Етістік категорияларының дамуы Жоспар



Дата10.06.2022
өлшемі39.23 Kb.
#267445
Байланысты:
етістік
109 group THE PERSON I ADMIRE THE MOST, сан е, тар морф

Етістік категорияларының дамуы

Жоспар:



  1. Етістіктер тарихы

  2. Етістіктің функциялық тұлғалары

  3. Көсемше тұлғаларының қалыптасуы

  4. Есімше тұлғаларының қолданылуы


Мақсаты: Етістіктің даму тарихы туралы түсінік беру. Есімше, көсемше тұлғаларының дамуы. Көне түркі тіліндегі тұлғалармен салыстыру.
Мазмұны: Көсемше. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Бірақ олардың кейбірі қазіргі тілде сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамында «өлі» (застывшие) элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V—VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды>қатды>қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII ғ.) қолданылған -ы, -и көсемше форманттарының ізін көреміз.
V—VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған. 1. -а, -е: уча, тута, -й, -ы: -іти, -алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі, өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2. -п, -пан, -пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өзгерістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталанады. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (кебінесе шағатай әдеби тілінің кұрамында), -мадын, -мазын, -майын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше тұлғалары дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қолданылғаны көрсетіліп отырған көсемше форманттарын шақтық мән білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері (-а, -е, -ы, -и, -ү, -ыт), өткен шақ көсемшелері (-п, -пан, орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, -ыбан) және мақсат көсемшесі —ғалы деп топтастыруға болады. Бұл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды. -а, -е, және -ы, -и, -у, -ү тұлғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айналысқан В.Томсен бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер арқылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы тұлғасы X—XIII ғасырларда А.М.Щербактың айтуынша, жеке сөздер құрамында ғана сақталған өлі тұлға болған.
Қазақ тілінде бұның ізін сайын (сай-ы-н), дейін (тегі-і-н) тәрізді шылаулар құрамынан көреміз. -у, -ү тұлғалары орта ғасыр жазбаларында аса кең қолданылған. Алайда кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана -а, -е, -и формаларына шоғырланған. Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде көбінесе -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазіргі тілде осы мағыналар-а, -е, -й көсемшелерімен беріледі. -а, -е тұлғаларының арғы түбін А.М.Щербак қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне орта ғасыр жазбаларында -рақ жүрнағы жалғанып та қолданылуы сондай екендігін дәлелдейді деп жазады. -п тұлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -пан, -пен және -ыбан, -ібен варианттары да болған: -п тұлғасын А.Н.Қононов көне бол етістігінің -й/а, -и/е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптасқан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске түскен: -(и) ыпан>(-ы) пан>ып. Ал кейінгі дәуірлерде -пан күрделі аффиксінің құрамынан -ан буыны түсіп қалса керек. Қазіргі якут және чуваш тілдерінде -ан өнімді аффикс. Көне заманда бұл есімшелік аффикстердің бірі болған. С.Е.Малов та -пан тұлғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді. Бұлардан сәл өзге пікірді соңғы кезде А.М.Щербак айтты. Ол -п тұлғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ал -ан ескі құралдық септік қосымшасы деп есептейді.
Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат көсемше деп аталып жүрген -ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде — мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сакталған. -ғалы қосымшасы құранды -ғалы көсемшесінің екі түрлі қызметі де, екі түрлі морфологиялық тұлғадан каралуына байланысты -ғалы қосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына меңзейді, бір істің басталуымен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді. -ғалы тұлғасының семантикасы осындай морфологиялық құрамның нәтижесі деп қаралатыны да сондықтан.
Орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын -матын, -мадын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде қазақ тілінде сақталмаған. Тарихи жағынан бұл күрделі: -ма — етістіктің болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын көсемшелері екені айқын. Бұл аффикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген. Қысқасы, қазіргі қазақ тілінде -май, -мей (көрмей сөйлеме, білмей айтпа) тұлғасы беретін мағыналарда қолданылған. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де бұл аффикс бірде толық түрінде (-майын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қазақ тілінде толық түрі -майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырайды. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде ұшырасады. Соңғы -ша қосымшасының ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл шолу түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін А.Н.Кононов пікірінің дұрыстығын дәлелдейді.
Сонымен, көсемше формаларының көпшілігіне-ақ есім сөз таптарына тән қосымшалар негіз болған. Ал онда етістік негізге есім қосымшаларының (септік жалғауларының) жалғануын қалай түсінуге болады? Бұл жерде түркі тілдері тарихында болған мынадай ерекшелікті еске алған жөн: есім-етістік түбірлер өз семантикасын (я есім сөз табы ретінде, я етістік сөз табы ретінде) контекс құрамында ғана анықтады. Сабақтастырушы жалғаулықтар қалыптаспаған дәуірде сөйлем құрамында адвербиалдық мән берудің ұтымды тәсілі — септік жалғаулары болды. Тұрлаусыз мүше қызметіндегі қимыл есім өзінен кейінгі предикат мәніндегі етістікпен септік жалғауы арқылы қатысқа түсті. Нақ осы тәсіл қазіргі тіл құрамында да бар.
Есімше. Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар да сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады.


Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінше қолданыс тапса (кейбір фо-нетикалық айырмашылықтарын ескермесек), бір тобы жеке сөз-дер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған. Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі -ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы -г/-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі). -мыш форманты ашық райлы етістік қызметінде де қолданылып, сөйлемнің баяндауышы болған: йоқ ерміш (жоқ еді). Сонымен бірге тұрлаусыз мүшелер қызметін атқарып, әр түрлі септік жалғауын қабылдаған: адырылмышда (айырылысқанда), бітмішін (бітісімен). Шылаулармен де бір тіркесте қолданылған: будун болмыш үчун (халық болғаны үшін). Орта ғасыр жазбалары тілінде -мыш тұлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. М.Қашқари -мыш аффиксінің бұл қызметі жайлы былай деп жазады: «-мыш, -міш қосымша-сы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар, ол бармыш — ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын. Ол келміш — ол келген болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын»} Осымен байланысты, қазақ тілінде ұшырасатын, сөйлем баяндауышына тіркесе айтылып, істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын білдіретін -мыш, -мыс тұлғаларын еске түсіру орынды: айтыпты-мыс. Бұл ыңғайда жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай, өзгермей тіркеседі. Э.Наджип ортағасырлық Алтын Орда әдеби тілінде -мыш тұлғалы есімше баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, тек қана III жақты білдіретінін, өйткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады. Осы ескертпе қазақ тіліндегі барыпты-мыс тұлғаларының қалыптасуына қалай да қатысты. Қазақ тілінде -мыш формантына тән барлық мән-мағына -ған формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар. Қалай болғанда да, қазақ тіліндегі -мыш тұлғасының осы қолданысы бір жағынан көне түркілік қолданыспен, екінші жағынан қазіргі чуваш тіліндегі қолданыспен тығыз ұштасып жатады. -мыш біздің қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс тәрізді сөздер құрамындағы осы тұлға. -Мыш тұлғасы өзінің бұрынғы мағынасында қазіргі оңтүстік-батыс тілдерінде ғана сақталған. Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін -ған түлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ XI ғасырдағы Кашқари сөздігінен бастап аса жиі қолданыс тапқан формант. М.Қашқари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін форманттың бірі деп пайымдайды. Алайда Қашқаридың түсіндіруінше -ған түлғасы істің дүркінділігімен байланысты ұғынылатын формант: «Іс-әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бүл сипат барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында жасалады. Бұйрық рай қатан қ-ға бітсе, -ған, жұмсақ сөздерге -ген қосылады. Сондықтан көп мәрте қайталанған іс-әрекетті білдіруші сипат барған бар бұйрық райынан, тұрған тұр бұйрығынан жасалған». Бұған қарағанда, Қашқари дәуірінде, -ған, -мыш тұлғаларының арасында белгілі дәрежеде қолданыстық шек болған. Қазіргі қазақ тілінде -ған тұлғасының -мыш форманты беретін барлық мағыналық мәнерлерде жұмсалуы соңғының қолданыстан шығып қалуымен байланысты болса керек. Алтын Орда әдеби тілінде өткен шақ мәнінде -ған форманты аса жиі де кең қолданыс тапқан. Ал -мыш негізінен, тек қана анықтауыш қызметін атқаратын, сонымен қатар, III жактық баяндауыш болып жұмсалатын формант қана, яғни, қолданылуы грамматикалық жағынан шектелген формант ретінде ғана ұшырасады. Сөйтіп ол тілде -мыш формантының орнын -ған форманты ала бастағаны байқалады. Тарихи жағынан екеуі {-мыш пен -ған) екі тайпа не тайпалар одақтары тіліне тән формалар болу керек. Оңтүстік батысқа қатысты жазбалар тілінде -мыш актив қолданылғанмен, Алтын Орда жазбаларында бұл сирек ұшырайды. Бұл сол тілдердің негізі болған тайпа тілдерінің ерекшелігі екеніне дау жоқ. Қазіргі түркі тілдерінде бұл тұлғалардың қолданылуы белгілі бір жүйені байқатады. -мыш түлғасын қолданатын тілдер -ған тұлғасын айтпайды да, -ған тұлғасы актив тілдер -мыш тұлғасын қолданбайды. -ған этимологиялық жағынан құранды. Оның алғашқы бөлімі -ға — қимыл есім тұлғасы да, соңғы -н ежелгі дәуірде өткен шақты білдірген қосымша, -к қосымшасы қазіргі чуваш тілінде осы мағынада қолданылады.

-р (-ар, -ер) есімшесі қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде келер шақ мәнін беретін арнаулы грамматикалық тәсіл. Келер шақ көрсеткіші есебінде бұл тұлға V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде, негізінен, мына төмендегідей қызметте қолданылған: есімше, яғни, өзінің тура мәнінде: көрүр көзүм, білір білігім, йүкүнүр күн; осы шақ мәнінде: берүр, барыр; келер шақ мәнінде: йылан йыл онунч айқа Иноз Иненчу Бес балыққа барырмен. Сонымен бірге, ертім көмекші етістігімен тіркесіп келсе, созылыңқы өткен шақ мәнін де береді. Әр түрлі септік жалғауларын қабылдап, субстантивтеніп, сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелер қызметін де атқара алады. -р тұлғалы есімшелердің V—VIII ғасыр жазбаларынан байқалатын осы мағыналары көп өзгеріссіз орта ғасыр жазбаларының тілінде де көрінеді. Жоғарыда көрсетілгендей, -р аффиксі ашық дауыстымен де, қысаң дауыстымен де айтылған. Түркологияда Радловтан бастап, осы аффикстің ашық дауыстылы варианты мен қысаң дауыстылы вариаитының арасында қолданылу мәні жағынан айырма бар деген пікір орын теуіп келе жатыр. Ең алдымен мұндай пікір қазіргі кейбір түркі тілдерінің фактілеріне негізделгендігін айту керек. Қазіргі азербайжан тілінде осы шақ мәнін беретін есімше -ыр, келер шақ есімше -ар.


Ежелгі жазбалар тілінде де -р тұлғасының нақ сондай ерекше қолданысы (бірде осы шақ, бірде келер шақ мәндерін білдіруі) бар. Бірақ -р бірнеше вариантта айтылған: ашық дауыстылармен -ар, -ер, қысаң дауыстылармен -ыр, -ір, сол сияқты ерін дауыстыларымен де -ур, -үр. Алайда жазбалар тілінде -ар-мен -ыр арасында айқын айырма әрқашан болған деу қиын. Өйткені бір ғана сөз бірде -ар, бірде -ыр, кейде -ур (-үр) аффикстерімен қолданылады және қай шақта қолданылғаны контекстік қоршаудан ғана ажырайды. Көңіл аударарлық жайт — аса жиі ұшырасатын варианты -ыр, ал -ар варианты әлдеқайда сирек. Бұған қарағанда, бір себептен, бір ғана аффикстің көп варианттылығын әр турлі тайпа тілдерінің тоғысуы деп қарауға да болатын тәрізді.
Бұл тұлғаның болымсыз түрі –мас//з. Соңғы элемент р емес, -з//с (бұл жерде тағы да р>з сәйкестігін еске алу керек). Қазақ тілінде тек -ар, -ер ғана сақталған және семантикалық жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді. -ыр варианты қазақ тілінде жеке сөздер құрамынан ғана ұшырайды (жатыр). Кейбір зерттеушілер (Мыс, Н.А. Баскаков) тур, жүр етістіктерінің о бастағы аорист формасы турыр, жүрір түрінде болған деп қарайды. Кейін соңғы -ыр буыны түсіп қалған, бірақ аффикстің мәні қысқарған түбірде сақталып қалған. Бұл етістіктердің қазіргі тілде осы шақ жасайтын арнаулы тәсіл есебінде қолданылуы да соған байланысты болса керек.
В.Котвич жоғары етістіктердің бастапқы түбірі ту, жү (йү), соңғы -р (ту-р, жү-р) аорист форма деп қарайды. Оның дәлелі түр, тұт етістіктеріне ортақ бүтін -ту, -тут етістігінің соңғы элементі -т қаузатив түлға, олай болса, тұр етістігінің (сол сияқты, отыр, жатыр етістіктерінде) соңғы элементтері осы шақ мәнін берген тұлға. Қазіргі қазақ тіліндегі -атын есімшесі — біршама жаңа тұлға. Орта ғасыр жазбаларында: барчаның баратурған йуртыға кетеді (Ш.Тер.). Қазақ фольклорында: артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді («Ер Тарғын»). Сонда -атын тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді деп қарауға болады: -а (көсем-ше)+түр (көмекші етістік) + -ған//а-дур + ған (орта ғасыр жазбаларында -адурған тұлғасы кездеседі) //-а + тур + ған>а + ту(р)-\-ған>а-\-ту-{-ғын>атын. Соңғы дауыстының қысаңдануы екпін түспеудің салдары болу керек. Сонымен, -атын тұлғасы өзінің құрамындағы морфологиялық тұлғалардың мәнмәнерін сақтаған (-а және -ған).
Қимыл есімі -гу, -гү. Қашқари еңбегінде бұл форманттың екі түрлі қолданылуы көрсетілген: бір жағынан ол гу формантын есім орнына қолданылатын етістік деп түсіндіреді, екінші жағынан есімдермен изафет құрайтындығын көрсетеді: Сенің барғуң ка-чан — сен қашан барасың. «Қудатқу білік» тілінде бұл формалы сездердің баяндауыш қызметінде қолданысы бар: удушуғ білігіг өзүм сөзлегү — уққанды, білгенді өзім айтамын (айтуға тиіспін). Қазақ тілінде бұл формант көбінесе есім сөздер құрамында ғана сақталған, сондай-ақ, келер шақ жасауда қолданылады: -бар-ғы-м келді, бар-ғы-сы келеді.

-мақ, -мек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде -мақ форманты есід-мек тәрізді бір-екі сөз құрамында ғана ұшырайды. Ал ортағасырлық жазбалар тілінде бұл формант аса жиі қолданыс тапқан тұлғалардың бірі. Қашқари бұл тұлғаны масдар деп түсіндіреді. Қазіргі тілдерде -мақ форманты негізінен үш түрлі қызметте ұшырасады. Істі атқаруға ниетті екенін білдірудің тәсілі ретінде ол, әрине, келер шақ мәнін береді. Қимыл есімі есебінде қолданылады (көрмек, білмек — ерге сын). Сонымен қатар, инфинитив мәнін де береді. Қазіргі қазақ тілінде осы үш түрлі қызметтің алғашқы екеуі бұл тұлғаның негізгі мәндері. Инфинитив қызметінде қолдану XIII—XIV ғғ. қыпшақ жазбаларының тілінде ұшырасады. Орта ғасыр жазбаларында -мақ, сонымен бірге, істі атқаруға ниеттілікті (форма намерения) білдіретін тұлға мәнінде де қолданылған. Инфинитив мәнінде қолданылуы қазақ арасында XIX ғ.-да қолданылған кітаби жазба тілде кездеседі. Алайда қазақтың халық тілі мұндай ретте -у тұлғасын қолданады.


Орхон-Енисей жазбаларында, сол сияқты кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілдерінде -ш (-ыш, -іш), -ч (-ынч, -інч) қимыл есім форманттары жиі ұшырасады. Алайда бул екеуінің арасындағы өзгешелігі — алдыңғы аффикс етістіктің таза, қосымшасыз түбіріне тікелей жалғанады да, соңғысы -н тұлғалы, яғни, ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып жалғанады. Қазіргі қазақ тілінде бұлардың екеуі де фонетикалық өзгеріске ұшыраған: ш>с,ч>ш. -алыс, барыс, жатыс, шығыс, қалыс, батыс, келіс, өкініш, күйініш, сүйініш тәрізді сөздер осы тұлғаның негізінде қалыптасқандар.
зақстан тұрғындары тілінің, әсіресе фонетикалық және морфоло-гиялық сипатын білумен қатар, жазба тіл мен сөйлеу тілінің ара-сындағы кереғарлықтың дәрежесі туралы толық мәлімет алуға болады.
Оңтүстік Сырдария бойын мекендеген қазақтардың тілі М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» (СПб, 1875) және «Хрестоматия турецкая, персид-ская, киргизская и узбекская» (СПб, 1876) деген еңбектерінде лингвистикалық және филологиялық талдаулар объектісі болды. Оңтүстік қазақтарының сөз үлгілері Я. Я. Лютштың «Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной л-итературы киргизов Туркестанского края» (Ташкент, 1883) деп аталатын еңбегінде бе-рілген. Ал сол заманғы қазақ жазба тілінің үлгілері И. Н. Бере-зиннің «Турецкая хрестоматия» атты сериясының III томында бе-рілген (СПб, 1890). Қазақ руларының атаулары, діни салтқа байланысты сөздер, этнографиялық атаулар А. И. Левшиннің «Опи-сание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб, 1832) атты зерттеу еңбегінде барынша толық жинақталған. В. В. Григорьев 1862 ж. орыс алфавиті арқылы қазақ дыбыстарын белгілеудің жолдары туралы мақала жазды (УЗКУ, отд. ист. фил. наук, 1862, г. в. 2). Бұл қазақ сездерін мүмкіндігінше дүрыс берудің жолдарын түсіндіруге арналған еді. Григорьевтің бұл ең-бегінің қазақ тілі материалдарын қағазға түсіруге практикалық мәні зор болды.
1894—97 жылдары қазақ тілін зерттеуде үлкен белес болған еңбек — профессор П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты екі кітаптан тұратын зерттеуі жа-рық көрді. Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қазақ тілінің синтаксистік жүйесі бірінші рет түсіндірілді. Бұл еңбектің ғылыми мәнін былай қойғанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-тардың сәйлеу жүйесі, сөйлем құрау жүйесі маман ғалым түсінік-темесімен бізге жетті. XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында-ғы қазақ тілінің сездік коры, фонетикалық жүйесі мен грамма-тикалық құрамы В. В. Катаринскийдің кітаптары арқылы белгілі. Оның «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897), «Краткий русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897) атты еңбектері тек қана Орынбор маңындағы қазақтар тілін қамтып қоймайды. Сыр-дария бойы қазақтары тілінің де негізгі ерекшеліктерін қамтиды. Оңтүстік қазақтары тілі Ешмұхамбет Букиннің «Русско-киргиз-ский словарь» (Ташкент, 1885), «Русско-киргизские разговоры» (Ташкент, 1884) еңбектерінде біршама толық берілген.
Етістік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы — қимыл мен әрекет болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан айрықшаланып түрады.
Түркі тілдеріндегі етістіктер сыпаты бірыңғай. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі етістіктердің категориялары, түбір мен туынды түбір қалпы басқа түркі тілдерінде де қайталанып, сол дәрежеде көрінеді. Кейбір айырмашылық жеке тұлғалардың синтаксистік қолданысы мен семантикасында ғана бар.
Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі — қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғанады. Мысалы, қазақ тілінде инже-нер-мін, бара-мын, инженер-сің, бара-сың. Осымен бірге, жақтық косымшалардың «қысқарған» варианты да бар: бар-ды-м, бар-ды-ң. Осындай сыпат басқа тілдерде де сақталған: ноғай тілі ала-ман, ала-саң, тува тілі алыр сен, алыр біс, т. б. Етістіктің жедел өткен жақ тұлғасына қосылатын -м жалғауы есімді тіркестер құрамында да қайталанады: (менің) кітаб-ы-м. Қазақ тілінде (баска да түркі тілдерінде) етістіктің есімше түрленуі бұл айтылғандармен бітпейді. Айталық, қалау рай деп қаралатын (өйткені сондай мән туғызып, сондай қызмет атқарады) -ғы (кимыл есім) + көмекші етістік тіркесі де есімдерше өзгереді: барғым келді, бар-ғың келді.
Тарихи — түркологиялық зерттеулер қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдері деп дәлелдеді. Қимыл есімі атауы тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан бүкіл етістіктермен немесе етістік деп аталатын грамматикалық категориямен бірге қалыптасқан топ деген мәнде қолданылады. Қимыл есімдері есім мен етістік қызметін қоса атқарған синкретикалық түбірлерден жіктеліп шыққан топ, сонда көш, той, ақ тәрізді синкретикалық түбірлердің сөйлем құрамындағы бір қызметінен іс-әрекеттің уақыт — мерзімге қатысын, сөйлеушінің іс-әрекет пен оның орындаушысы арасындағы қатысына көзқарасын білдіретін, екінші сөзбен, шаққа, райға жіктелетін сөздердің грамматикалық класы қалыптасты. Қысқасы, қимыл есімдері шақ пен рай тұлғаларының семантикалық көп түрлілігіне негіз болды. Түркі тілдерінің тарихынан белгілі қимыл есім тұлғалары да есім мен етістік қызметтерінде қатар қолданылады (әрине, олардың бұл ерекшелігі алғашқы синкретикалық түбірлерге қарағанда әлдеқайда бәсең). Жалпытүркілік аяда қолданылатын қимыл есімдерінің негізгі түрлері мынадай: -ғы, -ынч (-ынш), -мақ, -ма, -ыш (-ыс), -ық (-ығ), -ы (-у), -а, -ыт, -ын, -мыш (-мыс), -ғын, -ған, -дық, -ыр, -ар, -ғыр. Бұлардың қазіргі тілдерде таралу дәрежесі бірдей емес. Қазақ тілінде -мыс, -ынш, -ғын, -ідық тұлғалары актив қолданылмайды, сондықтан олардың шақ тұлғаларын жасауы да кездесе қоймайтын құбылыс. Оның үстіне, бұл тұлғалардың шақтық парадигма жасау дәрежесі де бірдей емес: -ған, -ар, -а тұлғалары бұл қызметте актив болса, -ыр, -ғы, -ы, -мақ тұлғалары пассив, кейбір етістіктер кұрамында ғана қолданылады. Ал -ыс, -ыт, -ық, -ғын, -дық тәрізді тұлғалар шақ жасауға қатыспайды. Түркі тілдерінің кейінгі дәуірлерінде осы тұлғалардың негізінде екінші дәрежелі қимыл есім тұлғалары қалыптасты: -ығчы (>-ушы), -мақчы (>-мақшы), -ығлы (>-улы), -галы, -асы, -ажақ, т. б.
Қимыл есімдерінің кейбір түрлері қолданылу процесінде субстантивтер мен адъективтерге айналып кетті, біразы вербализацияға ұшырады. Вербализацияға ұшырағандар біздің бүгінгі тілімізде есімше деп ұғынылатын топтар -ғалы тәрізді бірен-саран тұлғалар ғана көсемшеге айналды. Ал субстантив пен турур (тур етістігінің есімше тұлғасы) етістігінің тіркесі жаңа дәуірде осы процеске ұшыраса, жатыс жалғаулы қимыл есімдерінің вербализациясы біздің заманымызда қалыптасқан құбылыс: жеңудеміз, жетуде-міз, т. б.
Қимыл есімдерінің семантикалық жіктелісі әрбір тұлғаның бір мәнде тұрақталып, басқа мән-мәнерден ажырау жолымен жүрген. Бұл процестің сыпаты жеке тілдерде бірыңғай болмаған. Сондықтан да рай түрлерінің жеке тілдерде қолданыс мәні мен қызметі де бірдей бола бермейді. Айталық, -асы тұлғасы қазақ тілінде тек қана қимыл есімі, ал якут тілінде рай жасайды, азербайжан тілінде істі істеуге ниеттілікті білдірудің тәсілі болып қолданылады.
Тілдің даму барысында қимыл мен күйдің атауы болған қимыл есімдерінен қосымшасыз түбір тұлғалы етістіктер II жақ бұйрық мәнін беретін семантикалық топ болып жіктеліп шықты. Мұның нәтижесінде тіл құрамында атау тұлғасына негізделген есімдер мен II жақ бұйрық рай тұлғасына негізделген етістіктер жүйелері сараланды, ал етістіктің өз ішінде бұйрық рай мен ашық рай жүйесі жіктелді. Кейінгі даму барысында II жақ бұйрық рай тұлғасы, яғни, қосымшасыз тұлға басқа рай түрлеріне негіз болды.
Қимыл есімдерінің ашық райлы етістік ретінде біржолата қалыптасуына екі түрлі қүбылыс себеп болды. Ол, біріншіден, сөз қолданудың қатаң орын тәртібі немесе сөздердің позициялық қолданыс заңдылығы. Тілдің әлі балаң дәуірінде тіркестер есімдер негізінде құралды да, компоненттерінің арасындағы қатынас сыпаты сөздердің орналасуы, орын тәртібі және айтылу интонациясы арқылы айқындалды. Қимыл есімдері зат, сын атауларымен салыстырғанда семантикалық жағынан нредикативтілікті білдіруге әлдеқайда бейім болды. Ондай сөздердің семантикалық осы айрықшылығы сейлем соңында тұрақты қолданылу арқылы предикатив қызметінде бекінуіне себеп болды. Сөйтіп бұл жерде сөздің семантикасы мен оның қолданыс орны тұтасып келіп вербализацияға негіз болды. Қимыл есімдерін предикативтілікте тұрақтандырған екінші құбылыс — оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесуі. Сөйлемнің жақтық мәні оның соңында айтылған жіктеу есімдіктері арқылы белгіленген. Предикатив қызметіндегі қимыл есімінің грамматикалық көрсеткіші қызметінде айтылған жіктеу есімдіктері айтылу интонациясының әсерімен тұлғалық өзгерістерге түсіп, қимыл есім құрамына еніп, жақ пен санды білдіретін тәсіл болып қалыптасты. Сөйтіп бұл процесс қимыл есімін қимыл мен әрекет мәнінің белгілі бір уақыт пен жаққа қатысын білдіретін сөздердің грамматикалық класына айналдырды, екінші сөзбен, ашық райлы етістік немесе етістіктің жіктелетін тобы қалыптасты.
Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ашып, таза етістік қасиетін молайта түсетін жаңа категориялар қалыптасты, болымды-болымсыздық категориясы, сабақтылық пен салттық мәннің грамматикалық тәсілдер арқылы жіктелуі, қимыл-әрекеттің объектілік және субъектілік қатынасы, таза етістік жасайтын аффикстер тобы, т. б. категориялар жіктеліп, жүйеге айналды. Сонымен қатар, қимыл есімдері де предикатив қызметінде тұрақты да актив қолданылумен қатар, есім мәнін де жойған жоқ. Қазіргі тілдегі есімшелердің басым кепшілігі есімдерше түрленеді, сонымен бірге предикатив қызметін атқарады, етістіктерге тән тұлғалар бойынша өзгереді. Оған орай есімшелердің синтаксистік қызметі де көп түрлі: есімдерге тән қызметте де, етістіктерге тән қызметтерде де қолданыла алады.
Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлі райы бар деп қаралады. Рай деп әдетте етістіктің модальдық мән беретін түлғалары аталады. Сонда рай аталатын етістік категориялары әрі грамматикалық класс, әрі семантикалық топ құрайды. Арнаулы грамматикалық көрсеткіштер райлық топ құрайды. Алайда кейде бір ғана грамматикалық көрсеткіш екі түрлі рай мәнін беріп, екі түрлі қолданылуы да мүмкін. Бір жағынан мұндай құрылыс рай мәндерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын көрсетсе, екінші жағынан олардың бастапқы генезистік бірлігін де байқатады.


Бұйрық райдың негізгі берілу тәсілі етістік түбірлері екені мәлім. Бүл тәсіл көне туркі тіліне де тән: Етістіктің түбір тұлғасы арқылы... едгүті есід. Кейде осы тұлға көпшемен де қолданылғаны байқалады: Тоқуз оғуз беглері будуны, бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңла. Бұл сөйлем бір ғана кісіге емес, көпшілікке арналса да, етістік түбіріне арнаулы қосымша жалғанбаған. Әдетте етістіктің жалаң түбірі деп түркі тілдерінде бұйрық райдың II жақ анайы (немесе қатаң бұйрық) тұлғасы айтылады, Сонда, айналып келгенде, қазақ тіліндегі бұйрық райдың II жақ тұлғасы дегеніміз, сонымен бірге, етістіктің түбірі деп те ұғынылады. Көне түркі тілдері ескерткіштерінің материалдары қазіргі түркі тілдеріне тән осы ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Орхон-Енисей жазбалары тілінде де жоғарыда айтылғандай, етістіктің түбір қалпы екінші жағынан бұйрықтық мән беретін тәсілдің бір көрінісі есебінде қолданылған. Алайда осы ретте кейбір тарихи ескерткіштер тілінде, сондай-ақ, қазіргі тілде ұшырасатын мынадай ерекшелік бар: Тарихи тұрғыдан етістік түбір атаулының бәрі бұйрық мәнін беріп, бұйрық райдың II жақ тұлғасы есебінде ұғынылуы бұлжымас заң болмауы ықтимал. Э. Наджип XIV ғасырға жататын қыпшақ ескерткіштері фактілерінің негізінде осындай ерекшелікті көрсете отырып, «Гүлстан» поэмасы тілінде қолданылатын ачып етістігінің тубірі ач (аш, аш адам) бұйрық рай мәнін бермейді. Бұйрық рай мәні осы түбірден жасалған ачық тұлғасы арқылы ғана берілгенін мысалға келтіреді. Қазақ тілінде де нақ осы етістік түбірден бұйрық мәні тумайды. Сонымен қатар, Э. Наджип тат, аң, арқа, қары, қартай сөздерін ескерткіштер тіліне сүйене отырып, әрі етістік, әрі есім, яғни, етістік ретінде бұлардың қай-сысы да бұйрық мәнін бермеген деп түсіндіреді. Қазақ тілінде олардың біразы-ақ басқаша сипат алғанын байқауға болады. Тат — етістік түбірі болып ұғынылады да, есім мәнінде туынды тұлғасы (татым) жұмсалады. Аң сөзі нақ осы күйінде қазақ тілінде ұшыраспайды, осы түбірден жасалған етістік— аңда, аңда-ма, ал есім — аңсыз, аңдаусыз (аңсыз қалды, аңдаусыз қалды). Арқа — тек қана зат есім, туынды етістік — арқала. Тоз түбірі нақ осы күйінде қолданылмайды (тек тоз-тоз қос сөзін ескермесек), бірақ осы түбірден жасалған тозаң зат есімі, тозаңдат етістігі бар. Қары сөзі осы тұлғасында сын есім, қартай тек қана етістік. Бұдан шығатын қорытынды: бір кезде әрі етістік, әрі есім болып ұғынылған түбірлер айқын бұйрық мәнін бермеген. Кейінгі дәуірде олардың кейбірі тек етістік ретінде қалыптасады да, аффикстер арқылы есімге айналады немесе есім есебінде қалыптасады да, аффикстер арқылы етістікке айналады, сөйтіп айқын бұйрық мәніне ие болады. Қазіргі қазақ тіліндегі тарыл, тарық етістігі мен тар есімі тәрізді фактілер де жоғарғыдай. Олай болатыны, егер айталық, бір кезде түбір екі жақтылы болмаса, тар есіміне етістікке жалғанатын етіс қосымшалары қосылмас та еді. Түбірдің о бастағы екі жақты мәнінің нәтижесінде етістікке тән мән туу үшін етіс қосымшалары қажет болды. Кейін қолдану барысында ол да түбір есебінде қалыптасып кетті. Бұл жай бұдан бұрын айтылған етістіктер мен есімдердің синкретизмімен ұштасады. Қазақ тілінде бұйрық райдың II жақ көптік түрінің қосымшасы құрамында келетін, ал өзбек тілінде II жақ жекеше турін білдіретін -ң, -ың, -ің қосымшасы көне жазбалар тілінде ұшырасады: Сү барың тіді, Алтун йышда олурың тіді. И. Батманов бұл қосымшалар бұйрық мәнін жұмсарту, ыңғайластыру мақсатында көбіне көпше, кейде жекеше де мәнде қолданылғандығын айтады. Сол сияқты, ол тілде етістік түбірге -ғыл қосымшасы жалғану арқылы да бұйрық мәні беріледі: Қарағу едгүті урғыл. Бұйрық райдың III жағы -зун -зүн қосымшасы арқылы берілген: Сү басы Йнел қаған Тардуш шад барзун тіді. Ортағасырлық жазбалар тілінің фактілерін осы айтылғандармен салыстырып қарағанда, үлкен айырмашылық байқалмайды. Осы айтылған тұлғалар кейбір өзгерістермен қайталанып отырылады. Ортағасырлық түркі тілдерінің кейбір ерекшеліктерін М.Қашқари былай түсіндіреді: «бұйрық тұлғасына -ғыл, -қыл, -гіл қосымшаларының жалғануы тыңдаушы біреу болғанда ғана мүмкін. Тыңдаушы екі не одан көп болса, бұл қосымшаларды жалғауға болмайды. Оғыздар мен қыпшақтар бірлікте бар, көптікте барың дейді... Бұйрық тұлғасы барлық тілдерде бірдей, бір-бірінен айырмашылығы жоқ». Бұған қарағанда оңтүстік қазақтарының тілінде ұшырасатын барың тұлғасы Қашқари айтып отырған қыпшақ тілінің ерекшелігі. Қашқари материалдарына қарағанда, III жақ қосымшасының басқы дауыссызы орта ғасырға дейін-ақ қатаңға айналды деп қарауға болар еді (-зун>-сун). Жазбалар тілін зерттеушілердің кейбірі (Щербак, Батманов) -сун, -сүн (-зун, -зүн) тұлғалары айқын бұйрық мәнді бермеген деп қарайды да, пожелательная форма деп атайды.

Қазіргі қазақ тілінде де III жақтық бұйрық рай деп танылып жүрген тұлғаның контекстік қолданылуында кейде бұйрықтан гөрі ұйғару, шешім мәні басым болып отыратыны бар. Бұйрық райдың III жағы ежелгі түркі тілдеріндегідей еріндік дауыстылармен емес, езулік дауыстылармен айтылады. А. М. Щербак еріндікпен (-сун) айтылуы шығыс түркістандық тілдерге тән де, екеуі жарыса қолдану батысқа орналасқан тілдерге тән болса керек деп пайымдайды. Егер осы пікірді қолдасақ, қазақ тілінде езуліктермен айтылу тайпалық кезден қалыптасқан деп қарау мақұл. Қазіргі оңтүстік-шығыс тілдерінде ұшырасатын, сол сияқты қазақ тілінің Жетісу говорында кездесетін -ғын тұлғасы тек қана XIV ғасырдан кейінгі уақыттағы жазбаларда қолданылған. Алайда кейбір мәліметтерге қарағанда -ғыл және -ғын аффикстерін екі түрлі тайпа өкілдерінде қолданылған варианттар деп есептеуге де мүмкіндік бар. Алтын Орда ескерткіштерінде тек қана -ғыл қолданылған. Ал «Мухаббат-нама» тілінде -ғын варианты ұшырайды. Қалай болғанда да, қазақ тілінің жетісу говорында кездесетін -ғын аффиксі батыс тілдерінің қалдығы емес, шығыс түркі тілдерінің әсерінен пайда болған деуге дәлел бар. -ғыл, -ғын аффикстерінің_ генезисі жайлы бір кезде Ж.Дени айтқан, кейін Котвич қостаған пікірді де еске түсіру орынды. Дени -ғыл, -ғын аффикстерінің арғы түбі -қыл етістігі деп қарайды. Егер осы пікірді тарихи тұрғыдан шындыққа жақын десек, негізгі етістіктің грамматикалық мәндерінің көрсеткіші есебінде айтылған көмекші етістік аналитикалық қолданылу салдарынан аффикске айналған. Ондай процестердің схемасын былай беруге болар еді: бар + қыл (синтаксистік тіркес) >барғыл>барғын. Котвич мынадай қосымша дәлел айтады: Моңғол тілінде -цыл етістігі -ңы түрінде айтылады. Егер моңғол тілі осы етістіктің өте архаикалық тұлғасын сақтаған деп қарауға болса, онда түркі тілдеріндегі сыпаты тарихи тұрғыдан түбір мен қосымшадан (-л) тұрады деп білу керек. III жақ аффиксі -сын жайлы әзірге мынаны ғана айтуға болар еді: аффикстің алғашқы элементі -сы моңғол тілінде де ұшырасады және ол тілде II жақты білдіреді: олай болса III жақтың тұрақты форманты болмаған. Ал Н.А.Кононов -сын аффиксі III жақтың тәуелдік жалғауына ұқсас дейтін пікірді қостайды. Бұл екі пікірдің бір-біріне қайшылығы жоқ, қайта бірі екіншісін толықтырып тұр. Якут тілінде осы аффикс -ты түрінде I жақ қосымшасы есебінде жұмсалатынын ескерсек, о баста III жақтың тиянақты қосымшасы еместігін байқауға болады. -сы элементінің жеке түркі тілдерінде әр түрлі ұғынылуы, яғни, әр турлі жақты (бірде II, бірде III) білдіруі де оның о баста айқын етістік қосымшасы болмағандығын дәлелдейді. Түркі тілдерінің көпшілігінде -сы(н) қосымшасы III жақтың форманты екені мәлім. Осыларды ескерсек, бүйрық рай қосымшасы мен тәуелдіктің III жағының семантикалық байланысы бар сияқты. Екеуі де бөгде жақты, көз алдында көрініп тұрмаған субъектіні білдіреді. Семантикалық байланыс әдетте бір ғана форманттың әр түрлі бағытта дамуының белгісі болып отырады.


Бұйрық райдың III жағының қосымшасы -ың да о баста II жақ тәуелдік жалғауы дейтін де болжам бар. Тәуелдіктің II жағымен бұл тұлғаның сырттай ұқсастығы, әрине, айқын. Н.А.Кононов осман түріктері тілінде қолданылатын осы тұлға жайлы былай деп жазады: «Предполагают, что первоначально формально не дифференцированное имя-глагол, используемое в повелительном значении, отличалось от имени ударением, двусложное слово име-ло в таком случае ударение на первом слоге».
Сонымен жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: айқын бұйрық мәнін беретін бұйрық рай қосымшаларының қайсысы да шығу, қалыптасу тегі тұрғысынан тәуелдік жалғауларымен байланысты. Тұлғалық жағынан жіктелмеген есім-етістік түбірге қосылған ондай қосымшалар бұйрық рай мәнінде екпінсіз болған. Сонымен, бұйрық рай қосымшалары генезистік жағынан тәуелдік жалғауларымен, олар арқылы жіктік жалғауларымен байланысып жатады да, есімдіктермен келіп ұштасады.
Бұйрық раймен семантикалық та, грамматикалық та тығыз байланысты болып келетін — қалау рай. Түркологияда кейде қалау райдың бірсыпыра тұлғаларын бұйрық рай деп немесе керісінше бұйрық рай тұлғасын қалау рай деп қараудың да сондай объективтік себептері бар. Контексте кейде бұйрық рай тұлғасы қалау райлық мәнде қолданылады да, қалау рай мәнін беретін болады. Алайда мұндай құбылыс грамматикалық тұлғаның контекстік мәні ғана екені белгілі жайт. V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде қалау райдың I жағы -айын, -ейін, -йын, -йін жекеше, -алым, -лым көпше аффикстері арқылы жасалған: Түрк будун өлтүрейін, уруғсыратайын. Осы аффикстер еш өзгеріссіз осы мәнде орта ғасыр жазбаларында да ұшырасады. Орта ғасыр жазбаларында, әсіресе, Алтын Орда әдеби тілі ескерткіштерінде бұлардан басқа -ғайым, -гейім, -ғайын, -гейін (жекеше), -ғалым, -гелім, -ғалың, -гелің, -ғалы, -гелі түлғалары бар. Э.Наджип соңғы аффикстердің «Мухаббат-нама», «Гүлстан» поэмаларының тілінде жиі қолданыс тапқанын айтады. -ғай-ын күрделі формантының алғы бөлігінің құрамынан ғ элементінің түсіп қалу салдарынан барып -айын тұлғасы қалыптасқан. Сонда барайын тұлғасының құрамындағы -а түбірге тікелей жалғанған көсемше форманты емес, қалау рай тұлғасының қысқартылған түрі болып шығады. Егер түркологияда кең таральш жүрген осы пікірді ұстансақ, барғай едім құрамындағы -ғай мен -ай, -ын құрамындағы -ай генезистік тұрғыдан бір ғана тұлға болып шығады. Қазақ тілінде -айын тұлғасының варианты да бар. Махамбет шығармаларындағы -ман болымсыздық қосымшасы мен -йын қосымшаларының бірігіп, редукцияға ұшырауының нәтижесі: бар-ма-йын, бар-ма-н. Қазақ әдеби тілінде барғай едім тұлғасы норма да, барғаймын тұлғасы архаикалық элемент. Бұл тұлғаның көпше түрі -айық (барайық). Айырма соңғы элементтерінде ғана, -қ жақтық қосымша болумен бірге сандық та қосымша. Бірсыпыра түркі тілдерінде оның орнына -мыз (м-ыз, -з көптік қосымшасы) аффиксі жұмсалатыны белгілі, -айын аффиксінің құрамындағы -ын — жіктеу есімдігінің рефлексі. Бұл жердегі өзгеріс тіл құрамында болған тарихи фонетикалық тенденциялармен байланысьш жатыр. Оны былай деп түсіндіруге болар еді: -ғай + мын>(ғ)ай + (м)ын>ай + ын>а + йы'н. Сонымен, бұл жерде фонетикалық өзгерістің нәтижесінде морфологиялық ығысу процесі де орын алған: алдыңғы қосымшаның құрамындағы дыбыс соңғы қосымшаның құрамына ауысып, орныққан.
Қалау райдың I жақ көпше, жекеше түрлерін салыстырғанда, айырмашылық тек соңғы элементтерінде ғана (-ын және -ық) еке-ні, ал алдыңғы злементтерінің бірдейлігі (-ай) көрінеді. Сөйтіп қалау рай жасайтын қосымша бұл ыңғайда біреу ғана, жекелік, көптік мән арнаулы аффикстер арқылы беріледі. Қөне түркі тілінде, сондай-ақ қазіргі кейбір түркі тілдерінде I жақ көпше мән беретін -алым қазақ тілінде осы сипатта ұшыраспайды. Тек говорлық ыңғайда соңғы элементін өзгертіп, -алық түрінде айтылады. Осы тұлғамен байланысты ескере кететін бір факт мынадай: «Кодекс куманикус» тілінде осы аффикс -алым түрінде берілген. Ал шағатай тілі ескерткіштерінде бұл тұлға кейде -алы түрінде, яғни, соңғы -м элементінсіз де кездеседі. Қазіргі қазақ тілінің батыс және оңтүстік говорларында да осы сипатта (-алы) айтылады. Қөне жазбалар тіліндегі -алым құрамындағы -м жақтық қосымша. Қазақ тілінде жақтық қосымша сақталмай, көптік қосымшамен (-қ) және -й -мен айтылатын вариант қана (-айық) сақталған.
Қазақ тіліндегі қалау райлық мән -қы, -кі тұлғалы етістіктердің көмекші етістіктермен тіркесі арқылы да беріледі. Барғым ке-леді, барғың келеді, барғысы келеді тәрізді синтаксистік тіркестер айқын тілек, қалау мәнін берудің негізгі тәсілі есебінде біздің тілімізде аса жиі қолданылады. М.Қашқари ниет, мақсат мәнін беретін бір алуан етістік тіркестері жайлы былай деп жазады: «Сөйлемде хабар беріліп отырған істі істеу оның хақы екенін білдіретін сөздер. Мұны істеуші бір істі істеуге ниет қойғанын білдіретін сипат десе де болады. Бар бұйрығынан оның хақы, оның мақсаты деген мазмұнды беру үшін барғулуқ түрінде жасалады. Сондықтан барғулуқ ерді — оның баруы керек еді, бару оның хақы, ол баруға ниетті делінеді. Ол мұнда турғулуқ ерді — бұл жерде тұру оның хақы, оның мақсаты осы жерде тұру еді». Қашқари айтып отырған тұлға күрделі, оның құрамында біздің тіліміздегі -қы қосымшасы айқын жіктеледі. Екінші жағынан Қашқаридың ол тұлғаны сипат, яғни, сын есім деп түсіндіруі назар аударуды қажет етеді. Қашқари түсінігіндегі сипат екінші жағынан қимыл есімі де. Қимыл есімі тұлғаларының мұндай қолданысы (-ғу) немесе (-қы) тұлғасымен ғана шектелмесе керек. Қашқари осындай ережені -ғлы тұлғасы туралы да айтады: «Істеушінің өз ойында сол істі істеу мақсат екенін білдіретін сипат. Бұл бұдан бұрын айтылған сипатқа істі қалай да істеу ниетінде екенін білдіру жағынан жақын... Мен сеңе барығлымын — мен саған бармақшымын, баруды ойлап жүрмін, ойымда бару ниеті бар,— дейді. Ол мүнда тұруғлы — ол бұл жерде тұрмақшы, тұрып қалмақ ойы бар. Ол меңе келгілі турур — ол маған келуі керек, келуге жазған, келуді ойлап жүр дегені». М.Қашқари көрсетіп отырған -ғулуқ, -ғлы аффикстері құранды: -ғу-\-луқ, -уғ-\-лы элементтерінен құралады. Соңғы элементтері (-луқ, -лы) бір аффикстің тарихи екі варианты, Қашқари материалдары қалау райдың жасалу жолдарын ғана көрсетіп қоймайды, қазіргі кейбір грамматика оқулықтарында ниет есімше деп аталатын форманттардың да жасалу тәсілдерін айқындайды. Осының қайсысында да міндеттілік мәнер бар. Сонымен, қалау райдың бұл түрі таза етістік түбірден емес, қимыл есім тұлғасынан жасалуы ежелгі құбылыс. Қазіргі қазақ тіліндегі барғым келеді тәрізді тәсіл де нақ осы із.

Барғым келеді тұлғасының қалау мәнінде тұрақталуын форманттардың семантикалық жіктелуімен байланыстыруға да болар еді. Атап айтқанда, етістік қимыл есім түлғасында дербес қолданудан қалып, көмекші етістікті тіркес құрамында ғана айтылатын болған. Бұл құбылыс, бір жағынан, есім мен етістік арасында болған тұлғалық жіктелуге (есім мәнінде бұл тұлға дербес айтылады: соққы, турғы, т. б.) де байланысты болса, екінші жағынан тұлғаның қолданылу аясының тарылуының нәтижесі де. Бір кезде етістік есебінде де, есім есебінде де қолданыс тапқан тұлға есім сөздің морфологиялық форманты болып толық қалыптасқан дәуірде етістік форманты ретінде дербес қолданыла алмайды. Бұл ыңғайда Богородицкий айтатын, морфологиялық жіктеліс заңын көруге болар еді.


Қазак тілінде -ғай тұлғасының жіктелуі арқылы да қалау рай жасалады. Бұл тұлға сонымен қоса, келер шақ мәнін де береді. -ғай тұлғасының ежелгі қолданысы шақ мәнін беру Орхон-Енисей жазбаларында сирек, бірақ қалау, тілек мәнінде келер шақ жасайтын тұлға ретінде қолданылған. Ал М.Қашқари -ғай тұлғасын келер шақ жасайтын тұлға деп түсіндірген. -ғай тұлғасының басқалардан айырмашылығы қалау, тілек мәнін білдіруінде. Кейінгі дәуірге қатысты «Кодекс куманикус» тілінде де айырмашылық байқалмайды: біз көңүл көзүбіле байқайбыз, иігейбіз,

жөплегейбіз, бірге күлтебегні бағлағайбыз. -ғай тұлғасының әрі шақ, әрі рай мәнінде қолданылуы ұйғыр жазуының ескерткіштері тілінде, кейінгі дәуірге қатысты Абулғазының «Шежіре-и түркін-де» де байқалады. Ал «Аттухватуз» авторы бұл тұлғаны келер шақ деп түсіндіреді. Қазақ тілінде -ғай тұлғасының шақ мәні әлсірегенде, оның қалау, тілек мәні негізгіге айналған. Мұндай трансформацияға семантикалық негіз де бар: қалау, тілек қашан да болашаққа, алдағы уақытқа қатысты айтылады.


Қазақ тілінде қалау рай барсам екен, барсаң екен конструкциялары арқылы да жасалады. Мұны Қашқари көрсететін барығсақ ерді тұлғасымен байланысты деп қарау мақұл: барығсақ ерді> бар (ығ) + са/қ ерді>барса еді. Түркі тілдеріндегі ғ, г дыбыстарының тарихи өзгерісіне келіп саяды. Сонымен, қазақ тіліндегі барсам екен тәрізді қалау рай тұлғалары етістік түбірге шартты рай қосымшасының жалғануы арқылы емес, қимыл есім тұлғасында -сақ қосымшасының қосылуы арқылы қалыптасқан. Әрине, -сақ қосымшасының езі де күрделі:. -са-қ, алдыңғы элементі етістік жасайтын аффикс. Қысқасы, барсам екен қимыл есім тұлғасынан қалыптасқан.

Шартты рай тұлғасы -са, -се V—VIII ғасыр ескерткіштерінде (Орхон-Енисей жазбаларында) -сар, -сер түрінде ұшырасады: ол ііергерү барсар, түрк будун, өлтечісен. Бұл тұлғаның қазіргі тілдегі осындай тұлғадан бір айырмашылығы — тәуелдік жалғауларды қабылдамаған. Қай жақта айтылғаны постпозициялық қолданыстағы жіктеу есімдіктері арқылы берілген. Көне түркілік -сар аффиксі кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілінде соңғы -р-сіз кездеседі. М.Қашқари сөздігінде, «Аттухватузда» тек қана -са. Бұған қарағанда, шартты рай тұлғасына жақ жалғаулардың қосылуы оның құрамынан -р элементі түсіп қалғаннан кейін ғана болса керек. М.Қашқари Диванында бұл тұлға шарт мағынасымен қоса мезгіл мәнін берген. Контекстік қолданылуына қарай бірде шартты, бірде істің істелуге тиіс уақыт, мезгілін білдіріп отырған. Көне түркілік -сар аффиксінің -р элементі түсіп қалу кезеңін дәл айту, әрине, қиын. Орта ғасыр жазбаларында тек қана -са күйінде кездессе, V—VIII ғасыр жазбаларында тек қана -сар. Алайда «Алтун яруқ» (X ғ.) тілінде -сар, -са тұлғалары жарыспа қолданылған. Малов -са түуіғасын қалау рай деп қарайды да -сар тұлғасын шартты рай деп түсіндіреді. Бұған қазіргі қазақ тіліндегі суса (су-са), қауса (қау-са), қақса (қақ-са) тәрізді есімнен осы тәрізді аффикс арқылы жасалған етістіктер де дәлел болса керек. М.Қашқари сөздігінде -са екі түрлі тұлғада жалғанатыны келтіріледі. Бірі, жоғарыдағыдай, етістік түбірге жалғану, екіншісі — қимыл есімге (көбіне -ығ тұлғалы) жалғануы. Қашқари сөздігінде соңғы тәсілге мынадай фактілер келтіріледі: «ер қурурсады — адам құртты тіледі (кұрт жегісі келді). Қөзүрседі — ол меңе тон көзүрседі — ол маған тон кигізгісі келді. Татығсады — ер татығсады — кісінің көңілі тәттіні тіледі. Сатығсады — сатқысы келді. Ер атын сатығсады — кісі атын сатқысы келді. Ьарығсады — барғысы келді. Ол ев-ге барығсады— ол үйге барғысы келді. Туруғсады — тұрғысы келді. Ол мұнда тұруғсады — оның осы жерде тұрғысы келді». Осыдан бұрын әңгіме болған -ығсақ тұлғасының да бұдан ешқандай айырмашылығы жоқ (Қашқаридың өзі солай түсіндіреді). Екінші бір ретте -ығсақ тұлғасы туралы «Есім сөздер арқылы сол мағығынаны (қалау, ниет) аңғартпақ болғанда, кісіні сол сөзбен байыптайды. Сондықтан ол ер ол тауарсақ — ол кісі дүниені ғана тілейді, дүниені дос тұтады»,— деп жазады. Сонда -ығсақ тұлғасы да екі түрлі түбірлерге, бірде етістік түбірге, бірде есім түбірге жалғанатын болып шығады. Есім түбірге жалғануына қазақ тіліндегі сусақ, уйірсек, жемсек тәрізді сөздер мысал бола алды. М.Қашқари тағы бір жерде — істі істеу тілегінде екенін білдіруші сипат мынадай формада қолданылады: тобуғсақ ер — іс қызметті тілеуші, сүюші кісі дейтін де ескертпе айтады. Айналып келгенде, -ығсақ тұлғасы қимыл есімі, сондықтан да ол анықтауыш қызметінде қолданыла алады.


Енді осы тұлғаларды сырттай салыстырып байқайық: -сар, -/ығ/ + сақ, -/ығ/ + са. Егер алдыңғы қимыл есім тұлғасын былай қойсақ, бәріне ортақ элемент -са келіп шығады. -сар құрамындағы -р де -сақ құрамындағы -қ сияқты (оның қимыл есім тұлғасы екенін қазіргі тілде осы формада айтылатын есім сөздер дәлелдейді) қимыл есім, есімше форманты. -р ауыспалы келер шақ жасайтын қосымша екені барлық жазба ескерткіштер тілінен белгілі. Бүкіл тұлғаның (әуелі -сар, кейін -са) келер шақтық мән алуына бір жағынан бұл да себеп болса керек. Сонымен, шартты рай форманты -са, -се бір кезде түбір және -ығ тұлғалы туынды есімнен етістік жасайтын аффикс, жай түбір етістіктің аналогиясы арқылы етістік түбірге де жалғанып, оның модальдық түрін жасайтын болған: -ығ фонетикалық жағынан тұрақсыз, сондықтан да ол көп түркі тілдерінде сақталмаған. Соның салдарынан, -сар немесе -са аф-фиксі тікелей етістік түбірге жалғанатын болды. Ал тува тілінде -ықса сипатында ұшырасады. Яғни, ол тілде -са аффиксі тікелей етістік түбірге қосылмай, туынды тұлғаға — қимыл есім тұлғасына жалғанады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы