қатысу, дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша жинақталған тәжірибемен алмасу;
- білім беру саласындағы түрлі әлеуметтік жобаларды, бағдарламаларды, әдістерді, технологиялар, концепциялар, үлгілер, әдістемелерді әзірлеу мен тәжірибеге енгізу;
- дарынды балалармен жұмыс істеп жүрген педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;
- Қазақстан Республикасының жастар саясатын қалыптастыру мен жүргізуге қатысу;
- ақылы білім беру қызметін көрсету есебінен қосымша қаражат жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |