Ғасырдағы қазақ ағартушылардың саяси


Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет2/2
Дата28.02.2021
өлшемі0.97 Mb.
1   2
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы. Қазақ халқының аса 

көрнекті ағартушыларының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол 

жастайынан қазақ ақындарының өлең-жырлары мен шешендердің 

даналық сөздерін, данагөй билердің әңгімелерін тыңдап өсті. Болашақ 

ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі қонаққа келіп  тұрған 

декабристер де ықпал етті. Олар бәрін  білуге құмар жас баланың 

бойындағы ғылымға, әдебиет пен өнерге, батыс демократиялық 

құндылықтарына деген құштарлықты күшейте түсті. Шоқан жастайынан 

халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне  ерекше ден қойды. Ол Омбы кадет 

корпусындағы алғашқы жылдан бастап шығыс тілдері саласындағы 

білімін  елеулі түрде тереңдете түсті, қосымша ғылыми және көркем 

әдебиеттерді көп оқыды.

Шоқан кадет корпусында белгілі  ғалым, саяси-қоғам қайраткері Г.Н. 



Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Аса көрнекті орыс және шетел 

ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. 

Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор 

сүйіспеншілікпен  қызыға оқыды. Омбыда болған жылдары ол орыс зиялы 

қауымының прогрессивті өкілдерімен  танысып, жақын араласты



z

Кіші жүздегі сайлау жүйесінің болмауын елеулі кемшілік ретінде көріп, 



жаңа басқару тәртібіне де қарсы шықты: «Орынбор дала басқармасының

негізгі кемшілігі,  ол орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, 

шегара бастықтарының қалауымен тағайындауында». Ол реформаның

прогрестік заңдылыққа сүйеніп, халықтың әлеуметтік жағдайын

жақсартуға бағытталуын қолдады. Мысалы, «Сот реформасы туралы

жазбалар» мақаласында: «Реформа оңтайлы, яғни қоғамдық организм 

жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп

жасалғанда ғана ұтымды болады», – деп жазады. Сонымен қатар патша

өкіметі жүргізіп отырған сот реформасының халыққа жат сипатын ашық

айтты: «Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне зорлықпен, 

ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп

келді». Ғалым дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, 

зияткерлік әлеуетітуралы айтып, халықтың жарқын болашағына кәміл

сенді: «Ресей империясының құрамына еніп отырған барлық

бұратаналардың ішінде халқы санының көптігінен,  байлығы жөнінен біз

бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де бізге – қазақтардың

үлесіне тиеді».



z

Ы. Алтынсарин патша үкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын



жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Ол отаршыл билікті сынға алып, 

халық ағарту ісіндегі Ресейдің өркениеттік саясатының шынайы мақсатын

жете түсінді. Далалықтардың материалдық жағдайын жақсартуды

көздеген Ыбырай алғашқылардың бірі болып, өз халқының тілдік және

мәдени-рухани мұраларын қорғайтын озық идеяларын ұсынды. Ыбырай

тұтас халықтың тұрмысын, олардың өмір сүру болмысын табиғи

жағдайлармен санаспай, мәжбүрлі түрде өзгерту «ең қабілеттідеген

ұлттың өзін тоқырауға ұшыратуы мүмкін» деп, патша өкіметінің өзге

халықтарға зиянын көре білді.

Қазақ даласы негізгі аймағының егіншілікпен айналысуға тиімсіздігін



ескере отырып, халық ағартушысы малшаруашылығын дамытуға

қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді. Ол отырықшылыққа күштеп

көшуге үзілді-кесілді қарсы шығып, эволюциялық жолды таңдады. 

Жергілікті халыққа тонаушылық пен апат әкелген отаршылдық

қоныстандыру саясатын әшкерледі. Ы. Алтынсарин қазақ соты ісіндегі

адалдық және әділеттілікті жоғалтып бара жатқан билерді қатты сынға

алды.



z

1869 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс



жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Уезд бастығының аға

көмекшісі және уақытша уездік сот міндеттерін қатар атқарды. 

Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз

халқының мүддесі мен қажетін жақсы білді. Болыс

басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып

жүрді. Сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен 

қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. 

Оның әрекетін жақтырмаған байлар үстінен облыстық

басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер

министрлігіне шағым жасады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы

және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен 

беделінің арқасында ақталып шықты.




z

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының аса 



көрнекті ойшылы, ағартушысы, ұлы ақыны

және қазақ жазба әдебиетінің негізін

қалаушы, қоғам қайраткері.

Ақынның жастық шағы патша үкіметінің



Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери

күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-

тұс келді. Ол патша үкіметінің округтік

приказдардағы жағдайының барған сайын

нығая түскенін, ХІХ ғасырдың 60–90-

жылдарында әкімшілік реформаларының

енгізілгенін өз көзімен көрді. Аз уақыт

болыс болған кезінде кез келген істі әділ

және адал шешуге талпынды. Сол үшін

қатардағы қарапайым халықтың үлкен сый-

құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі

проблемаларын мұндай тәсілмен шешуге

болмайтынына бірте-бірте көз жеткізе

бастайды. Сондықтан да ол қазақтарды

білім мен ғылымды меңгеруге шақырды.



z

Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейлене



бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, 

жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі еді. 

Ол өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң

байларды сынады. Парақор билеушілерді,  кейбір әділетсіз билерді

әшкерелеп отырды.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды.  Өзінің кейбір



замандастарының бойындағы жаман мінездерді – жалқаулықты, 

білімсіздікті,  көрсеқызарлықты,  надандықты әшкереледі.  Кедейшіліктен

құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-

саттықты үйренуде екенін айтты. Ол былай деп жазады:«Бай болғың

келсе – өнер үйрен. Егер де мал керек болса,  қолөнер үйренбек керек. 

Мал жұтайды, өнер жұтамайды».




z

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты адал, ақылды, әділ болуға үндеді. Әркімді



өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа

шақырды: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі

құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де 

береді, құр тастамайды».

Замандастары Абайды елдің қамын ойлаған, әділ би деп білді. Оны Қарқаралы, 



Өскемен, Зайсан т.б. алыс уездерден іздеп келетін. Би-болыстардың ардан, ұяттан

безіп, елін сатып, халықты екі жақтап тонап жатқанын әшкерелейді: «Болыс пен биді

құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, 

жалынып, бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ». Ол қазақ қоғамына үлкен зиян

келтірген жала жабуды, өтірік айтуды айыптады: «Елдегі жақсы адамдардың бәрінің

үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі қылмыстық іс көрсетіп, арыз

береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Бағанағы жақсы адамның сайлауға



z

Абайға қарсы қастандық жасалады. Үстінен айыптау 



арыздар жолданып, тіпті жала да жабылды. Патша 

әкімшілігі Абайдың ізіне түсіп, Семей полицмейстері 

ақынның үйінде тінту жасайды. Ұлы ақынды «ақ 

патшаның жауы», «бүлікшіл», «ата-бабалардың әдет-

ғұрпын, салт-жоралғысын бұзушы» деп кінәлады.

Абайдың белсенді ұстанымы отандастарының өмірін 



жақсартуда маңызды рөл атқарды. Ол елінің амандығы, 

қуаты мен гүлденуін ойлады. 2020 жылы елімізде ұлы 

Абайдың 175 жылдық мерей-тойы аталып өтті.



z

z

Назарларыңызға 



Рақмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...