Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Одаренные дети. Пер. с англ. М.:Прогресс, 1990. – 381с.
2.Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября», 2004, №8. – С. 22 – 25.
3.Славинская И.С. Диагностика и развитие одаренности в системе специализированной школы – интерната //Дарын, 2004, №1.- С.95 – 98
Дәріс 5. Дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілік жасаудың ерекшеліктері
1.Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысқа даярлығының ерекшеліктері.
2.Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысқа педагогикалық жетекшілік жасау мотивациясының ерекшеліктері.
3.Дарынды балалармен жұмыста дамытушы ойындарды қолдану.
4.Дарынды балаларды интеллектуалдық жарысқа даярлаудың бірқатар әдістемелерінің сипаттамасы.
Мақсаты: мұғалімнің дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілік жасауға арнайы психологиялық – педагогикалық даярлығының қажеттігін дәлелдеу.
Міндеттері:
дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілік жасаудың даярлығын теориялық негіздеу;
дарындылықтың дамуына педагогикалық жетекшілік жасау үшін педагогикалық жағынан сұрыпталған тиімді құралдарды қалыптастыру;
мұғалімнің дарындылық дамуына педагогикалық жетекшілігінің жағымды мотивациясын қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: педагогикалық жетекшілік, педагогикалық жетекшілікке даярлық, іс - әрекет мотивациясы, іс - әрекеттің жағымды мотивациясы.
Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында «Кәсіптік мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара қабілеттігін ашуға бағытталған» делінген. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп жатса, ол еліміз үшін абырой. Ендеше талантты да, қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет.
Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп - өркендеуі мен Елбасымыз атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы, ең алдымен жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Жеке адамның дамуы мен оны дұрыс тәрбиелеу, педагогикалық және психологиялық бағыт – бағдарға тікелей байланысты. Сол себепті балаға тәлім – тәрбие беріп, оны білім – ғылымға баулитын ұстаздары мен тәрбиешілердің міндетті түрде білікті, көрегенді, әрі өнегелі болғаны дұрыс. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» - деп Абай атамыз айтқандай, ақыл – ой тәрбиесінде пікірлесу, пікірталас арқылы ой дамыту, оқушы тұлғасының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оның дарынын дамытуға, интеллектісін арттыруға ат салысатын адамның өзі осыған сай болғаны дұрыс.
Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан ата – аналардың, мұғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Осы орайда «Дарынды балалармен жарқын болашаққа» айдарымен көптен бері жұмыс жасап келемін.
Мақсаты : 1. Дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту,
жетілдіру.
2. Мемлекетіміздің зерделі әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу.
Бұл жерде негізгі тұлға – ұстаз. Ал ұстаз қандай болу керек? Ол-зерттеуші, дамытушы, жаңашыл, яғни жаңалық ашатын және тәрбиелеуші.
Достарыңызбен бөлісу: |