Болжамы. Кортикостероидтарды қолдану мұндай науқастардың өмірін ұзартуға көмек береді. Бірақ перманентті ем кейбір асқынуларға (стероидты диабет, гипертония, остеопороз және т.б) әкелуі мүмкін.
Алдын алу. Көпіршікпен ауыратын науқастарда рецедивтің алдын алу амбулаторлы жағдайда жүргізіледі.
2.6.5. ДЮРИНГ АУРУЫ (ГЕРПЕТИФОРМДЫ ДЕРМАТИТ)
Герпетиформды бөртпе мен қатты қышу немесе күю сезімімен білінетін созылмалы аутоиммунды ауру.
Этиологиясы мен патогенезі толық анықталмаған. Глютенге (дәнді дақылдар ақуызына) жоғары сезімталдық пен целиакия маңызды. Бұл ауру эндокринді өзгерістер (жүктілік, менопауза), лимфогранулёматоз, токсемия, вакцинация, жүйкелік және физикалық шаршау фонында пайда болуы ықтимал. Дюринг дерматитімен ауыратын науқастардың йодқа жоғары сезімталдығын ескере отырып, бұл аурудың көптеген эндогенді тітіркендіргіштерге аллергиялық жауап екені жайлы болжам айтылады. Бұл аурудың онкологиялық аурулармен қосарласып келуі, оны параонкологиялық дерматоздарға (паранеоплазиялар) жатқызуға себепші болды.
Клиникалық көрінісі. Дерматоз жиі 25-55 жас аралығында дамиды. Өте сирек науқастың өмірінің алғашқы айларында немесе егде тартқан шағында дамиды. Әйел адамдар ер адамдардан сирек ауырады.
Тері элементтері полиморфты.
Бір уақытта не аздаған интервалмен көпіршіктер, сулы бөртпелер, папулалар, пустулалар, күлдіреуіктер шектелген эритематозды аймақта пайда болады (106-сурет). Содан соң екіншілік элементтер: эрозиялар, қабыршақтар, қабықтар пайда
болады. Бөртпелер топтасқан
(герпетиформды), симметриялы
орналасады. Ауру кейде субъективті симптомдармен (қышыну, күйдіру мен ауырсыну) басталады. Науқастардың жалпы жағдайы, кезекті түрде қызуының көтерілуіне қарамастан, қанағаттанарлық болып қала береді.
Дене мен аяқ-қолдың жазғыш бетінде және бөкседе, везикула мен пустулаға айналуға бейім, эритематозды дақты-папулезді және уртикарлы элементтер пайда болады. Ірі пемфигус тәрізді көпіршіктер пайда болуы да мүмкін. Диаметрі 5-10 мм бозғылтсары түсті саңалау көрініп тұратын везикулалар тән. Олар одан да ірі жарылып, кеуіп қабыршақ түзейтін көпіршіктерге айналуы мүмкін. Везикула, пустула немесе көпіршіктің ішіндегі сұйқытық кейде геморрагиялық болады. Бөртпелер қатты қышыну немесе күйдіру мен ауырсынумен жүреді. Қатты қышыну салдарынан пайда болған экскориация, терең қасыған жерлердегі қабыршақ, эрозия, мүйізгек, тілінулер, пигментация полиморфизмді күшейтеді. Вульгарлы көпіршікпен салыстырғанда мұнда ауыз кілегейі анағұрлым сирек зақымдалады (10% жағдайда) және ешуақытта терідегі көріністерден бұрын пайда болмайды. Дегенмен, балаларда ауыз кілегейі жиі зақымдалады, көпіршікті элементтер басым келеді, олардың топтасу мен полиморфизмге бейімділігі төмен болып келеді. Бұрын бөртпелер болған жерлерде пигментация байқалады, бұл ересектерде де байқалады.
Никольский белгісі Дюринг дерматитінде теріс. Қанда эозинофилия болады. Көпіршік құрамында да әдәуір көлемде эозинофильдер анықталады. Базальді мембрана аймағындағы зақымдалу ошағынан алынған тері биоптатына иммунофлюоресцентті зерттеу жасаған кезде иммуноглобулиннің (IgA) түйіршікті тұнбалар анықталады.
Ісініп-қызарған теріде орналасатын диаметрі 1 ден 3 см дейін болатын керілген мөлдір көпіршіктер түріндегі үлкен көпіршікті дерматоз бен қауырт қызарған теріде диаметрі 1-2 мм ден 1 см дейін болатын көпіршікшелер мен папуло-везикулезді элементтер түріндегі ұсақ көпіршікті дерматозды ажыратады. Бірінші жағдайда дерматоздың жиі орналасатын жері – дене беті, аяққолдардың жазғыш беті, екінші жағдайда – негізінен бет терісі, аяқ-қол, шап және қолтық асты қатпары. Герпетиформды дерматозбен ауыратын науқастардың йодқа сезімталдығын диагностикалық мақсатта қолданады. Құрамында 50% калий йодиді бар жақпамайды жаққан кезде 24-48 сағаттан соң сол жерге бөртпелер шығады (Ядассон бойынша сынама). Дегенмен, йодты калиймен сынаманы процесстің өршу сатысында немесе асқыну кезінде жасауға болмайды.
Балаларда Дюринг дерматитінің анық клиникалық симптоматикасына қарамастан, жиі оларда эозинофилия мен йодқа сезімталдықтың болмауы дерматологтарға бұл белгілердің міндетті емес, тек шатты деп топшылауына түрткі болды. Балалар сирек жағдайда ауырады, бірақ процесс өмірінің алғашқы күні дамуы мүмкін. Көптеген балада Дюринг ауруы инфекциялық аурулардан соң дамиды. Везикулезді-буллезді элементтері бар ірі эритематозды-ісікті ошақтар басым келеді, науқастарды қышыну мазалайды. Балаларда везикула, көпіршіктер мен пустулаларға тез айналатын жайылған диссеминирленген уртикарлы, дақтыпапулезді бөрпелер жиі кездескенімен, оларда бөртпелердің топтасуы аз болады. Бөртпелердің жиі жыныс мүшелер аймағында, үлкен қатпарларда орналасуы мен екіншілік пиококкты инфекцияның қосылуын ескерген жөн. Балаларда ересектерге қарағанда ауыз қуысы везикулезді-буллезді элементтермен жиі зақымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |