Этиологиясы



бет18/27
Дата01.01.2023
өлшемі62.79 Kb.
#405289
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
2.6.2. ВЕГЕТИРЛЕЙТІН КӨПІРШІК
Көпіршіктің бұл формасының клиникасы вульгарлы түрімен ұқсас келеді және ауыз қуысының кілегей қабатына көпіршіктер шығуымен сипатталады. Айырмашылығы, көпіршіктер табиғи тесіктер, кіндік және терінің ірі қыртыстар аймақтарында (қолтық астында, аралықта, құйрық арасында, кеуде безі астында, құлақ артында) орналасуымен ерекшеленеді. Беті алынған күлдіреуіктің орнына эрозияланған, лас жабындымен жабылған бөлікте айтарлықтай экссудат бөліп тұратын папилломатозды өсінді пайда болады. Зақымдалудың нәтижесінде кең, вегетирлейтін, кейбір жерлерінде іріңді-некротикалық аймақ пайда болады. Никольский белгісі жиі оң болады. Дерматоздың бұл түрінде қатты ауырсыну және күйдіру сезімі байқалады. Сондықтан активті қимыл-қозғалысы шектелген болып келеді. Жақсы ем нәтижесінде вегетация қайтып, эрозия жаңа қабықпен эпителизацияланады. Бұрынғы бөртпелердің орнында айқын пигментация қалады. Вегетирленген көпіршік байқалатын науқастардың біразында ару байқалып, өлімге әкелуі мүмкін.
2.6.3. ЖАПЫРАҚ ТӘРІЗДІ (ЭКСФОЛИАТИВТІ) КӨПІРШІК
Ауру беткей саңалаудың, жиі мүйізді қабаттың тікелей астында, кейін көпіршікке айналатын, пайда болуына әкелетін айқын акантолизбен білінеді.
Жапырақ тәрізді көпіршік ересек адамдарда, вегетирлейтін көпіршікке қарағанда, жиі кездеседі, ал балаларда бұл формасы басқа вульгарлы көпіршіктен басым келеді.
Аурудың басында көзге көрініп өзгермеген теріде болбыр, жұқа қабығы бар, беткейден сәл көтеріліп тұрған көпіршіктер пайда болады. Олар тез жарылып, айтарлықтай эрозия қалдырады сылынып алынады, эрозия қалыптасады.
Қабыршақтың астында эрозияның эпителизациясы жәй жүреді.
Экссудаттың жаңа бөлігі бұл қабыршақтардың бірнеше қабатты болуын қамтамсыз етеді (осыдан «жапырақ тәрізді» – эксфолиатитвті деген атақ алған) (103-сурет). П.В. Никольский 1896 жылы суреттеген белгі көпіршіктің бұл түрінде әруақытта оң болады. Көп жыл созылмалы ағымдары өз-өзінен (спонтанды) сауығу кезеңдерін қамтуыда мүмкін. Дерматоздың үдемей келе - келе тері қабатының көптеген
жеріне, көбінесе бастың
шашты бөлігіне (жиі шаштар
түсіп қалады) жайылады, кей жағдайда эритродермия типтес болып дамиды. Ауыз қуысының кілегей қабаты жапырақ тәріздес көпіршікте сирек зақымдалады. Науқастың жалпы жағдайы зақымдалған тері қабаты көлеміне байланысты: ошақтар аз болса шамалы қиналады, жайылған зақымдалуларда нашарлайды (әсіресе балаларда) температурасы жоғарылап, су-тұз алмасуы бұзылып, анемияның, эозинофилияның дамуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы