Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата10.09.2017
өлшемі287.5 Kb.
#20109

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

MPGE 3303 География және экологияны оқыту әдістемесі



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»_____________20 ж.

Құрастырушы: п.ғ.к., доцент Есимова Д.Д._______________
География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
MPGE 3303 География және экологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша
5В060900–География мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


«___» ________20 ж. Хаттама № _______
ОӘК төрайымы_______________ Каниболоцкая Ю.М. «___» __________ 20 ж.


1. Оқу пәнінің паспорты
Әлемнің туристік-экскурсиялық нысандары
География және экологияны оқыту әдістемесі

Пән таңдау бойынша компонент



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 30 сағат

Дәріс - 15 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары - 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 15 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 120 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер: география, биология, педагогика, экология және тұрақты даму.

Постреквизиттер: Қазақстанның физикалық географиясы, Геосаясат, ТМД экономикалық географиясы, ТМД физикалық географиясы.

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


п.ғ.к, доцент

Есимова Динара Даутовна


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты - География және экологияны оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылымның бір саласы. Оның зерттейтін басты мәселесі - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа физикалық және экономикалық географияның негізін геология, экономика, демография сияқты кейбір жақын ғылымдардың элементтерімен араластыра беру болып табылады. Студенттердің әдістемелік дайындығы, олардың теориялық білімдерді қабылдауы, мұғалімнің болашақтағы жұмысына қажетті іс-тәжірибелік икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Студенттер осы оқу нәтижесінде білім беру әдістемесінің даму ерекшелігін, география білімнің мазмұны мен құрылымын, географияны оқытудың әдістері мен жолдарын, сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен маңызын меңгере отырып, алған білімдері мен шеберліктерін географияны оқытудағы жаңа технологияны іс жүзінде қолдана отырып, пайдалана білулері керек.



  1. Пәнді оқытудың міндеттері:

  2. - білім берудің мақсатын (не үшін оқыту керек?), орта мектептердегі география пәнінің мазмұнын (нені оқыту керек), білім берудің әдісі мен формасының ұйымдастырылуын (қалай оқыту керек), география пәнін оқыту құралдарын (ненің көмегімен оқыту керек):

  3. - география оқыту барысында оқушылардың білімді қабылдау, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиенің арасындағы бірлікке жетудің жолдары мен байланысын зерттеу:

  4. - география және экологияны оқытудың түрлері мен принциптерін оқу және тәрбие процесінде қолданылуы;

  5. - тақырыптық жоспарлардың алғашқы дағдыларын алу, жергілікті жерде табиғатта географияны және экологияны оқыту жұмыстарын, сонымен қатар әр түрлі жұмыстарын, сонымен қатар әр түрлі сабақтарды өткізудің әдістемесін құру;

  6. - студенттерді шығармашылық ізденуге бағыттау, оқытудың жаңа тәсілдерін әдістемелік зерттеулерге үйрету.

  7. .

4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

- мектептік география және экология курсын;

- география және экология облысының танымдық үрдісінің тарихын;

- география және экологияны оқытудың әдістемелік құрылымын;

- география және экологияны зерттеу әдістемесі.



Студент істей білу керек:

- практикада теориялық білімдерді қолдану;

- әдістемелік құжаттарға талдау жасау;

- география және экологиялық көрнекті құралдарды өңдеу;

- география және экология сабағында пән аралық байланыстарды пайдалану;



- оқушылармен бірге тәрбие жұмысында психологиялық сұрақтарға бағыт алу.

5. Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша ауд. сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы

с.і. СОӨЖ

1

Кіріспе.

1

1

5

1

2

Мектептегі географияны және экологияны оқыту мақсаттары.

2

2

5

2

3

География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері.

2

2

5

2

4

География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы.

2

2

5

2

5

География және экология пәнін оқытудағы көрнекі және техникалық құралдар.

1

1

5

1

6

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары.

1

1

5

1

7

География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар

1

1

10

1

8

Құрлықтар және мұхиттар географиясын оқытудың негізгі әдістемелері.

1

1

10

1

9

Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері.

1

1

10

1

10

Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері.

1

1

10

1

11

Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелері.

1

1

10

1

12

География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы.

1

1

10

1




БАРЛЫҒЫ:

15

15

90

15




Пән бойынша барлығы

120

6. Дәріс сабақтарының мазмұны – 15 сағат


1 Тақырып Кіріспе.

Жоспар

1. Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі.



Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі. География және экологияны оқыту әдістемесінің проблемалары. Ғылымның басқа географиялық және экологиялық ғылымдармен, дидактикамен, психологиямен байланысы.



  1. Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
2 Тақырып Мектептегі географияны және экологияны оқыту мақсаттары.

Жоспар

  1. Мектептегі географияны оқыту мақсаттары.

  2. Мектептегі экологияны оқыту мақсаттарын нақтылап, анықтау.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

География және экологияны оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылымның бір саласы. Оның зерттейтін басты мәселесі - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа физикалық және экономикалық географияның негізін геология, экономика, демография сияқты кейбір жақын ғылымдардың элементтерімен араластыра беру болып табылады.



Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
3 Тақырып География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері.

Жоспар

  1. География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін анықтап, қарастыру.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

География және экологияны оқыту әдістемесінің сипаттамасы және жүйеленуі: сүреттеп-түсіндіру, репродуктивті, мәселені мазмұндау, бөлшекті-ізденіс, зерттеу.



Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс

4 Тақырып География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы.

Жоспар

  1. География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуын қарастыру.


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

География және экология мамандықтарында оқитын студенттердің бойында кәсіптік пәндерді оқу барысында қалыптасатын білімдер біліктіліктер.


Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс

5 Тақырып География және экология пәнін оқытудағы көрнекі және техникалық құралдар.

Жоспар

  1. География және экология пәнін оқытудағы көрнекі және техникалық құралдардың түрлері. Оларды қолдану жолдары мен талаптары.


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

География және экология пәндерін оқытудап қолданылатын карта, сызбалы көрнекілік әдістер.



Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
6 Тақырып Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары.

Жоспар

  1. География және экология пәндерін оқытуда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формаларының түрлері

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

География және экология пәндерін оқытуда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формаларының түрлері. Көрнекі құрал жабдықтарды; техникалық, сызбалы көрнекілік әдістерді, карта, глобус т.б. пайдалану.



Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
7 Тақырып География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар

Жоспар

  1. География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар жүргізу түрлері мен оларды тиімді қолдану

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

География пэнінен өткізілетін сыныптан тыс жүмыстар оцушылардыц білімі мен тэрбиесіне эсер ететіндіктен оку-тәрбие жүмысының бір бөлігі болып табылады.География оку пәні ретінде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілігі бар, себебі,оның мазмұны адамдардың шаруашылық еңбегімен, елдегі болып жатқан жагдайлармен,қоршаган ортамен тығыз байланысты. Оқушыларды сабақ үстінде шешімін табу мүмкін болмаған географиялық проблемалар қызықтырады.Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру,туған ел табиғатының байлығы мен сырларын тануга көмектесу, әлемдегі және өз елі халықтарының өмірі жайлы ақпараттар беру,балалардың ойы мен сезіміне нәр беру-географиядан сыныптан тыс жүмыстардың басты мақсаты.



Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
8 Тақырып Құрлықтар және мұхиттар географиясын оқытудың негізгі әдістемелері.

Жоспар

1. Құрлықтар және мұхиттар географиясын оқытудың негізгі әдістемелері туралы



Тақырыптың қысқаша мазмұны:

«Жер табиғатының негізгі ерекшеліктері», «Құрлықтар мен мұхиттар табиғатының алуантүрлілігі» бөлімдері негізгі болып табылады. Құрлықтар мен мұхиттарды тізбектей оқыту, оның педагогикалық негіздері. Әрбір құрлық пен мұхитты оқып үйренудің типтік кестесі. Құрлықтар мен мұхиттар курсында біліктілікті және дағдыларды дамыту.



Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
9 Тақырып Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері.

Жоспар

1. Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері туралы



Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Курсты оқыту барысында Жердің қабықты құрылысы туралы ойдың көрінісі. Жалпы және бірлікті түсініктердің қатынасы. Әрбір сфералардың сипаттамасы: құрамы, вертикаль бойынша көлемі, даму процесстері мен қасиеттері. Курстың өлкетану негіздері. Оқытудың экологиялыұ келістерініғ іске асуы.



Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс
10 Тақырып Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері.

Жоспар

1. Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелерімен танысу.



Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Әлемнің жалпы экономикалық-әлеуметтік географиясына сипаттама. Қазақстанның әлемдік экономиак мен адамзаттың ғаламдық мәселелерінде алатын орны мен маңызы. Әлемнің саяси картасы, әлемдік табиғи ресурстар, әлем халықтары, әлемдік шаруашылық, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық типтегі елдер шаруашылығы туралы жалпы түсініктер жүйесі.

«Әлемнің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы» бөлімін оқыту әдістемесі. Үш әлеуметтік-экономикалық типтегі елдерге сипаттама беруге арналған бөлімдер.

Елдің экономимкалық-географиялық сипаттамасын оқыту типтік кестесі. Қытай, АҚШ, Жапония, Үнді елдерін оқытудың ерекшеліктері.



Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс.
11 Тақырып Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелері.

Жоспар

1. Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелерімен танысу.



Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Әлемнің негізгі елдерінің экономикалық-әлеуметтік географиясына сипаттама. Әлемнің саяси картасы, әлемдік табиғи ресурстар, әлем халықтары, әлемдік шаруашылық, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық типтегі елдер шаруашылығы туралы жалпы түсініктер жүйесі.

«Әлемнің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы» бөлімін оқыту әдістемесі. Үш әлеуметтік-экономикалық типтегі елдерге сипаттама беруге арналған бөлімдер.

Елдің экономимкалық-географиялық сипаттамасын оқыту типтік кестесі. Қытай, АҚШ, Жапония, Үнді елдерін оқытудың ерекшеліктері.



Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

Мультимедиялық сүйемелдеу: - презентациялық дәріс.
12 Тақырып География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы.

Жоспар

  1. География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша оқу экскурсиялары.

  2. Экология пәні бойынша оқу экскурсиялары..

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Экскурсия – оқытудың өлкетану, экологиялық, политехникалық, экономикалық келістерін іске асыру түрлерінің бірі. Оқушыларды географиялық ғылымның зерттеу әдістері, тәрбие ісі, және танымдық қасиеттерін дамутыдағы бірден-бір жолы. Оқушыларды еңбекпен тәрбиелеудегі орны. Физикалық география пәні бойынша экскурсия жүйесі. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқып үйренуде өндірістік орындарға экскурсия, оның мақсаттары, мазмұны және тәжірибелік мәні.



Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 15 сағат


1 Тақырып Кіріспе (1 сағат)

Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі.



Жоспар:

  1. Пәндер туралы ұғым.

  2. География және экология ғылымдарының уақыт кеңістіктегі біртұтастығы.

  3. Мектеп бағдарламасындағы география және экология пәндерінің алатын орны.

  4. Қазіргі кездегі экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.

«Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесіне сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер көздері, интернет мәліметтерін пайдалану.

Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.
2 Тақырып Мектептегі география және экология білімінің құрылымы мен мазмұны (2 сағат)

География және экологияны оқыту құрылымы. Мектептегі география және экология пәнінің мазмұны. Мектеп бағдарламасының сипаттамасы



Жоспар:

  1. География және экологияны оқыту құрылымы.

  2. Мектептегі география және экология пәнінің мазмұны.

  3. Мектеп бағдарламасының сипаттамасы

Тапсырмалар:

  1. Геогравия мен экология оқу құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?

  2. Әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылар жеке территориялардың табиғатын сипаттауға қалай дайындалады?

  3. География пәнін оқытуда қандай әдістерді қолдананды

  4. Мектеп бағдарламасының сипаттамасын беріңіз

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарына арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.
3 Тақырып География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері. (2 сағат)

Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарын құрастыру. (ЛКТ) Мектеп бағдарламасына талдау жасау. Түсіндірме-иллюстрациялық, репродуктивті, мәселелік, зерттеу әдістері, Мәселелі оқытуды ұйымдастыру, Кейс-стади әдістерін қолдану жолдары.



Жоспар:

  1. Түсіндірме-иллюстрациялық, репродуктивті, мәселелік, зерттеу әдістері

  2. Мәселелі оқытуды ұйымдастыру

  3. Кейс-стади әдістерін қолдану жолдары.

Тапсырмалар:

  1. Әдістер түрлері мен оларға сипаттама беріңіз

  2. Орта буын сыныптарында географияны оқытуда қандай әдістерді қолдану тиімді?

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарына арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

4 Тақырып География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы. (2 сағат)

Сабақ түрлерін жіктеп көрсету, суреттеу, репродуктивті, проблемалық сипаттама, дәстүрлі сабақтар.


Жоспар:

  1. Сабақ түрлерін жіктеу және пәндерді оқыту барысында қалыптасатын біліктіліктер мен білімдерді сипаттау

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Қалыптасатын білімдер мен біліктіліктердің сызбасын салу.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Құраст.: Қ. Т. Сапаров, М. Есмагзам География мамандықтары бойынша оқитын студенттердiң педагогикалық практиканы өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар: методические указания, Қазақ университеті, 2006 ж. – 16 б.

5 Тақырып География және экология пәнін оқытудағы көрнекілік құралдар. (1 сағат)


Географиялық карта, сызбалы-көрнекілік әдістер, техникалық құрал жабдықтармен жұмыс.

Жоспар:

  1. Географиялық картамен жұмыс жасау

  2. Сызбалы-көрнекілік әдістерді жіктеу

  3. Техникалық құрал жабдықтармен жұмыс.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Көрнекілік құралдардың әрқайсысына сипаттама беру

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Құраст.: Қ. Т. Сапаров, М. Есмагзам География мамандықтары бойынша оқитын студенттердiң педагогикалық практиканы өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар: методические указания, Қазақ университеті, 2006 ж. – 16 б.
6 Тақырып Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары. (1 сағат)

Көрнекі құрал жабдықтарды; техникалық, сызбалы көрнекілік әдістерді, карта, глобус т.б. пайдалану.



Жоспар:

    1. Оқу-тәрбие жұмыстарының түрлері.

    2. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп презентация жасау

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, суреттерімен презентация жасап, қорғау. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Құраст.: Қ. Т. Сапаров, М. Есмагзам География мамандықтары бойынша оқитын студенттердiң педагогикалық практиканы өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар: методические указания, Қазақ университеті, 2006 ж. – 16 б.
7 Тақырып География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар. (1 сағат)

Лекция, конференция, бақылау, экскурсия, үйірме, географиялық кешен, апталық, секция сабақтары, географиялық алаң.



Жоспар:

  1. Сыныптан тыс жұмыстар түрлерімен танысу.

  2. Сыныптан тыс жұмыстар түрлеріне кесте жасау .

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Сынптан тыс жұмыстар түрлеріне презентация жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Құраст.: Қ. Т. Сапаров, М. Есмагзам География мамандықтары бойынша оқитын студенттердiң педагогикалық практиканы өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар: методические указания, Қазақ университеті, 2006 ж. – 16 б.
8 Тақырып. Құрлықтар және мұхиттар географияны оқытудың негізгі әдістемесі (1 сағат)

Іс-тәжірибелік жұмыстар өткізу шаралары. Құрлық географиясын оқыту мақсаты. Курстың оқыту мақсаты мен құрылымы. Логикалық тірек конспектісін құрастыру. Жалпы зандылықтарды зерттеу.



Жоспар:

  1. Құрлықтар және мұхиттар географияны оқытудың негізгі әдістемесін талқылап, сипаттау.

Іс-тәжірибелік жұмыстар өткізу шаралары.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Құраст.: Қ. Т. Сапаров, М. Есмагзам География мамандықтары бойынша оқитын студенттердiң педагогикалық практиканы өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар: методические указания, Қазақ университеті, 2006 ж. – 16 б.
9 Тақырып Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері. (1 сағат)

Жоспар

1. Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері туралы



Тапсырмалар:

  1. Курсты оқыту барысында Жердің қабықты құрылысы туралы ойдың көрінісі.

  2. Жалпы және бірлікті түсініктердің қатынасы.

  3. Әрбір сфералардың сипаттамасы: құрамы, вертикаль бойынша көлемі, даму процесстері мен қасиеттері.

  4. Курстың өлкетану негіздері. Оқытудың экологиялыұ келістерініғ іске асуы.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары: география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.
10 Тақырып Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері. (1 сағат)

Жоспар

1. Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелерімен танысу.



Тапсырмалар:

  1. Әлемнің жалпы экономикалық-әлеуметтік географиясына сипаттама.

  2. Қазақстанның әлемдік экономиак мен адамзаттың ғаламдық мәселелерінде алатын орны мен маңызы.

  3. Әлемнің саяси картасы, әлемдік табиғи ресурстар, әлем халықтары, әлемдік шаруашылық, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық типтегі елдер шаруашылығы туралы жалпы түсініктер жүйесі.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

11 Тақырып Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелері. (1 сағат)

Жоспар

1. Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелерімен танысу.



Тапсырмалар:

  1. Әлемнің негізгі елдерінің экономикалық-әлеуметтік географиясына сипаттама.

  2. Әлемнің саяси картасы, әлемдік табиғи ресурстар, әлем халықтары, әлемдік шаруашылық, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық типтегі елдер шаруашылығы туралы жалпы түсініктер жүйесі.

  3. «Әлемнің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы» бөлімін оқыту әдістемесі. Үш әлеуметтік-экономикалық типтегі елдерге сипаттама беруге арналған бөлімдер

  4. Елдің экономимкалық-географиялық сипаттамасын оқыту типтік кестесі. Қытай, АҚШ, Жапония, Үнді елдерін оқытудың ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

12 Тақырып География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. (1 сағат)

Жоспар

  1. География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша оқу экскурсиялары.

  2. Экология пәні бойынша оқу экскурсиялары..

Тапсырмалар:

  1. Экскурсия – оқытудың өлкетану, экологиялық, политехникалық, экономикалық келістерін іске асыру түрлерінің бірі.

  2. Оқушыларды географиялық ғылымның зерттеу әдістері, тәрбие ісі, және танымдық қасиеттерін дамутыдағы бірден-бір жолы.

  3. Оқушыларды еңбекпен тәрбиелеудегі орны. Физикалық география пәні бойынша экскурсия жүйесі.

  4. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқып үйренуде өндірістік орындарға экскурсия, оның мақсаттары, мазмұны және тәжірибелік мәні.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер: Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.


8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

1, 2 Тақырып Кіріспе, Мектептегі география және экология білімінің құрылымы мен мазмұны

Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырма: Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі. География және экологияны оқыту құрылымы. Мектептегі география және экология пәнінің мазмұны. Мектеп бағдарламасының сипаттамасы тақырыптарына баяндама әзірлеу

Әдебиеттер:

Негізгі

Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.



Қосымша

Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.



3, 4 Тақырып География және экология пәндерін оқыту әдістері мен тәсілдері. География және экологиялық білімдер мен біліктердің қалыптасуы.


Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырма: Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарын құрастыру. (ЛКТ) Мектеп бағдарламасына талдау жасау. Түсіндірме-иллюстрациялық, репродуктивті, мәселелік, зерттеу әдістері, Мәселелі оқытуды ұйымдастыру, Кейс-стади әдістерін қолдану жолдары.

Әдебиеттер:

Негізгі

Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.



Қосымша

Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.



5,6 Тақырып География және экология пәнін оқытудағы көрнекілік құралдар. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.


Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырма: Географиялық карта, сызбалы-көрнекілік әдістер, техникалық құрал жабдықтармен жұмыс. Көрнекі құрал жабдықтарды; техникалық, сызбалы көрнекілік әдістерді, карта, глобус т.б. пайдалану бойынша презентациялық материалдар даярлау.

Әдебиеттер:

Негізгі

Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.



Қосымша

Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.


7,8 Тақырып География және экология сабағында сыныптан тыс жұмыстар. Құрлықтар және мұхиттар географияны оқытудың негізгі әдістемесі

Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырма: Лекция, конференция, бақылау, экскурсия, үйірме, географиялық кешен, апталық, секция сабақтары, географиялық алаң түрлерін қолдану бойынша эссе жазу.
9,10 Тақырып Физикалық географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері.

Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырма: Экономикалық-әлеуметтік географияны оқытудың негізгі әдістемелері. Экология және табиғаттану оқытудың негізгі әдістемелері жөнінде баяндама жасау.

Әдебиеттер:

Негізгі

Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.



Қосымша

Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.


11,12 Тақырып Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелері. География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы.

Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырма: 1. Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелерімен танысу. География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша оқу экскурсиялары туралы жоба жасау.

Әдебиеттер:

Негізгі

Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.



Қосымша

Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.



9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес
















12.35

13.25


4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Баяндама жасау

Ғылым ретіндегі география және экологияны оқыту әдістемесі. География және экологияны оқыту құрылымы. Мектептегі география және экология пәнінің мазмұны. Мектеп бағдарламасының сипаттамасы




1 жұма



3-ші жұма

2

Презентациялар даярлау

Географиялық карта, сызбалы-көрнекілік әдістер, техникалық құрал жабдықтармен жұмыс. Көрнекі құрал жабдықтарды; техникалық, сызбалы көрнекілік әдістерді, карта, глобус т.б. пайдалану




1 жұма




5-ші жұма

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып










8-ші жұма

4

Эссе жазу

Лекция, конференция, бақылау, экскурсия, үйірме, географиялық кешен, апталық, секция сабақтары, географиялық алаң түрлері




2 жұма




9-шы жұма

5

Жоба даярлау

Шет елдер экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудың негізгі әдістемелерімен танысу. География және экология пәндері бойынша факультатив сабағы. География пәні бойынша оқу экскурсиялары туралы




2 жұма




14-ші жұма

6

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар










15-ші жұма

Ескерту:

1. Баяндама, презентациялар СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқыту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады. Жіберу рейтингі ағымдағы орындалған тапсырмаларының (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, өзіндік жұмыстарға тапсырманы орындау, қорытынды бағалау).

Қорытынды бағалауға оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған, жіберу рейтингі 50 баллдан төмен емес студенттер жіберіледі.

Қорытынды бағаны жіберу рейтингі, қорытынды бағалаудан оң бағалары бар студенттердің бағаларының орташа мәнінен алады. Қорытынды бағалауға келмеген студенттерге «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Қорытынды баға 0 ден 100%-ге дейінгі пайызбен есептеледі.

Пән бойынша студенттердің білімдері, дағдылары мен компетенциялары көпбаллды әріптік жүйемен бағаланады:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Қалыпты жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушы талаптары, курстың саясаты мен процедуралары

Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:


  • Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.


Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Дәріс сабақтарына қатысу

  2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік, зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан (сынақ) бағасы

Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.
Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:

-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.


14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Құраст.: Қ. Т. Сапаров, М. Есмагзам География мамандықтары бойынша оқитын студенттердiң педагогикалық практиканы өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар:методические указания, Қазақ университеті, 2006 ж. – 16 б.

  2. Г. Р. Мырзақұлова. География ғылымдарының тарихы:оқу құралы [пед. оқу орнының 050116, 050609 - география мамандықтары студ., 0609 - магистранттарна арналған], Алматы, 2009 ж. – 99 б.

  3. Қ. Т. Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл атаулары:география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Кереку, 2012. – 215 б.

Қосымша

  1. Максаковский, В. П.. География. Дүние жузiнiң экономикалық және әлеуметтiк географиясы:орта мектептiң 10-сыныбына арналған оқулық. Рауан, 1997 г. – 256 б.

  2. М. М. Голубчик, С. П. Евдокимов. География:учебник для экологов и природопользователей, Аспект-Пресс, 2003 г. – 304 с.

  3. Ақыпбекұлы, Ө. Атлас - әлем картасы:географиялық әлiппе, Алматы, Глобус баспасы, 2006, 52 с.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Тәжірибелік сабақтардың жоспары
umk -> Р/с Тақырыптың аталуы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсынымдар 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді