Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет14/36
Дата02.01.2022
өлшемі493 Kb.
#147553
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
175937
Әдебиеттер тізімі: (1, 3, 4, 6)
7 Тақырып. Батпақтардың пайда болуы және типтері

Жоспар:

  1. Батпақ ұғымы мен олардың пайда болуы.

  2. Батпақтардың таралуы заңдылықтары

  3. Батпақтардың таралу аумақтары

  4. Батпақтардың түрлері

  5. Батпақтардың гидрологиялық сипаттамалары

Батпақ — ылғал шамадан тыс жиналып, шымтезек түзілу процесі жүріп жатқан жерлер. Батпақ жер беті сулары ойыстарда, шұңқырларда, сондай-ақ, жер бетіне жақын орналасқан су өткізбейтін қабаттардаіркіліп жиналғанда немесе жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал сүйгіш өсімдіктер өскенде пайда болады. Қазақстан жерінде ауқымды Батпақтар жоқ, өйткені республика жері, негізінен, құрғақ — сулану аз да, булану мол. Дегенмен, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға, тіпті кей алқаптарда адамның тікелей әрекетіне байланысты Қазақстанда Батпақтың өзен-көл жағалауындағы Батпақ, сор Батпақ,тақырлық Батпақ, саздық Батпақ, техногендік Батпақ, т.б. түрлері кездеседі. Өзен-көл жағалауларындағы Батпақ тұщы су әрі күн сәулесі жеткілікті аймақтарда орын алатындықтан, мұндай жерлерде қамыс, қоға қалың өседі. Сор Батпақ — республиканың оңтүстігіндегі шөл және шөлейт белдемдердің ойпаң жерлерінде, көлдердің жағалауларында, ал кейбір жылдары, тіпті, сол көлдердің табандарында да кездеседі. Мұнда кейбір сораң шөптерден басқа өсімдік өспейді. Тақырлық Батпақ — шөлді аймақтардың ойпаттау жерлеріндегі тақырда кездеседі. Саздық Батпақ — Қазақстанның оңтүстік мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтар етегіндегі бұлақтар төңірегінде түзіледі. Техногендік Батпақ — кең ауқымды су құрылыстары жүргізілген аймақтарда (бөген салу, канал қазу, күріш суару алқаптары, т.б.) пайда болады. Мысалы, Қапшағай бөгені салынғаннан кейін, оның жағалауындағы жер асты суының деңгейі көтеріліп, 200 мың га жер батпаққа айналды, сөйтіп ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалды.

Батпақ - жер бетінің шамадан тыс ылғалданған бөлігі. Олардың беткі қабаттарында құраған өсімдіктердің толық ыдырамаған, кейін шымтезекке айналатын қалдықтары жиналады. Б. үстінде мол ылғал мен ағыссыз жағдайға бейімделғен өсімдіктер ғана өседі. Қалындығы 0,3 м-ден кем болмайтын, минералды таужыныстардың бетіне шөккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан (шымтезек) тұрады. Ылғал шымтезек қабаттың калындығы 30 см болса — батпақ, ал 30 смден аз болса — батпактанған жер деп аталады. Қоректену сипатына, жер бедеріне байланысты, орналасу жағдайына және негізгі өсімдік кұрамына карай Б. басты-басты үш экологиялык түрге бөлінеді: эвтрофты (ойпаңдық), олиготрофты (беткейлік) жәнемезотрофты (өтпелі). Б. негізінен көлдердің шарасын өсімдік басу немесе құрлықтың батпақтануы (орман, шабындық өртендері) жолымен қалыптасады. Өсімдіктердің басымдылығына қарай — орманды, бұталы, шөптесін, мүкті Б.; микробедерге байланысты — төбешікті, жайпақ, шығыңқы (дөңбек) және т.б. Б.; макробедеріне қарай — аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктык Б. болып жіктеледі. Қазақстанда батпактар көбінесе солтүстікте, Батыс Сібір ойпатында кеңінен тараған. Әлемдегі батпақтардың жалпы көлемі 2682 мың шаршы км, яғни құрлық аумағының 2,1%-ын алып жатыр



Батпақ (Болото) — құрлықтың (орманды, шалғынды жерлердің, кесілген және өртенген орман орындарының) батпақтануы немесе суқоймаларды шоп басуынан пайда болған, жылдың көп бөлігінде ылғалдылығы тоқыраған, мол немесе баяу азаятын құрлық бөлігі. Сулық-минералдық қоректену жағдайларына байланысты ойпаңдық — евтрофтык батпақ, өтпелі — мезотрофтық батпақ, қалқыма — олиготрофтық батпақ деп бөлінеді. Љсімдіктерінің басым типтері бойынша: орманды, бұталы, шымтезекті, мүкті; макробедері бойынша: төбелі, жайпақ, ойпаң және тағы да басқалары; макробедері бойынша: аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктық деп ажыратады. Батпақтануға су өткізбейтін қабатгың болуы әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған