Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет20/31
Дата19.01.2023
өлшемі0.86 Mb.
#417335
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Педагогика кафедрасы
628668, рабочая тетрадь пмэ 2019, ИББ СЕССИЯ, Оқу іс-тәжірибе бағдарламасы ПС 201
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс, 1990.-381 с.


Дәріс 9. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыстың нормативті – заң шығарушы базасының сипаттамасы
1.Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының нормативті-құқықтық базасының жалпы сипаттамасы. Ондағы дарынды балалармен жұмысқа талдау жасау.
2.Дарынды балалар үшін арнайы мектептер туралы ереже.
3.Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» туралы ереже.
4.Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға бағытталған нормативті құжаттар сипаттамасы.
Мақсаты: нормативті – құқықтық базада дарынды балалармен педагогикалық іс-әрекеттің іскерліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Міндеттері:

  • дарынды балалармен жұмыста қазіргі бар нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;

  • мұғалімнің осы құқықтық базада әрекет ету іскерлігінің қалыптасуына қолдау жасау;

  • нормативті - құқықтық құжаттардың ішкі мазмұнымен танысу.

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймау керек, өз оқушыларының дарындылығына жекеленген қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көру керек. Бізде осындай педагогтар көп пе, бізде олар дайындала ма? Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл- ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету мен дамыту» туралы жарлығына сәйкес талантты жастарды қолдау мен дамыту мақсатындағы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы ашылды. Осы мәселені шешу үшін стратегиялық бағдарлама жасалған.
Соңғы жылдары қосымша білім беру мекемелерінің жүйесі арта түскендігін айта кету жөн. Аудандар мен қалаларда балалар шығармашылықтарының орталықтары, спорттық-демалыс орталықтары, туризм және экскурсия орталықтары құрылуда, қызығушылықтары бойынша құрылған үйірмелер саны да көбейіп келеді. Егер 2000 - 2003 оқу жылында 75 мектептен тыс ұйым болса, 2003 - 2004 оқу жылында олардың саны 85-ке жеткен. Қосымша білім берумен қамтылған балалар құрамы осы кезеңде 2,1 мың адамға артқан. Дегенмен, қосымша білім беру мекемелерінің мүмкіншіліктері оқушылар саны мен олардың сұраныстарын қанағаттандыра алмауда.
Облыстың қосымша білім беру жүйесінде де шешімін таппай отырған мынадай проблемалар бар:
- баланың демалысын, бейімділігін, дарындылығын, қызығушылығын т.б. қанағаттандыруға тегін қызмет көрсететін, кеңінен пайдалануға болатын мектептен тыс ұйымдар жүйесінің қысқаруы;
- мектептен тыс мекемелерде материалдық және ақпараттық базалардың жетіспеуі;
- көп жағдайларда қосымша білім беру мекемелері қызметтерінің мазмұндары мен технологиялары балалар мен жасөспірімдердің мүдделеріне, уақыт талабына толық сәйкес келе бермеуі.
Психологиялық педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау балалардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілікке 1975 жылы таланттар және дарынды балалардың Бүкіләлемдік кеңесі құрылды. 1988 жылы Еуропа Кеңесінде үкіметтік емес кеңестік ұйым статусына ие «Евроталант» ассоциациясы құрылды. Ол 22 мемлекеттің зерттеушілерін, педагогтарын, кәсіпкерлерін және мемлекеттік қызметкерлерін біріктіріп дарынды балалармен жұмыс принципі сәйкес заңдылық актылары және еуропа елдерінің білім беру тәжірибесінің негізі болуын қарастырады. Әлеуметтік тапсырысты шартты түрде қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және индивидуалды деп бөлуге болады.
Қазақстан үшін дарынды балаларға қамқорлық – тек қана психологиялық-педагогикалық емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Олардың қабілеттерін дамыту еліміздің болашақ кадрлық базисін, интеллеуалдық және шығармашылық потенциалын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.
«Білім туралы» Заңнын 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принципіне: «тұлғаның білімділігін және дарындылықты дамытуды стимулдау» жатқызылған. Бұл – нағыз гуманизм принципі, әр тұлғаның ерекшелігін, оның қайталанбастығын мойындауда көрінеді.
1989 жылы КСРО-да «Дарынды балалар» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Одақтың ыдырауына байланысты бағдарламаны ары қарай жүзеге асыруды Қазақстанда білім беру Министрлігінің білім беру Комитетіндегі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық Президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау» бұйрығына сәйкес үкіметтің 24.03.1998 жылғы қаулысына байланысты өз басшылығына алды. «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық дарынды балалармен жұмыс жасайтын білім беру мекемелерінің мәселенің теориялық өңдеуін және іс-әрекетін бағыттап отырады. Аймақтық деңгей дарынды балалармен жұмыс жасауда факторлар кешенін есепке алады: аймақтың экономикалық мамандануы тұрғындардың ұлттық құрамы, гемографиялық процестер және тағы басқалар жиынтығы аймақтың білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.
Ақмола облысы балалардың дарындылығын дамыту жұмысына зейінділікпен қарады. Бұған жаңа типті оқу мекемелері, олардың іс-әрекетін ұйымдастырушылық әдістемелік қолдау, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар нәтижелері дәлел бола алады. Ұжымдық және индивидуалды тапсырыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың, ата-аналардың және оқушылардың өздерінің білім қажеттіліктеріне деген айырмашылықтарымен шартталады. Бүгінгі күнде бұл қажеттіліктердің құрылымы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытумен көрінетін лицейлер, гимназиялар, мектептер және сыныптарға деген сұраныстан байқалады[8].
Дарынды балаларға қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруда шешілмей жатқан бірқатар проблемалар бар:
- балалар дарындылығының құзыретті диагностика жүйесінің жоқтығы (әсіресе ауылдық жерлерде);
- дарынды балаларды оқытып, дамыту мазмұны мен технологиясының, ұйымдастыру негізінің әзірленбеуі;
- облыста «Дарын» эксперименталдық алаңдарының аздығы;
- балалардың дарындылығын дамытуда білім беру мекемелерінің қызметінде «балабақша-мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде сабақтастықтың жоқтығы;
- басқа елдердің осы бағыттағы іс-тәжірибелерін тиімді зерттеп, пайдаланудың жеткіліксіздігі.
Балалардың дарындылығын дамыту

  • әртүрлі әдістердің кең спектрі негізінде балалар дарындылығын анықтау мен диагностикалаудың кешенді ұстанымдарын іске асыру;

  • дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыруда үш түрлі нұсқаны кеңінен қолдану:

  • жекелей оқыту – дарынды балаларды оқытатын арнайы білім мекемелерін құру;

  • дәстүрлі оқу орындарында (балабақшада немесе мектепте) дарынды балалар үшін арнайы қоса-жекеше оқыту топтары (сыныптар);

  • қоса оқыту – дарынды балаларды «табиғи ортада», яғни өз құрдастарынан оқшауламай бірге оқыту;

  • жеделдетілген оқыту қарқынына бағытталған арнайы топтар мен сыныптар құру арқылы ақыл-ой, әлеуметтік және дене дамуының деңгейі жоғары балалар үшін нақты білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін есекеріп «жеделдету» стратегиясын қолдану;

  • дарынды балаларды дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, дәстүрлі оқу жоспарын арнайы біріккен курстармен толықтыратын «көлденеңінен кеңейту» шаралар жүйесін енгізу;

  • дарынды балаларды оқытуда оқу процесін дараландыру, проблемалық оқыту, танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың бастамасын қалыптастыру мақсатында зерттеу ұстанымдары принципін іске асыру;

  • пәндер бойынша олимиадалар, интеллектаулдық-шығармашылық ойындар, конкурстар, зерттеу жобалар, фестивальдар мен жарыстардың рәсімі мен мазмұнын жетілдіру;

  • «балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» дарынды балаларды оқыту жүйесінде үздіксіздікті жүзеге асыру;

  • «Дарынды балалар» облыстық ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;

  • «Дарын» тәжірибелік алаңдарымен жұмыс түрлерін жандандыру мен жетілдіру және облыста олардың санын көбейту;

  • облыста дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау проблемаларын шешу аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан