Филология және педагогика ғылымдары факультеті



бет29/75
Дата10.06.2022
өлшемі2.27 Mb.
#267623
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Байланысты:
00016443-9527288d
практика 6, Мақала
Келесі сабақ тапсырмасы:Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы мәтін бойынша презентация дайындау.


Әдебиеттер:

1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.


2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).
3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.
4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін)


3-тақырып. Қазақ заңдарының түп-төркіні.
Сабақ мақсаты: Құқықтық дискурс қызметінің ерекшеліктерін түсіндіріп, заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық құруға баулу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Заң мәтіндері, өз кезегінде, жаргондарды баспасөзден аударып беруге тырысады, алайда, одан оның эмоциялық бояуы бәсеңдеп, түсіндіруі тиіс көп сөзділікке барады.
Майталман, кәнігі, құныққан, әдетке айналдырған, кәсіби, баукеспе сөздері қолданылады. Осы сөздер арқылы заң тіліне ерекше бояулар беріледі. Құқық қорғау органдарына нелер жатады? деген сауалға қатысты сот органдары, прокуратура органдары, әділет органдары мен мекемелері, тергеу және алдын ала тергеу органдары, салық және қаржы, кеден органдары деген сөз тіркестері арқылы кәсіби тіл байлығы қоры толықтырады. Өкілетті мемлекеттік органдарға заң мекемелері, заң шығару органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен жергілікті басқару органдары жатады. Ал заңдық күші бар нормативтік актілерге: Президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жатады. Тәртіптік жазалау түрлері: ескерту, сөгіс, жеке еңбек келісімшартын бұзу кіреді. Қызметтік қару түрлеріне шолақ қару, тапанша, ұзын дүмді тегіс және кесілген қару; сот сараптамасына енетін түрлерге алғашқы, комиссиялық, кешенді, қосымша, қайта сараптамалар кіреді. Жылжымайтын мүлік түрлері: жер телімдері, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер, жермен байланысты басқа да мүліктер; құнды қағаздарға: облигация, коносамент, акция, заем, пай т.б. жатады. Аталған мысалдардан заңгерлердің кәсіби тілінің ерекшеліктерін көреміз. неге не қатысты, не неге қатысты сауалдарын қою арқылы ойлау жүйесін кәсіппен байланыстыра отырып сөз тіркестерін аламыз. Аталмыш сөз қолданыстары мәтіндерді мазмұндауда жүзеге асырылады, іс тоқтатылады, жауапқа тартылады т.б. сөз тіркестері жүйелі қолданылады.
Етістікті және есімді сөз тіркестерімен жұмыс істеу үшін мәселені талдау, талқылау, парламентке жолдау, іс қарау, құжат толтыру, іс қозғау, күш көрсету, біржолғы жәрдем, өкілеттік беру, қос азаматтық, кеден алымдары т.б. қолданылады. Бұл тіркестердің әрқайсысымен сөйлем құрастыра отырып, студентпен белсенді жұмыс жүргізуге болады.
Кәсіби қазақ тілін үйретуде басшылыққа алар қағидат – мектеп пен жоғары оқу орнындағы қазақ тілі пәнінің жалпыға міндеттілігі. Алайда, үстіміздегі оқу жылында заң факультетінің орыс бөлімінде 1-курс студенттерінің оқу бағдарламасында қателік орын алды. Өйткені, жалпыға міндетті қазақ тілі пәнімен қатар кәсіби қазақ тілі пәні таңдау ретінде қатар 1-семестрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде студенттің кәсіби тілді меңгеруіне көптеген қиындықтар әкеледі. Мәселен, тілдің грамматикалық бөлімін, сөздердің байланысу тәртібін , сөйлем түрлерін оқып-білмейінше, өз мамандығына қатысты мәтіндермен, кәсіби құжаттарды жасаумен айналысу ауыр тиетіні белгілі. Ендеше, оқу жоспарын алдымен міндетті қазақ (орыс) тілдерін оқытуға, кейіннен кәсіби қазақ тілін оқыту дұрыс болар еді.
Соңғы кезде қазақ тіліндегі заңдардың қоғамда қолдануға қолайлы, тиімді болуы үшін олардың бірінші кезекте сапалы жазылуы талап етіледі. Кейбір заңдардың мәтіндеріндегі ойды түсіну қарапайым халыққа қиын түсетіні де рас. Заң саласында орыс заңгерлері С.С.Алексеев, И. Грязин, С.А.Боголюбовтің еңбектерімен қатар Н.А.Власенконың «Құқық тілі» (1997), А.С.Пиголкиннің редакциясын басқаруымен «Заң тілі» (1990) атты іргелі зерттеулері арнайы заң мәтіндерінің, заңнамалық актілердің тілін, қылмыс әлемі лексикасын қарастырды.
Қылмыс туралы мәтіннің тілдік қабылдану, пайымдау ерекшелігі тұрғысынан сөз ете отырып, оның көпшілік қолданысына негізделіп жасалған мәтін болғандықтан, күнделікті құқық саласының өмірінде жиі пайдаланатындықтан, екіншіден, қабылдауға икемді, жеткізу жағы сапалы болғаны орынды. Бұл тұрғыдан осы қылмыстық құқық мәтіндері арқылы ойлау мен тіл бірлігін екінші қырынан қарастыра отырып, яғни, ойдың тілде берілу деңгейін оның қабылдаушы тарапынан қабылданушы деңгейін қарастыра отырып дәлелдеуге болады. Тіл қандай да бір ойды жеткізу құралы екені белгілі. Бұл оның негізгі қызметі болып саналады. Тілші-ғалым З.М.Шаляпина «тілдің белгілі қызметті атқарып, ойды жеткізуі барысында «мағына мәтін» моделдерінің арасындағы байланыс қатаң сақталады», – дегені осы орайда орынды айтылған.
Тіл арқылы берілген ойды беруге негізделген мәтіннің қабылдануы оның түсініктілік деңгейіне байланысты. Түсініктілік деңгей туралы Г.Е.Крейдман, А.К.Поливанова еңбектерінде айтылады. «Бір мәтіндер жеңіл түсініледі, екінші мәтіндер қиындықпен түсіндіріледі, ал үшіншілері «түсініксіз мәтіндерге» жатады», – дей келе, ішкі құрылымдық тілдік құралдардың орналасу тәртібімен байланысты екенін айтады.
Заң мәтіндері, оның ішінде, қылмыстық кодекс мәтіндері ойды беру тұрғысынан суық қабылданатын ерекшеліктерге толы келеді. Заң мәтіндері жекелеген салаларға қатысты құқықтар мен ерекшеліктерді анықтап берумен шектеледі. Жеке сала мәтіндермен салыстырғанда қылмыстық құқық кодексінде тікелей барлық қылмыс түрлерін қамти отырып, сол қылмыс түрлері жасалған жағдайда соларға қатысты қарым-қатынасты реттеп беретін болғандықтан қылмыстық кодекс мәтіндерінің тілі барынша суық үдерісте жазылып, тыңдаушы немесе оқушы тарапынан да сол бағытта қабылданады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 56-бабының 4-тармағында: «Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оңталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды», – деген бап мәтінінде болымсыздық мағынада жазылған сөйлемнің өзі суық қабылданады.
Қамау, оқшаулау, мәжбүрлеу, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, өзіне-өзі қол салу, әскери қызметтен жалтару, ұрып-соғу, психикалық зардап шегу, зорлау, науқасқа көмек көрсетпеу т.б. суық стильді сөздер мен сөз тіркестері халық арасында «жаман» ұғымын түсіндіруге бағытталады.
Заң мәтіндері ресми мәтіндер қатарына жатады, сондықтан да лексикалық тұлғалар қайталанып келе береді. Бір мәтіннің бойындағы ұдайы қайталанатын тұлғаларды «сериялық қолданыстар», «стандарттар», «біртектілік, штампы» деген атаулармен беруге болады. Бұл ресми-іскери стильдің басты сипаты болса, заң мәтіндеріндегі міндеттеуші пайымдау да осы қайталанба сөздерді басшылыққа алады. Айқындау, қолдану, жүзеге асыру, шектеу, болып табылады, босатылады, құқылы, жауапқа тартылады т.б. сөздер мен сөз тіркестері заң мәтіндеріндегі «жауаптылық» пайымдауын көрсету үшін қолданылады. Немқұрайдылық, салғырттық сөздерінің заң мәтіндерінде қолданылуы қазақ тіліндегі салақтық сөзінің орнына қолданылып, «жауапсыздықпен қарау» мағынасының прагматикалық мәнін аша түседі, бұл небрежность, халатность сөздерінің мағынасын толыққанды түсіндіреді.
Қылмыс-қоғам айнасы болса, адам қоғамы қылмыссыз болмайды. Қылмыстан жирендіру мақсатында суық қабылданар сөздер көп ретте тәрбиелік мәнге ие болады. Зинақорлық, жезөкшелік, жеңгетайлық, әлімжеттік т.б. сөздер жай сөз емес, терминге айналған. Заң мәтіндері тым қарапайым жазылуы мүмкін емес, өйткені ол ойдағы дәлдік пен нақтылықты басқаша түсіндіре алмайды, эмоция-экспрессиясыз жинақы жеткізу үшін де қабылдау ерекшелігі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы