4.3.3. УРОГЕНИТАЛЬДЫ МИКОПЛАЗМАЛЫ ИНФЕКЦИЯ
Урогенитальды микоплазмалы инфекция (УМИ) – микоплазмамен шақырылатын зәр-жыныс жүйесінің ауруы.
Генитальды микоплазманы гонококкты емес уретрит байқалатын ер адамдардың 50-70%-да, сексуальды белсенді әйелдердің 15-80%-да және дені сау деп есептелетін ер g
Ureaplasma urealyticum-ды дені сау адамдардың 5-10%-да, Mycoplasma hominis 1,5-3%-да аранынан анықталады.
Этиологиясы. Микоплазмалар микроорганизмнің бөлек классы болып келеді; олардың 3 түрі генитальды деп аталған: M. genitalium, U. urealyticum, M. hominis.
U. urealyticum-нің уретриттің және қосымша жыныс бездерінің зақымдалуында алатын орны M. hominis қарағанда басымырақ келеді.
M. genitalium гонококктық емес уретрит байқалатын ер адамдардың 29%-да, клиникалық дені сау адамдардың 12% ғана анықталады. Олардың уретриттің рецидиві мен созылмалы простатиттің дамуына қатынасы бар деп есептеледі. Қазіргі кезде M. genitalium патогенді деп есептеледі.
Адамға микоплазманың патогендік әсері жасушалардың және оның геномының кішкене мөлшерімен, жасушалық қабырғасының болмауымен және қожайын-организмнің мембаранасымен жасушалық мембаранасының құрылымының ұқсастығына байланысты болуы мүмкін деген болжам бар. Диагностикасы
Культуральды (микробиологиялық әдіс) – микоплазмаға (U. urealyticum, M. hominis) арналған арнайы қатты тағамдық ортаға уретрадан себу. Микоплазманың концентрациясының 104 КОЕ/мл-ден артық болуы олардың патогендік потенциясының дәлелі бола алады.
Молекулярлы-биологиялық әдіс. ПТР әдісі зерттелген материалдан ДНК бөліп, микоплазма гендерінде нуклеотидтердің реттілігін анықтауға негізделген.
ПТР-диагностикасы процесстің жүйелілігін көрсете алмайды және M. hominis-ті анықтауға болады. Басқа микоплазмаларды анықтау үшін ПТР өзіндік кезеңінде пайдаланылады, сандық бағасын береді.
Емі. Тетрациклиндер және макролидтер тобының препараттары пайдаланылады. U. urealyticum-ге қарсы джозамицин мен доксициллин белсенділігі, ал M. Genitalium-ге қарсы азитромицинннің белсендігі жоғары.
M. hominis негізінен тетрациклин қатары дәрілеріне, аздау дәрежеде азитромицин және джозамицинге сезімтал болып келеді. Асқынбаған қабыну процесстерінде:
доксициллин моногидрат – 0,1 г-нан 7 күн бойына тәулігіне 2 реттен;
азитромицин – 1,0 г-нан бір рет;
джозамицин (вильпрафен) – 500 мг-нан тәулігіне 2 реттен 7 күн бойына береді. Асқынған қабыну процесстерінде:
доксициллин моногидрат – 0,1 г-нан тәулігіне 2 рет 14 күн бойына;
азитромицин (сумамед) – 1,0 г-нан 1-ші, 7-ші күндері;
джозамицин (вильпрафен) – 500 мг-нан тәулігіне 2 рет 14 күн бойына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |