Етістіктің категориялары

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі115.5 Kb.

Етістіктің категориялары

Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра, сол етістіктер өздерінің мазмұнындағы барлығына ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз табына телінеді. Лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз табы саналатын етістіктерді іштей топ-топқа жіктеуге болады.

Байырғы түбір етістіктерді грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады;


  • Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын тұйық етістіктер жатады. Жетекшілік қызмет атқарады. М, айт, жең, қада, жақ т.б.

  • Лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа етістікпен тіркескенде лексикалық мағыналарын не жарты, не бүтін жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жәрдемші ретінде қызмет атқаратын түбір етістіктер. М, ет, жат, ал, бар, баста, бер т.б.

  • Өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға ие болып қызмет ететін, көмекші есебінде жүретін етістіктер М, екен, жазда, де, е, еді етістіктері.


Етістіктің сабақтылық-салттық категориясы

  • Негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру туынды түбір деп танылып жүрген ойлау, шегелеу, ескерту күрделі түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру т.б. етістіктер және әр түрлі тұлға түрлері де сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы тура объектіні тікелей талап етеді; онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады. М, Кітапты оқып шықтың ба?

  • Келгенмін, келсе, ойнасам, келгісі келу т.б. салт етістік болып табылады, өйткені бұлар тура объектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. М, Асан асықтармен ойнап отыр. Етістік көмектес септігімен тіркесіп тұр.

ЕТІС категориясы

  • Қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп танылады.

Етіс түрлері:

Өздік -

қимыл, іс-әрекет субъектіге

қарай бағытталады.

-ын, -ін, -н; -лан, -дан, -тан;

М, киінді, сұранды

Өзгелік –

іс-әрекет екінші субъекті

арқылы іске асады.

-ғыз; -дыр; -ыр

М, өсіру, айтқыз, келдір

Ырықсыз –

Іс-әрекет өздігінен орындалатын

мән үстейді.

-ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н

М, оқылды, тазаланды

Ортақ –

Іс-әрекет бірнеше субъекті

арқылы іске асады

-ыс, -іс, -с

М, салысты, айтыс т.б.
Етістіктің болымды-болымсыз категориясы

Етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары тұлғаларына ма, ме, ба, бе, па, пе қосымшасы қосылу болымсыздық категориясы жасалады. Және есімшеге емес, жоқ көмекші етістіктері тіркесіп жасалады. М, барған жоқ, бармады

Етістік түбір күйінде, әр түрлі грамматикалық тұлғаларында қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын білдіретін етістіктер- болымды етістіктер. М, барды, келді т.б.
Рай категориясы


  • Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктердің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.

Рай түрлері:

Ашық – іс-әрекеттің 3

шақтың бірінде тұрып, субъектінің

шындыққа қатысы.

М, Тыңда, дала, Жамбылды!



Бұйрық – айтушының

тыңдаушыға не бөгеде біреуге

бұйыра сөйлеуі.

М, ғылым таппай мақтанба (А)



Шартты – іс-әрекеттің болу-болмау,

орындалу мүмкіндігі, шартын

білдіріп, етістікке –са, -се

қосымшасы жалғану арқылы.

М, Мен айтсам бола ма?

Қалау – сөйлеушінің іс-әрекетті

істеу- істемеуге ниетін білдіруі.

-ғы, -қы қосымшалары, шартты

райға игі еді сөздері тіркесу

арқылы. М, барса игі еді
Есімше


  • Етістік пен сын есім арасындағы аралық категория

Көсемше

  • Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдық және басқа мәндерді білдіретін ерекше формалар.

Түрлері:

Жасалу жолдары:

1.Есімше

  1. –ған, -ген, -қан, -кен

  2. -атын, -етін, -йтін

  3. -ар, -ер, -р етістіктің болымсыз түрінен кейін -с

2. Көсемше

  1. –ып, -іп, -п

  2. -а, -е, -й


Шақ категориясы

Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқандығын, не әлі болмағанын, бірақ болатындығын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы.


Шақ түрлері:

Шақтар:

Түрлері:

Жасалу жолдары:

1. Осы шақ

  1. Нақ осы шақ




  1. Ауыспалы осы шақ

1.Отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістіктеріне көсемше қосылу арқылы
2.Көсемшенің –а, -е, -й тұлғасына етістіктің жіктеліп қосылуы. М, құс ұшады, әнші ән салады

2. Өткен шақ

  1. Жедел өткен шақ

  2. Бұрынғы өткен шақ

  3. Ауыспалы өткен шақ

  1. –ды, -ты, -ді, -ті қосымшасы үстелу арқылы. М, барды

  2. -ған, -қан, -кен, -кен арқылы жасалады. М, айтқан

  3. -ар,-ер, -р еді; - мақ, -бақ еді. М, бармақ еді

3. Келер шақ

  1. Болжалды келер шақ

  2. Мақсатты келер шақ

  3. Ауыспалы келер шақ

  1. –ар, -ер,-р болымсыз түрінен кейін –с қосымшасы қосылу арқылы. М, жүрерсіз

  2. -мақ, бақ –пақ қосымшасы жалғану арқылы. М, жүрмек, айтпақ

  3. Көсемшенің –а, -е,-й қосымшасы жалғану арқылы. М, жүреді






Түрлері

Ережесі

Мысалы:

1. Мәнсіз көмекші етістіктер

Сөйлемде дербес қызмет атқара алмайтын, лексикалық мағынасы жоқ, тек басқа толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, солардың шылауында қолданылып, соларға грамматикалық мағына үстейді. Кейбіреуінің лексикалық мағынасы бүтіндей жоқ болса, кейбіреуінде жартылай.

Е, ет, жазда, де көмекші етістіктері.

Е көмекші етістігінің сөздік мағынасы бүтіндей жоқ, жедел өткен шақ, өткен шақ есімше формасымен түрленеді. (едің, еді)

М, Ол кезде жас едім, құлай жаздадым, дір етті


2. Мәнді көмекші етістіктер

Өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздер.

Кетіп қалу, келе жату, оқып шығу, жүре беру.

М, кітапты үш қайтара оқып шықтым т.б.




Де көмекші етістігі

де етістігі



  • ойлау

  • сөйлеу етістіктері деп аталатын екі топқа бөлінеді, айт, сөйле, болжа, ойла, сөйле етістіктеріне синоним.

  • Семантикасы мен функциясының жан-жақты қолданылу қабылеті жағынан болсын өзге сөйлеу етістіктерінің бірде-біреуі де етістігіне барабар бола алмайды. Өйткені, айт, сөйле... Етістіктері тек өздерінің негізгі қызметтерінің аясында ғана қолданылса, де етістігінің өресі олардан гөрі әлдеқайда кең.

Де етістігінің жетекшілік қызметі де, көмекшілік қызметі де әрі орамды, әрі икемді. Бұл етістік өте жиі қолданылатындықтан, кейде де етістігінсіз тілімізде сөйлеуге болмайтын шығар, оның қызметіне тең түсетін басқа сөз жоқ шығар дегендей ой да, түсінік те оралып отырады.

  • Деп формасы нағыз көмекші болып жұмсалғанда, амалдың әр қилы кезеңдерін және жүзеге асу сипаттарын білдіретін көптеген аналитикалық форманттар жасауға дәнекер болып, сол форманттардың тұрақты компоненттерінің бірі есебінде қызмет атқарады. Ол форманттар және олардың функциялары мынандай:

  • ...деп ал; ...деп бар; ...деп жібер; ...деп кет; ...дей сал; деп таста форманттары, қажетіне қарай, түрленіп, өздерінен бұрынғы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді бұлжытпай айтуға дәнекер бояуларымен қатар, сол хабардың не мақсатпен (...деп бар...), бірден басқа күйге көшу (...деп кет...), ерекше құлшыну (...деп таста...) т.б. мағыналарды білдіретін форманттар есебінде қызмет етеді.

-йын де форманттарына –п қал; -л барады, -п келеді форманттары қосылып, күрделі форманттар (-йын деп қал; -йын деп бар; -йын деп кел) құралады да, олар әрқайсысы жетекші етістікке өздерінше реңк үстейді. Сипаты:

  • -йын деп қал форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу, не аяқталуының соңғы шекке жеткенін білдіреді. М, жұмыс бітейін деп қалды

  • -йын деп барады форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталуға я аяқталуға бет алғанын, соған бірте-бірте көшкенін білдіретін реңк үстейді. М, су тасиын деп барады

  • -йын деп келеді форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың бірте-бірте үдегенін, я кемігенін білдіретін реңк үстейді. М, күн суытайын деп келеді т.б.

-йын де формантына –п тұр, -п отыр, -п жүр, -п жатыр форманттары қосылып, 4 түрлі күрделі формант жасайды:

  • -йын деп тұр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу не аяқталу қарсаңында екенін білдіреді. М, жіп үзілейін деп тұр т.б.

  • -йын деп отыр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу не аяқталу қарсаңында екенін білдіреді. М, мен жүрейін деп отырмын. Т.б.

  • -йын деп жатыр форманты өзі тіркесетін жетекші етістікке амалдың дереу болғалы жатқанын білдіретін реңк үстейді. М, Абзал мақала жазайын деп жатыр т.б.

  • -йын деп жүр формантыжетекші етістікке тіркесіп, амалдың субъект жүзеге асыру қамында екенін я жүзеге асыру қарсаңында жүргенін білдіреді. М, осы ойымды сізге айтып қояйын деп жүрмін.

  • -йын деді форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу я аяқталу қарсаңындағы әлі де үдеп кетпегеня дамып үлгермеген немесе үдеуге я бәсеңдеуге бет алған нақтылы бір кезеңін я мезетін білдіретіндей реңк жасайды. М, мен бұдан сескенейін дедім, су таусылайын деді т.б.

  • -йын депті форманты да жетекші етістікке –йын деді форманты жамайтын мағынаны үстейді. Бірақ –йын деді және –йын депті форманттарының екі түрлі форма болғандықтан, мағыналарында сәл де болса айырмашылық бар. Егер сөйлеуші амалдың тікелей басы қасында болса, жетекші етістікке –йын деді форманты қосылады, ал амалдың басы-қасында болмай, іс кезеңдерінің басталу я аяқталуы оның көргенінен, естігенінен, білгенінен бұрын болған болса, онда жетекші етістікке –йын депті форманты қосылады. М, су бітейін деді – су бітейін депті

Де етістігі:

  • Жеке сөз я сөз тіркесін, жеке сөйлем я бірнеше сөйлемді, қысқа я ұзақ лебізді болсын, олардың мағыналарын да, формаларын да бұзбай сақтап, сол қалпында айдармай айтуға дәнекерлік етеді

  • Айтылмаған көкейдегі сөзді я олардың мазмұнын жарыққа шығаруға дәнекер болады

  • Әр қилы грамматикалық формалары, белгілі бір формада жұмсалатын жеке сөзді я сөз тіркесін жекелеп, мағынасын нақтылап, байланысын жымдастырып, сөйлемнің бір мүшесі етуге дәнекерлік жасайды

  • Өзінің бұрынғы көсемше және басқа формаларымен тіркесіп, сараламалы етістіктің әр алуан форманттарының қалыптасуына себеп те, негіз де болған

  • Көптеген тұрақты тіркестердің қалыптасуына, ол тіркестердің сөйлеу тілінде де қолдануына дәнекер болған.

А.Қ. Жұбанов “Қолданбалы лингвистика: Қазақ тілінің статистикасы” деген кітабында белгілі роман-эпопея “Абай жолындағы” сөздердің қайталану жиілігіне статистикалық талдау жасаған. Сонда бір ғана де көмекші етістігінің абсолютті жиілігі, жиынтық абсолютті жиілігі – 9828, ал қатынастық жиілігі, жиынтық қатынастық жиілігі- 0,02110 болған екен.

Мысалдар:



  • Майбасар көшуден тоқтатам деп әртүрлі сөз айтты. (“Абай жолы”)

  • Сүйтіп, иістерің аралассын! – десті.

  • Не қарғысқа ұшырап туып ең!- дей беріп еді, Құнанбай “доғар” дегендей ишарат қылды.

  • -Ішпейміз, жүреміз! – деді.

  • Айтам ғой, “жер тәңірісімін” десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ.

  • Жалғыз-ақ, жұрт жатып қалды, көрісудің орны болмас, десіп өкініп келе жатқан.




www.sBook.su – қазақша рефераттар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...