4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
МАЗМҰНЫ
Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
Пән бойынша дәрістер кешені.
Пән бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
1. ПӘН БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР (ГЛОССАРИЙ) Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория.
Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы².
Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.