Ф 11-03 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Абишова А. У. 1943 «экожүйе және қҰҚЫҚ» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Тақырып 12. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану



бет69/83
Дата10.06.2022
өлшемі0.61 Mb.
#267794
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
Байланысты:
дәріс
Пустой 3, 2022
Тақырып 12. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану


1. Табиғатты пайдалану экономикасының пәні, міндеттері мен мәселелері
2. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы және экономикалық
бағалау теориясы
Дәрістің мақсаты: табиғатты пайдалану ілімдерімен, міндеттері мен мәселелерімен жан - жақты таныстыру. Табиғатты пайдалануда қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беру. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалаудың шығындық және ренталық әдістерімен таныстыру.


1. Табиғатты пайдалану экономикасының пәні, міндеттері мен мәселелері

Адамдар өздерінің материалдық, рухани, рекреациялық, т.б. қажеттіліктерін табиғаттан алады. Алғаш табиғат ресурстарын өңдеусіз немесе қарапайым өңдеп тұтынған болса, қазір күрделі өңдеулерден өткізіп тұтынады. Нарық қатынастары кезінде табиғат ресурстарға кәдімгі тауарға айналды. Қоғамның өндірістік дамуына байланысты табиғатты пайдалану, яғни табиғатқа әсерлер орасан қарқынмен артып, табиғатты өзгертуші күшке айналды. Бүл әсер екі сипатта. Бір жағынан ҒТЖ арқасында табиғи орта жақсартылады, ресурстарын молайтып, ұтымды пайдалануға, қорғауға мүмкіндік туады. Екінші жағынан табиғи ортаны бүлдіру, ресурстарын сарқылту қарқыны артып келеді.


Халықтың санының өсуі, өнеркәсіптің дамуы табиғатты пайдалану қарқынын арттырып отыр. Бұл жағдайда қоғамның дамуын шектемеудің бірден-бір жолы табиғи жағдайларды нашарлатпай, табиғат ресурстарын сарқылтпай, ұтымды пайдалану. Аталған мәселелермен табиғатты пайдалану экономикасы айналысады.
Табиғатты пайдалану эконономикасының пәні – қоғам және табиғат қатынастарында туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Табиғатты пайдалану эконмикасы – табиғатты пайдалану үрдістерінде туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, заңдылықтарды, адамдардың табиғатқа әсерлерін, табиғатты қорғауды және ұтымды пайдалануды ұйымдастыруды зерттейді. Табиғат және қоғамның даму заңдылықтарын ескере отырып табиғатты пайдалануды жетілдіру жолдарын қарастырады.
Адамдардың тіршілік және шаруашылық әрекеттері табиғи ортамен және табиғатты пайдаланумен тікелей байланысты. Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасы барлық жаратылыстану, техникалық, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдармен байланысты дамиды. Олардың ішінде:
- жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жне қорғау жолдарын қарастырады;
-өндірісті ұтымды орналастыру мәселелерін кономикалық география ғылымымен бірге шешеді;
- табиғат ресурстарын өндіру және өңдеу өндірістерін ұйымдастыру техникалық және технология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді;
- экономика ғылымының бір саласы болғандықтан барлық экономика ғылымдарымен тығыз байланысты дамиды;
- табиғатты қорғау адамдардың экологиялық біліктілігіне, мәдениетіне, сана-сезіміне тікелей байланысты. Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасы экология және гуманитарлық ғылымдармен байланысты;
- табиғат пайдаланудың түпкі мақсаты қоғамның әлеуметттік қажеттілігін қанағаттандыру, сондықтан бұл саламен тығыз байланыста дамиды.
Табиғатты пайдалану экономикасы өзінің зерттеулерінде жалпы және арнайы заңдылықтарды басшылыққа алады, жалпы және арнайы ғылыми әдістерді пайдаланады. Олардың қатарында:
- диалектика;
- тарихи таным;
- индукция және дидукция;
- талдау және жинақтау;
- жүйелілік;
- нормалау мен мөлшерлеу;
- жіктеу және сараптау;
- экономикалық талдаулар;
- экономика-математикалық әдістер;
- статистикалық әдістер т.б.
Табиғатты пайдалану экономикасында табиғи орта мен оның ресурстарын қорғау және пайдалану біртұтас қарастырылады. Сөйтіп, оларды бір табиғатты пайдалану ұғымына сыйдырамыз. Өйткені, нақты шараларды ұйымдастыру кезінде бөліп қарастырған дұрыс.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыстырылмайтын, бірақ оған және тіршілікке қолайлы жағдайлар болып табылатын табиғи заттар мен табиғи күштерді айтамыз. Мысалы, күннің сәулесі, қызуы, атмосфера ауасы, гидросфера, литосфера, т.б. жердегі тіршілікке қажетті жағдайлар.
Табиғат ресурстары – адамдар пайдаланатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер. Оларды адамдардың өндірістік-шаруашылық әрекеттерімен тікелей байланысты қарастырамыз.
Табиғатты пайдалану экономикасында осы екі негізгі ұғым бір-бірінен физикалық және химиялық қасиеттерімен емес, пайдалану мүмкіншілігімен ерекшеленеді.
Табиғат ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мақсатында оларды бірнеше белгілері бойынша жіктеулер қолданылады.
Экономикалық қоры, өздігінен қалпына келуі тұрғысынан табиғат ресурстары сарқылматын және сарқылатын топтарға бөлінеді (1 сурет).



Табиғат ресурстары




Сарқылмайтын


сарқылатын





Күннің қуаты, теңіз тол-
қыны, толысуы және қайтуы
қуаты, желдің қуаты, жер қойнауының қуаты, атмос-фера ауасы, мұхит сулары


Қалпына келеді


Қалпына келмейді




Өсімдіктер
мен жан-уарлар дүниесі,топырақ құнарлығы

Пайдалы
қазбалар, жер ауданы (тіршілік орта-сы ретінде)

1 сурет-Табиғат ресурстарын топқ а бөлу


Материалдық ресурстар ретінде: минералды шикізат (қазба байлық), жер, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар ажыратылады.
Пайдалану бағыттары, шаруашылық маңыздылығы бойынша: табиғат ресурстары жеке санаттарға, категорияларға, топтарға бөлінеді. Мысалы, егістік, жайылым, шабындық т.б. жерлер, орман топтары, пайдалы қазбалардың, геологиялық, өндірістік, баланстық қорлары, т.с.с.
Құрамы бойынша: қарапайым және күрделі ресурстар ажыратылады. Бірін-біріне алмастыру мүмкіндігіне байланысты: алмастырылатын және алмастыруға болмайтындарға бөлінеді.
Пайдалану уақыты бойынша: қазіргі кезде пайдаланылатын нақты қор және болашақта пайдаланылуы мүмкін потенциалды қор ажыратылады.
Табиғат ресурстарын жүктеулер және сұрыптаулар оларды пайдалануды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру мақсаттарында қолданылады.
Табиғат пайдаланудың негізгі ұстанымдары:
1) Басымдылық.
2) Әлеуметтік қажеттілікке бағыттау.
3) Өндірісті экологиялау.
4) Қоғамдық пайдалылығын арттыру.
5) Ғылыми негізде пайдалану.
6) Оңтайлылық (оптималдық).
7) Аймақтық.
8) Кешенділік.
9) Төлемділік.
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті мәселелердің туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері, тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы мәселелер қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты. Тұтастай алғанда табиғат экологиялық мәселелерді білмейді. Егерде, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық байқау жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық мәселелері жер шарындағы бар табиғаттың өзекті мәселелеріне айналып отыр.
1. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине мұның көрінісі әртүрлі:
- бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да азуы;
- тұщы су, топырақ және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
- орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр;
- құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;
- ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуына әкеледі.
2. Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын-соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
- ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда
адамға қауіпті қасиеттерге де ие;
- микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және
олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады;
- ландшафтардың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп-қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салдары да жоқ емес. Табиғат ауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.
3. Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы
Қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде.
Ғылым ретінде экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Ғаламшардың экологиялық мәселесін түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдіснамасын
жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Экологияның міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
1) Ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан-жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау.
2) Биосферасы ең маңызды өнім әулетінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау.
3) Табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті,экономиканы экологияландыруға бағытталған шаралар.
4) Оңтайландыру критерийлерін орындау - экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді таңдау мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі.
5) Адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы
шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру