Философия Мәдениет морфологиясы

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі16.37 Kb.

Философия

  1. Мәдениет морфологиясы

Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; – мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; – мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.

Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: – ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; – әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.



Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.

  1. Мәдениет тілі

Тіл мен мәдениетті зерттеуші ғалымдар тіл мен мәдениетке, олардың арақатынасына қатысты әртүрлі анықтамалар береді. Осы мәселелер төңірегінде зерттеу жүргізген Т.Ғабитов «мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихы, зейіні, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан», - деп анықтама береді. Тіл мен мәдениеттің баға жетпес ұлттық құндылықтарды жеткізетін қазына ретінде қарастыру керектігі туралы Сепир: «Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп тұрған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады», десе Ж.Манкеева осы мәселе жөнінде өз ойын былайша қорытады: «Мәдениетті тілден бөліп қарамаймыз. Тіл мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды. Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, кумулятивтік қызмет арқылы көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі».

  1. Мәдениет семиотикасы

Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салтдәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.

  1. Мәдениет анатомиясы

Мәдениет анатомиясы адамды рухани қалыптастырады. Мәдениеттің бұл функциясы оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам — өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, нақтылай айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы.

  1. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың осы шаруашылыққа негізделген өзіндік мәдениеті болды. Көшпелілердің мәдениеті болмаған, олар жабайы өмір сүрген дейтіндер қатты қателеседі. Көшпелі өмірдің қатаң жағдайына бейімделген мәдениеттің ерекшеліктерімен қатар, оның озық үлгілері қалыптасты. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі көшпелі мәдениет үнемі жетілдіріліп дамып отырды. Шаруашылықтың дамуы көшпелі мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...