Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Байтукова Б.У. Развитие творческого мышления учащихся как основная задача современной школы //Дарын, 2004,№1. – С.90 -94.
2.Одаренные дети. Пер. с англ. М.:Прогресс, 1990. – 381с.
3.Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября», 2004,№8. – С. 21 – 22.
Дәріс 4. Дарындылық диагностикасының концептуалдық бағыттары 1.Балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық мүмкіндіктерінің диагностикасы дарындылықты зерттеп – білудің негізі ретінде (тест IQ).
2.Ойлаудың «шапшаңдығын» зерттеу.
3.Баланың іс-әрекетінің мотивациялық саласын дарындылық диагностикасының негізі ретінде зерттеу.
4.Шығармашылық белсенділік дарындылықтың пайда болуы ретінде.
Мақсаты: дарындылықты зерттеудің әр түрлі концептуалдық бағыттарының бар екендігін дәлелдеу, олардағы ортақтық пен жекені анықтау.
Міндеттері:
зерттеушілердің дарындылықты зерттеу әдістемелерін меңгеруінің қажеттігін дәлелдеу,
дарындылықты анықтау бойынша педагогикалық іс - әрекетті құралдандыру іскерлігін қалыптастыру;
Негізгі түсініктер: диагностика, диагностика әдістері, кешендік әдістеме, зерттеу нәтижесі, нәтижені өңдеу.
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды: