Ғылыми жобаның тақырыбы: "Мультфильмнің жасалу жолдары" Ғылыми жобаның мақсаты



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі0.51 Mb.
#360877
1   2   3
Мультфильм жасау процессын басты кезеңдерге бөлу:

  1. Туындаған ой (идея)

  2. Сценарий

  3. Түсірілген кадрлерді реттеу (раскадровка)

  4. Аниматик

  5. Фон мен кейіпкерді дайындау

  6. Сканирлеу, мағлұматтарды графикалық өндеуден өткізу.

  7. Түсірілім

  8. Дыбыстау

  9. Монтаж

  10. Титр

  11. Көрсетілім

1.Туындаған ой (идея): Мультфильмді түсірерде алдымен, ойдан алынған кейіпкердің іс-қимылы мен оның өміріндегі өзгерістерін нақты баяндау. Ой туындағанда түсірілетін мультфильмге қатысты кейіпкерлердің есіміне дейін қойып, және оны ұмытпау үшін парақ бетіне түсіріп алу қажет. Кейіпкерлер саны 3-5 кейіпкер болу керек ярине егер түсірілім сапалы болсын десеңіз, себебі біз алғашқы аниматорлар жайлы айтып отырмыз.
2. Сценарий: Идея толығыме дамып, бірнеше ой електен өткізілгеннен кейін сценарий жазылады. Мультфильм қызықты, тартымды болуы үшін сценарий мен ондағы идея нақты болуы керек. Ал егер ойын шашыраңқы болып, жинақталмаса онда түсірілетін туындың қызықсыз бас-аяғы жоқ болып шығады. Сценариге негіз ретінде ертегілер мен тақпақтар және қызықты әңгімелер алынады.
3. Түсірілген кадрлерді реттеу (раскадровка): Сценарий дайын болғаннан кейін, кадрлерді реттеу басталады оны раскадровка деп атайды. Алдын ала ойымыздағы мультфильм кейіпкерлерінің суреттерін салып аламыз. Ол үшін болып жатқан оқиғаны дамытып, және соны көрермендерге ұғынықты етіп жеткізу керек. Әр кейіпкердің жасайтын келесі қимылының суретін бейнелеп, оны бірнеше фонда ауыстырып отыру керек. Эпизоттарға бөлгенде кадрлар яғни салынған суреттер неғұрлым көп мөлшерде болса, мультфильм сапасы соғұрлым жоғары болады.



4. Аниматик: Түсірілген кадрлерді реттеп (раскадровка) болғаннан кейін, аннимациялық монтаж орындалады. Ол дегеніміз жанағы оқиғанын өтілу ретімен дайындалып қойылып алған суреттерді камераға түсіру. Егер дауысы алдын ала жазылып қойылса, оны да суреттермен бірге камераға түсіру кезінде алады. Осы аниматик кезінде жарамды кадрларды қосып, ал жарамсыздарын қиып тастайды. Монтажда екі программа қолдануға болады, олар; EDIUS пен Adobe Premier деп аталады.
5. Фон мен кейіпкерлерді дайындау: Міне, барлығы дайын енді түсірілімге керекті фон мен кейіпкерлерді таңдау уақыты келіп жетті. Егер дайын ойыншықтарды яғни қуыршақ немесе ермексаздан жасалған мүсінді алса ол көлемді жұмыс дер аталады. Маған көлемді заттармен жұмыс ұнайды. Тағы құмнан кейіпкер жасауға болады және суретке салынған анимация перекладка деп аталады.
6. Сканирлеу, мағлұматтарды графикалық өндеуден өткізу: Бұл кезең мультфильмді түгелдей компьютерден жасалса ғана қолданылады. Adobe Photoshop программасымен түсіріледі.

7. Түсірілім: Мультфильм түсіріліміне кейіпкерлерді ермексаздан жасасақ, онда оған мультиқұрылғысы бар жақсы жабдықталған орын керек. Ал егерондай құрылғы болмаса, оны қолдағы бар заттардан жасап алуға да болады. Түсірілімге арналған құрылғының жасалуы мына суретте көрсетілген.

Үстел үстіне хромокейлік фон қойылады. Ол жасыл не көк түсті болады себебі түсірілім кезінде фон өзгертілсе бұл түстер оңай өзгертіледі. Хромокейлік фондар қағаздан және матадан да жасалады. Алынған жұмысынызға байланысты егер түсірілімге жалпақ зат алынса, онда оны әйнекке салып, ақырын жылжытып отырып, үстінен түсіреді. Жұмысынызда көлемді зат алсаңыз онда оны жанынан түсіреді. Түсірілімде ең бастысы жарық. Жарықты лампамен түсіреді. Күннің жарығынан қарағанда қолдан жасалған жасанды жарықпен түсірілген мультфильм анығырақ көрінеді.
8. Дыбыстау: Кейіпкерлердің дауысын жазу өте қиын жұмыстардың бірі. Себебі дауыс жазылған уақытта ешбір бөтен дыбыстар болмауы керек. Тіпті қосылып тұрған компьютердің дауысы да бөгет болады. Сондықтан көбіне арнайы дыбыстау орталықтарына жүгінуге тура келеді. Немесе тым – тырыс подвалда жазу керек.
9-10 Монтаж бен титр: Сапалы анимация жасалғаннан кейін, сізге барлығы ұнап тұрса, сахналау түсіріліп болса, дыбысталуы жазылып болса және ұнаған әуен таңдалса, онда титрларды ұмытпаңыз. Титрлар мультфильмнің басталуында және соңында пайда болады. Бастапқы титрда мультфильмнің түсірілген жері жазылады. Соңғы титрда мультфильм авторларының аты-жөні, музыканың авторының аты-жөнін жазады. Негізгі ереже бойынша мультфильмде алдымен режиссер, қойылым-суретші, аниматор және әуен авторлары жазылады. Әеун авторларының рұқсаты міндетті түрде болуы керек.
10. Көрсетілім: Барлық жұмыс аяқталып болғаннан кейін бүкіл түсірілімге ат салысқан адамдарды жинап алып, үлкен экраннан көрсетіледі. Сонда жұмыстың сапасын бағалауға болады.
Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойыиарман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстанда мультфильм саласына мән бергені жөн. Өкінішке орай, біздегі анимация жанры – қазіргі таңда өз шешімін таппай, кенжелеп қалған салаларымыздың бірі. Бірақ оны жандандыру кезек күттірмей мәселе. Өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені