Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет15/31
Дата19.01.2023
өлшемі343 Kb.
#417335
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Педагогика кафедрасы
628668, рабочая тетрадь пмэ 2019, ИББ СЕССИЯ, Оқу іс-тәжірибе бағдарламасы ПС 201
Негізгі бағыттарымыз :

  1. Дарынды балалардың дамуына тиімді жағдайлар жасау.

  2. Мұғалім мен оқушының жеке тұлға ретінде шығармашылық ынтымақтастықта өз - өздерін дамытуы.

Дарынды балаларды анықтаудың ұстанымдары :

  1. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдалану, бала қабілетін кең көлемде қамту, баланың мінез – құлқын, іс - әрекетін жан – жақты бағалау.

  2. Баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы баланың түрлі жағдайындағы іс - әрекетін кең көлемде бақылау.

  3. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясына баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, арнайы ұйымдастырылған пәндік, ойындық сабақтарға, түрлі іс – шараларға қатыстыру.

Баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

  1. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата – аналардың сараптамалық бағалары.

Оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті олардың белгілі бір іс - әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздіңше балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіші екенін ескеріп, оны дер кезінде көре біліп анықтау біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы: «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында өткен тренинг сабақта оқушылар өз ойларын ашық айтып, жекелеген оқушылар дараланып шыға бастады, яғни баланың лидерлік қабілеті оянды деуге болады.
Келесі өткізілетін сабақтарда балаларға тапсырма берсем, оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы басым болып, шығармашылық қабілеті, ізденушілігі жоғары деңгейде көрінді.
«Кім көп біледі» сабағымда, сыныптан тыс жұмыстың мәнін ашуда түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы жұмысты оқушылардың өздеріне тапсырдым. Олар 3 топқа бөлінді. Жасылдар, сарылар, көкпеңбек тобы. Әр топ өздерінің тақырыптарын қорғады. Бұл сабақ ұйымшылдықпен орындалып, сыныптан тыс жұмыс түрлері толық талқыланып, айқындалды. Өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруда жол ашатын қолайлы жағдай – бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік бейімділігі. Өйткені бұл кездегі оқушылардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор, бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті де балалардың өзіндік дамуына жете көңіл бөлінуі керек.
Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек. Ол үшін мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болғаны жақсы. Мысалы: орындаушылық, сурет өнері, музыкадан. Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт. Сол арқылы педагогикалық шеберлігі шыңдалады. Кез – келген сабақ кезінде мұғалім оқушы алдында тығырықтан шыға білсе, бұл мұғалімнің шеберлігі. Өз тәжірибемде байқағаным оқушылар бір сарынды сабақтан жалығады. Оларға үнемі сабақты түрлендіріп, ойын арқылы сабақты түсіндіре білсең, сол сабақтың қалай тез өткенін байқамай қаласың.
Дарынды балаларда күшті дамыған шыншылдық сезімі болады. Ой – арманы, қиялы күшті әрі кең өрісті болады. Сонымен, дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше біледі. Сондай тәрбие жұмысының бірі «Ана тілін ардақтай біл» атты ғылыми конференция. Конференцияда балалар тіл туралы өз ойларын ғылыми тілде дәлелдей білді. Бұл оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын анықтауға мүмкіндік берді. Дарынды балаларды анықтау үшін оқушыларға арнайы жеке тапсырмалар беріп, пәнге деген психологиялық қызығушылығын арттыру керек. Ол үшін дарынды оқушыларға қойылатын арнайы талап деңгейінде жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде мұғалімдер оқушыларға ғылыми негізде жұмыс істеуге баулу қажет. Сондықтан оларға күнделікті ағымдағы жұмыстармен шырмалмай, тапқырлықпен, шығармашылықпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады. Мысалы : сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады. Бірақ бұл қабілеттерді қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды.
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары едәуір тереңдетіліп және кеңейтілген түрде берілуі қажет.
Әр мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемдікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін таңдандырып жарқырап көрінеді де, ал екіншілерінің мінез – құлқына, темпераментіне байланысты көзге көп түсе бермейді. Ал мұғалімнің міндеті көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан