Фармакология



Дата09.06.2022
өлшемі29.8 Kb.
#267392
Байланысты:
2 сож
в

Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ Гален, Әбу Әли ибн Сина, Парацельсеңбектерінде де айтылған. Арабия, Қытай, Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған. 

  • Фармакологияның дамуына:

  • О.Шмидеберг

  • Г.Мейер

  • В.Штрауб

  • А.Кларк (Ұлыбритания)

  • К.Гейманс (Бельгия)

  • П.Тренделенбург

  • К.Шмидт (Германия)

  • А.Кешни

  • Д.Бове (Франция)

  • О.Леви (Австрия)

Фармокологияның қарқынды дамуының нәтижесінде әр түрлі жаңа препараттар, дәрі-дәрмектердің алынуы медицина салаларының дамуы мен қауіпті ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік берді. Мысалы, наркозға арналған жергілікті жансыздандыратын (кураре тәрізді, ганглио бөгегіштер, т.б.) дәрілердің пайда болуы әр түрлі ауыр хирург. операциялар жасауға жол ашты. Антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілік заттар бактериялық инфекцияларды, гормондықзаттардың бөлініп алынуы эндокриндік ауруларды, химия-терапиялық дәрілік зат — сальварсан мерезді, т.б. қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік берді. Ал қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5 альфа редуктаза тежегіші жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромына шалдыққан ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың ашылуы нәтижесінде пайда болды. Иммунды депрессивті дәрілік препараттардыңтабылуы органдарды ауыстыруға жол ашты. Фармакология фармацевтік химия (дәрілік заттардың химия құрамы мен химия қасиетін зерттейді) және фармакогнозия (өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізатты зерттейді), сондай-ақ токсикологиямен өте тығыз байланыста дамиды. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер, минерал және малдан алынатын заттар әр түрлі ауруларды емдеу мақсатында ежелден қолданылып келеді. Қазақтар, ертеден дәрілік өсімдіктердің 200-ден аса түрін және олардың фармаколиялық әсерін білген, қымыз бен шұбатты (қ. Қымызбен емдеу) шипалы сусын ретінде пайдаланған. Фармакология саласындағы оқу және ғылым орт. (Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында Фармакология, фармацевтика және фармакогнозия кафедралары ашылды (1932). 1960 ж. ҚР ғылым академиясының Физиология ин-тында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы ин-ты) Фармакология лабораториясы ашылды. Қазір Фармакологиялық зерттеулер Алматыдәрігерлер білімін жетілдіру институтында, республикадағы барлық медициналық жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Соңғы 10 жылда жаңа технологияны қолдана отырып, өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік заттар туберкулез, қатерлі ісік және қатерсіз ісік ауруларын емдеуде және клиник. Фармакологияның дамуына ықпалын тигізді. Қазақстан ғалымдарының ізденістері нәтижесінде жаңа дәрілік заттар: арглабин; цитопротекторлар: алхидин, рувимин, салсокалин, т.б. алынып, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ клиникалық тәжірибенің жаңа бағыты — эпидемиол. Фамакология, экономикалық Фармакологияның көп спектрлі формулярлы жүйесі енгізілді. ҚазақстанФармакологиясы саласында Р.С. Көзденбаева, Т.А. Арыстанова, медициналық ғылыми докторлары, профессорлар Қ.Д. Рахимов, М.Н. Мусин, Д.Д. Мұхамбетов, т.б. ғалымдар еңбек етуде.[1][2]
ДереккөздерӨңдеу

  1. ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

  2. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

У - аз мөлшерде болғанымен, ағзаға түскен жағдайында, улану немесе өлімтуындататын зат.[1]

«Сүйекпен сүйегінің» белгісі әдетте улы заттарды белгілеу үшін қолданылады
У – дене салмағына шаққанда өте аз мөлшерде әсер етсе де, организмнің тіршілік әрекетінің бұзылуына улануға, түрлі ауруларға және патологиялық жағдайларға, сонымен бірге өлімге әкеліп соғатын зат. Өндірісте уларды токсиканттар деп атайды. Шығу тегі билогиялық уларды токсиндер деп атайды. Улар мен олардың әсер ету әрееттерін токсиндік әрекет токсикологиязерттейді. Шығу тегі биологиялқ уларды токсинология зерттейді токсикологияның бір тарауы ретінде қарастырылады.
Тағы қараңыз
ДереккөздерӨңдеу

  1. ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы