Эссе: Театрдың жастардың мәдениетін дамытудағы рөлі



Дата10.06.2022
өлшемі14.1 Kb.
#267630
Байланысты:
ЭССЕ Театр туралы
отчет-02 05 2016

ЭССЕ: Театрдың жастардың мәдениетін дамытудағы рөлі

Өнер атаулының ішіндегі шоқтығы биігі – театр өнері. Театр адам баласының жан дүниесін байытып, ізгілік пен зұлымдық, махаббат пен қиянат сынды қасиеттердің ара жігін ажырата білуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Театр табалдырығын аттаған көрерменнің сырт келбетінен бастап ішкі дүниесі де шуақ шашады. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойындағы мәдениетті дамытуда театрдың рөлі айрықша.


Менің жан дүнием киелі сахна өнерін сүйеді. Бала күнімнен ертегі мен жырды құлағыма құйып өсірген апамның актриса болуы мені театрға ғашық етті. Кішкентайымнан апамның көрермені бола жүріп, қазір бой жеткен шақта театрдың тілін терең түсіне білетін есті көрерменге айналдым. Ұлттық құндылықтарға толы классикалық, тарихи, заманауи қойылымдарды да жақсы көремін. Бір қойылымды бірнеше рет көрсем де, әр көрген сайын әр алуан сезімге бөленемін. Театр сонысымен де ерекше.
Мені қуантатыны – театрды сүйетін жастардың көп болуы. Оқушылар мен студенттер топ-топ болып театрға ағылып жатады. Театрға тек ұстазының жетелеуімен келгендер болса да, ондай балаларды да театр баурап алатынына сенімдімін. Өйткені мұнда бәрі шынайы. Бұл өнердің жүгі кинодан ауыр дер едім, себебі кинода қате кеткен тұсты қайта түсіріп, өңдеуге болады. Ал мұнда бәрі сол сәтте өтіп жатады.
Театр – қай заманда да рухани құндылықтардың мәңгі мекені. Көне заманнан келе жатқан сахна өнерінің өміршең болуының сыры да осында. Әр ұлттың театры жасампаз болуы үшін әр уақытта да оның кішкентай көрермендері мен А. Әшімов, М. Өтекешова сынды сахна саңлақтарының шәкірттерін тәрбиелеп отыру керек. Сонда дәстүр жалғастығы үзілмейді, жастардың, ұлттың мәдениеті дамиды. Шын мәнінде театр мәдениеті киім ілгіштен емес, әр адамның өзінен, отбасынан басталатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы