Этиологиясы


СЕБОРЕЯЛЫҚ (ЭРИТЕМАТОЗДЫ) КӨПІРШІК – СЕНИР-АШЕР СИНДРОМЫ



бет19/27
Дата01.01.2023
өлшемі62.79 Kb.
#405289
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
2.6.4. СЕБОРЕЯЛЫҚ (ЭРИТЕМАТОЗДЫ) КӨПІРШІК – СЕНИР-АШЕР СИНДРОМЫ
Бұл ауру шынайы күлдіреуікке жатады, жапырақ тәрізді және вульгарлы көпіршікке ауысуы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда ауру қатерсіз түрде болса да, ұзақ уақыт өтеді. Алғашқыда бет терісі, сирек – бастың шашты бөлігі, кеуде мен арқаның түкті бөлігі зақымдалады. Эритематозды фонда тығыз орналасқан тыртықталған эритематозға ұқсас майлы қабыршақ пайда болады (104-сурет)
Бұл қабыршақтарды алып тастағаннан кейін эрозияланған ылғалды беті қалады, оның дақжұғындысында
акантолитикалық жасушалар
анықталады. Көбін
көпіршіктердің пайда болуы байқалмайды және бұл жағдайда (Сенир-Ашер) қабыршақтардың пайда болуы біріншілік процесс болып көрінеді. Басқа жағдайларда себореяның көбіне пайда болатын жері дене мен аяқ-қолдарында сары қабыршақпен қапталған көпіршіктер пайда болады. Кілегей қабатына сирек шығады, шыққан жағдайда ақыры қолайсыз болып келеді.
Ауыз кілегей қабатының себореялық көпіршікпен зақымдалуы жоғарыда айтылған жәй көпіршектегдей. Вегетирленген көпіршікте ауыз кілегейінің эрозиялар аймағында емізікті грануляцияға ұқсас өсінділер пайда болады. Бұл аймақтарда эрозияланған кілегей қабаты гипертрофияланған және үнгірлі жүлгелерге толы болып келеді.
Эритематозды пемфигуспен ауыратын науқастарда люминесцентті микроскопияда тікенекті қабаттағы жасушааралық затының да, дермоэпидермальды шекарадағы базальды мембрананың да жарқырап сәулеленуі байқалады.
Вегетирлеуші көпіршікте эозинофильдерден тұратын эпидермаішілік іріңдіктер болады.

2.6.4. КӨЗ КӨПІРШІГІ


Көпіршіктердің конъюнктивада, сирек – ауыздың кілегейі мен терісінде (мукосинехиальды атрофияланушы буллезді дерматит), пайда болған жерінде тыртық пен жабысқақтарды тудыратын акантолитикалық емес дерматоз. 50 жастан асқан әйел адамдар жиі ауырады.
Ауру бір – не екіжақты конъюнктивит түрінде дамып, артынан ұсақ көпіршіктер пайда болады, оның орнында конъюнктива мен склера арасында жабысқақтар дамиды. Симблефарон, көз саңылауының тарылуы, көз алмасының қозғалмай қалуы, соқырлық дамиды. Ауыз, таңдай, көмей, ұрт кілегейінде мөлдір құрамды керілген көпіршіктер пайда болады. Оның орнында етті қызыл түсті эрозиялар қалады, олар тырнағанда қансырайтын ақшыл-сұр түстес қабыршақпен қапталады. Никольский симптомы теріс. РИФ көмегімен IgG базальды мембрана төңірегіне жиналуы анықталады, бұл маңызды диагностикалық маңызға ие. Бөртпелер бекітілген.
Вульгарлы көпіршікпен салыстырғанда, көзкөпіршігінде процесс көз конъюнктивасы мен терісінде аздаған көпіршіктермен шектелген, көпіршіктер көбіне жабысқақтардың дамуымен тыртықтанады (105-сурет). Никольский симптомы теріс, акантолитикалық жасушалар анықталмайды.
Көпіршікте акантолиз яғни, тікенекті қабаттың төмеңгі бөліктеріндегі жасушаааралық көпірлердің еруі салдарынан эпителийішілік дамуы болады. Бұл қабаттың жасушалары ажырап арасында алғашқыда тесіктер артынша көпіршіктер
пайда болады. Бұл көпіршіктердің жарылғанынан кейінгі беті мен
түбі акантолитикалық клеткалармен жабылған (Тцанк жасушалары).
Диагностикасы. Көпіршіктің алғашқы терідегі көрінісі оның диагностикасында үлкен қиындық тудырады. Терідегі бөртпелер импетиго немесе микробты экзема ошақтарына ұқсас, ауыз кілегейінде орналасса – афтозды элементтерді немесе банальды жарақатты эрозияларды еске салады. Никольский симптомының оң болуы мен жұғындыда акантолитикалық клеткалардың табылуы диагностикалық жағынан маңызды. Ауыз кілегейінің шектелген пемфигуспен зақымдалуында көпіршік диагнозын цитологиялық зерттеулер және иммунофлюоресценциямен дәлелдеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
бекіту туралы
Жалпы ережелер
арналған әдістемелік
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Қысқа мерзімді
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
білім берудің
рсетілетін қызмет
бағалаудың тапсырмалары
тақырыптық жоспар
атындағы жалпы
пәнінен тоқсанға
пайда болуы
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
пәнінен тоқсан
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі