Ер адамдарда урогенитальды трихомонниазды уретриттің аз білінуі және T. Vaginalis-ді анықтау қиындығы қазіргі кездегі ағымының ерекшелігі болып келеді.
Урогенитальды инфекция моноинфекция түрінде 10,5%, басқа патогенді микроорганизмдермен ассоциалануы 89,5% жағдайда байқалады.
Аралас инфекциялануда трихомонада гонококктың, хламидийдің, микоплазманың және басқа, көрсетілген инфекцияны емдеу кезінде T. Vaginalis-тің ішінде персистирлейтін және трихомонадтар өлгеннен кейін трихомониазға қосарланған аурулардың рецидиві себебі болатын микрорганизмдердің резевуары болады.
Әйел адамдарда трихомонадалық инфекцияның клиникалық көрінісі негізінен зәр-жыныс жүйесінің төменгі мүшелерінің зақымдалуымен сипатталады. Оның ішінде жиі кездесетіні – уретритпен қосарланған вулвовагинит және парауретралық және/немесе үлкен вестибулярлық бездердегі қабыну процессі. Жатыр қуысында, алынып тасталған жатыр түтікшелерінде трихомонадалардың анықталуы және трихомонадалық инфекцияның жүктіліктің жағымсыз аяқталуымен байланысы болуы мүмкіндігі туралы мәліметтер бар.
Қыз балаларда трихомонадты вульвовагинит, цервицит, уретрит инфекцияның көрінісі болып келеді. Клиникалық тұрғыдан диффузды гиперемия, сыртқы жыныс мүшесі аймағының ісінуі, жатырдан жағымсыз иісті, көп мөлшерде бөліністің бөлінуі инфекцияның көрінісі болып келеді.
Вульва, гименальды сақина, қынап және зәр шығару түтігінің сыртқы тесігінің маңында эрозиялар пайда болуы мүмкін.
Диагностикасы уретраның, цервикальды түтіктің, қынап күмбезінің, бартолиндік және парауретральдық бездердің кілегей қабатынан алынған нативті жағындыларда (қара жазық немесе 1% метилиндік көк немесе Грам бойынша боялған) тікелей T. Vaginalis-ті анықтау негізделген. Культуральды тексеру әдісі диагностиканың сапасын артырады (сезімталдығы 95%).
Емі. Урогенитальды трихомониаз байқалатын ауруларды емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Урогенитальды трихомониаз (асқынусыз):
Келесі берілген препараттардың бірін қолданады:
метронидазол – 2,0 г бір рет ішуге немесе 500 мг әр 12 сағат 7 күн бойна ішеді;
тинидазол – 2,0 г бір рет ішеді;
орнидазол – 500 мг-нан әр 12 сағат сайын 5 күн ішеді;
Достарыңызбен бөлісу: |