Эссе ахмет Байтұрсынұлы ұлт ұстазы



Дата20.01.2023
өлшемі16.7 Kb.
#417654
Байланысты:
Ахмет ұлт ұстазы


ЭССЕ Ахмет Байтұрсынұлы ұлт ұстазы
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. 
Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Кейінгі ұрпақ ұлы ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Бір кездері есімін атап, еңбегін сақтауға тиым салынған ұлт көсемі, елі үшін жанын қиған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері жан-жақты зерттеліп, дұрыстап дәріптеліп, баспадан келешек ұрпаққа жол тартса дейсің.
Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1872 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылумен тынады.
Әкесі берген ақылы, өтініші: "Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген ақылына, өсиетіне адал болып, өз бетімен білім алған. Өз ұлтын надандықтың шырмауынан шығарамын деп басын бәйгеге тіккен ұлт көсемі. Ахмет Байтұрсынұлының сан қилы оқиғаға толы өмірі бүгінгі күні де адамдарды таңғалдырады және өмір сүруге, жасампаздыққа деген ұмтылысын оятады.
Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының "Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының "Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. 

Оның алғашқы кітабы — «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Осы кітаптың өзінде отаршылдықтың зорлық-зомбылық, елдің тұралаған халін тұспал­дап болса да жеткізді.


Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал «Тіл — құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.





А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. 
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… 
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ. 
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді.
Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. "Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. "23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері. 
А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы… 
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған. 

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері "Қырық мысал” , "Маса”, "Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. "Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы. 


Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш «Әліппесін», «Тіл құралын», «Әдебиет танытқышын» сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы, ғылыми, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың»(1913-1918) тұрақты редакторы, Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, аудармашы, публицист журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы ұстаз. КазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы... 
Ол ең алдымен қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар А. Байтұрсынов - өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тіккен.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/27465/
«Ана тілі» газеті
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал / ҚМРБК Құраст. А.Байжұманова.- Алматы, 2003.- 46 б.
«Хабар» арнасы «Ұстаз жолы» деректі фильм

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет