Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп-гимназиясының 3 «Д» класс оқушыларына өткізілген жиналыстың х а т т а м а с ы
Өткізілген күні – 27.12.22ж. Барлығы – 22 оқушы Қатысқаны – 21 оқушы Қатыспағаны-1 оқушы (ауырып жатыр) Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: 1.ІІ оқу тоқсанның қорытындысы. 2.Білім алушылар мен педагогтер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығы. Білім алушылардың өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Фракция мүшелерінің міндеттерінің орындалуы. 3. Қыс мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі (қолхат). Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. 4. Жол-көлік оқиғалардың, төтенше жағдайлардың, құқық бұзушылықтың және қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, буллингтің/кибербуллингтің, агрессивті мінез-құлқын алдын алу. Тыңдалды: 1-ші мәселе бойынша : Класта барлығы 22 оқушы бар. Оның ішінде 10-і ұл бала, 10-ы қыз бала. 2-тоқсанда сапа- 57% , үлгерім- 100 % көрсеткішпен аяқтады. 22 оқушының 9-ы екпінді, 9 оқушы үлгеруші болып бітірді. Әр тоқсан сайын оқушылардан БЖБ және ТЖБ жұмыстары алынады. Соның нәтижесінде оқушыларға тоқсандық баға шығады.
2-ші мәселе бойынша : Білім алушылар мен педагогтер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығы. Білім алушылардың өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Фракция мүшелерінің міндеттерінің орындалуы.
3-ші мәселе бойынша : "Қазақстан балалары - қысқы ертегі» - қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Қысқы демалысты жоспарлауға ұсынылған күнтізбелік-тақырыптық жоспармен таныстырылды. Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. 1. Кешкі сағат 20.00-ден кейін ата-ананың рұқсатынсыз көшеде жалғыз жүрмеу. 2. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік, шылым шегуден және балағат сөздер айтудан аулақ болу. 3. Ашық және үзіліп жатқан тоқ электр жүйесіне жақындамау. 4. Себепсіз телефон шалмау керектігін ескерту. 5. Бейтаныс адамдарға телефон арқылы мәлімет бермеу. 6. Күдікті пакеттерді, хатты ашпау, олар туралы ересек адамдарға айту. 7. Жарылғыш заттарды ұстаудан, пайдаланудан аулақ болу (Жаңа жыл кешінде қолданылатын отшашу құралдары, т.б.). 8. Бейтаныс адамдарға жақындамау, не деп айтса да олармен сөйлеспеу. 9. Өзен, көлдің жағасына ересектерсіз бармау. 10. Қираған үйлердің, ғимараттардың қасына жоламау . 11. Қазылған, ашық жатқан шұңқыр жерлерге бармау. 12. Бөгде адамдардың үгіт-насихаттарынан бойын аулақ ұстау. 13. Қыс мезгілінде жолда жүру ережелері мен төмендегідей мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
4-ші мәселе бойынша : Жол-көлік оқиғалардың, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларымен таныстырылып ескерту жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасында кикілжіңдердің, бопсалаудың, т.б.құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мәселесі жайында да айтылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы етеді : 1.2-ші оқу тоқсанының қорытындысы жайында класс жетекшінің хабарламасы еске алынсын. 2.Бос уақытты тиімді ұйымдастыру және қысқы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау, тәртіп сақтау оқушыларға жүктелсін.