Пән құзыреттілігі:
- тіл білімі мәселелерін: олардың негізгі лексика-грамматикалық түсініктерін, олардың басқа ғылымдармен байланысын, қазақ тілінің даму үдерістері мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи-мәдени және тарихи-әдеби үдерісті меңгереді;
- қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуы барысында халықтың тарихы мен мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдана алады;
- филология ғылымындағы жаңа жетістіктерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгереді.
|
АЛҒЫСӨЗ
Пәннің жалпы сипаттамасы: Жалпы тілдік дайындық, сондай-ақ құқық пәндері бойынша қазақ тіліндегі базалық білімдерінің болуы бағдарламада көрсетілген материалды табысты меңгерудің шарты болып табылады. Бағдарлама мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, қазақ тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби заң тілін жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен анықталады.
«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту курсы оқу пәні ретінде коммуникативтік-кәсіби бағытты ұстанады және мынадай сипаттарға ие:
пәнаралық (қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесімде лингвистикалық біліммен қатар конституциялық құқық, азаматтық құқық және т.б. сияқты заң саласының ғана емес, басқа салалардың, мысалы, экономика, тарих ғылымдарының мәліметтері де қолданылуы мүмкін);
көпдеңгейлік (сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік құралдары мен дағдыларын игеру қажеттілігі);
қызметінің алуантүрлілігі (оқыту мақсаты ретінде де, білімнің түрлі салалары бойынша мәлімет алу құралы ретінде де қолданыла алады);
тілді оқыту кәсіби құқықтық дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде кәсіпке оқытумен байланыстырылады.
Кәсіби тілдің ауызша және жазбаша түрлері, заң тілінің барлық деңгейлерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) құрылымдық ерекшеліктері, заң мәтіндерінің құрылымдық-семантикалық және логикалық құрылуының, сондай-ақ кәсіби бағытталған шығармаларды құру ерекшеліктері, болашақ заңгердің құқықтық, нормативтік құжаттармен жұмысы кезіндегі сыни ойлауын қалыптастыру оқытудың пәні болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі курсының мазмұны бағдарламада коммуникативтік, тілдік және тілдік-кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін үш тақырыптық модуль түрінде ұсынылған. Кәсіби қазақ тілін оқыту мазмұны құзыреттік әдісі негізінде құрылған. Осымен байланысты коммуникативтік, тілдік, кәсіби бағытталған (алған білім негізінде өз кәсіби қызметін ұйымдастыра алу қабілеті) құзыреттер дамытылады және жетілдіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |