ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОФИЗИКА, БИОМЕДИЦИНА ЖӘНЕ НЕЙРОҒЫЛЫМ КАФЕДРАСЫ
«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША №2 МОӨЖ /МӨЖ
Тақырыбы: Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
----------------------------------------------------------------------
Орындаған:
7М05102«Биомедиина» мамандығының
1 курс студенті
Салықбай Улдан
Тексерген:
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы
сяси ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы, 2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Абсолютті және салыстырмалы ақиқат
Өзара байланыстары
Айырмашылықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абсолютті және салыстырмалы ақиқат-танымның даму процесін бейнелейтін категория. Ол бұған дейін танылған және алда танылатын нәрселердің, сондай-ақ келешекте бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара сәйкестілігін көрсетеді. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады. Сонымен қатар салыстырмалы ақиқат абсолютті ақиқатты танудың құрамдас бөлігі . Егер салыстырмалы ақиқат ғылыми сипатта болса, оның құрамында ақиқаттың белгілері де болмақ. Яғни, абсолютті ақиқат салыстырпмалы ақиқаттың жиынтық көрінісі .
Салыстырмалы ақиқат болмыстың шартты, өзгермелі, уақытша, қайсыбір жағдайда тәуелді кезеңдік қырларын бейнелейтін болса да, ол әрбір құбылыстың мазмұн-мағынасын, құндылық қасиетін, сипаты мен қолданылу аясын ой елегінен өткізу, зерделеу, саралау барысында қалыптасып, қабылданады.
Салыстырмалы ақиқат таным-білімді болмыс шындығына жақындатып, тарихи жағдайларға үйлесімділікті арттырады, жалпыға ортақ идеяларды, абсолютті ақиқат мұраларды іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Ол өзгермелі дүниенің егжей-тегжейін саралай, іріктей, өмірге бейімдей отырып, абс. мәннің құрамдас бөліктерін жасақтайды. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да абсолютті және салыстырмалы ақиқат арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абсолютті ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұлама діндарлар пікірі бойынша абс. ақиқат табиғаттан тыс абсолютті күш, абсолютті рух. Жаңа дәуір философиясы абсолюттілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: абсолютті және салыстырмалы ақиқат тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абсолютті ақиқат құралады және көрініс табады.
Абсолютті ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат ғылыми таным-түсініктерді бұлжымайтын қағидаға айналдырудан сақтандырады, білімнің даму сабақтастығына жол ашады, зерде-зейінді әлемдік өзара байланыстарды тануға шоғырландырады. Ақиқат, ақиқаттылық — ол адамның объективті дүние туралы ғылыми əдістер арқылы зерттеуде жəне өмірдің басқа аймағының шеңберінде, нақтылықтың рухани меңгеру түрінде, танымдық жəне практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде пайда болған айқын белгі. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тəуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқаттың субъективті және объективті жақтары бар. Оның субъективтілігі оның адамда, оның санасында екенін және оның ашылу дәрежесі адамның даму деңгейіне байланысты екенін білдіреді. Ал объективтілік жағын айтатын болсақ, ақиқат санадан тәуелсіз өмір сүретін объективті объектілерге қатысты мазмұнды бекітеді.
Ақиқаттың түрлерін бірнеше классификациялық белгілер арқылы жіктейді: бейнелейтін (танымдық) объект бойынша; пəндік түрлер бойынша, объекті меңгеру дəрежесі бойынша т.б. Объектті толық меңгерудің деңгейлері бойынша ақиқаттың салыстырмалы және абсолютті деген түрлері болады. Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет бойынша, абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мұндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін.Догматизм қол жеткізілген барлық ақиқатты абсолютті және ол өзгеруге жатпайды деп санайды. Салыстырмалы ақиқаттың болуы мүмкін емес, не ақиқат болады не қате түсінік болады дейді.Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтаймыз. Яғни адам, табиғат және жалпы әлем туралы толық сенімді білім. Мұндай ақиқат фактілерді анықтайды. Алайда, абсолютті ақиқатты анықтау оңайға соқпайды, себебі адамның қоршаған орта жайлы, ғылым жайлы білімі көптеген жағдайларға байланысты. Айналамыздағы орта, қоғам да бір орында тұрмайды, ол әрқашан өзгеріп даму үстінде болады.Тағы да энциклопедияға көз жүгіртсек, салыстырмалы ақиқатқа келесідей анықтама аламыз: салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аяқталмағандығы, толық емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан әрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Салыстырмалы ақиқат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келеді, алайда ол толық емес акиқат. Абсолютті де, салыстырмалы ақиқат та объективті ақиқат. Объективтілік ақиқаттың сабақтастығының негізі болып табылады.
Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арасындағы айырмашылық ақиқаттың нақтылығы мен толықтығы дәрежесінде жатыр. Айтылып өткендей, ақиқат әрқашан нақты, ол әрқашан белгілі бір уақытқа, жерге және жағдайға байланысты. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат бір-бірінен ажырамайтын бірлікте болады. Бұл бірлік олардың объективті болуымен анықталады. Олардың арасындағы өзара әрекеттесу нақты танымдық процесті, оның бағытын және ең жалпы құрылымды сипаттайды. Абсолютті ақиқат салыстырмалыдан тұрады, бірақ ешқашан түпкілікті дами алмайды. Әрбір салыстырмалы шындықта абсолютті шындықтың бір бөлігі бар. Процесстегі толық емес шындықтан таным неғұрлым толық шындықты қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |