Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Положение о специализированной школе для одаренных. Сборник законодательных актов Республики Казахстан по вопросам образования
2.Правила проведения республиканской олимпиады школьников по общеобразовательным предметам // Дарын, 2003, №5 – С.26-30
3. Правила проведения республиканских научных соревнований школьников // Дарын, 2003, №5 – С.5-16
4.Типовой учебный план специализированных школ для одаренных детей // Дарын, 2003, №4 – С.5-16
Дәріс 10. Қазақстан Респупликасындағы дарынды балалармен жұмыс жүйесі
1.Дарынды балалармен жұмыстың алғы шарттары. Республикалық арнайы мектеп интернаттардың іс – тәжірибесіне талдау жасау.
2. «Дарын» РҒПО ұйымдастырылуы. Дарынды балаларға арналған облыстық және аймақтық мектептердің іс-тәжірибесі.
3.Мектептің жаңа типтерінің дарынды балалармен іс-тәжірибесі – гимназиялар, лицейлер, кәсіби кластар.
4.Интелектуалдық ойындар, жарыстар, олимпиадалар.
Мақсаты: дарынды балалармен жұмыс жүйесін жүйелі, тұтас іс-әрекет ретінде түсінуді қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
дарынды балалармен жұмыс туралы теориялық түсінікті жүйе ретінде қалыптастыру;
білім беру мекемелерінің дарынды балалармен іс-тәжірибесін ашу;
интеллектуалдық ойын, жарыстардың қажеттігін дарындылықты дамыту құралы ретінде көрсету.
Негізгі түсініктер: жүйе, жүйелілік, республикалық арнайы мектеп-интернаттар, дарынды балалар үшін мектептер, мектептің жаңа типтері, интеллектуалдық жарыстар.
Дарын» орталығы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» оралығы ШҚО әкімнің 1999 жылғы 17 мамырдағы №1-620 Р өкімі бойынша құрылды.
Орталықтың жұмыс істеу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету үшін жағдай жасау, олардың әлеуетіндегі мүмкіншіліктерін жүзеге асыру.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының негізгі міндеттері:
1) жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда жүйелі ойлау мен қызмет етуге қабілетті, дарынды тұлға тәрбиелеу;
2)дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, құқықтық және зияткерлік тұрғыда қорғауды қамтамасыз ету;
3)Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;
4)тұлға дарындылығын дамыту саласындағы халықаралық қызметтестікті кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |