«Әскери-спорттық клубтар федерациясы» ҚОҒамдық бірлестігі әдістемелік қҰрал



бет12/21
Дата20.11.2021
өлшемі107.37 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Арақашықтыққа жүгіру

Қатысушы кедергілі жарыс дистанциясынан өткен кезінде трасса бойындағы барлық бақылау пунктілерінен өтуі тиіс.

Көшбасшысымен жүгіруге тыйым салынады, яғни спортшымен алдымен, артымен, қапталдаса еріп жүгіруге болмайды.

Қатысушының құқығы жоқ:

дистанцияны қысқартуға (төте жүгіруге);

бұрылыстың ішкі иініне кіруге, егер бұрылыстың ішкі жағына белгі қойылса;

сырттан қандай да болмасын көмек алуға;

алдындағы қарсыласын итеруге, бүкіл дене салмағымен соғылуға, жолын кесіп өтуге және басқа да жолмен басып озушы спортшыға кедергі жасауға.

Көрсетілген тәртіпті бұзған спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.




    1. Граната лақтыру

Граната лақтыру граната лақтыратын сектордағы лақтыру сызығының бойына екпінмен жүгіріп келіп лақтыру арқылы жүзеге асады.

Граната лақтыру кезінде спортшының қаруы өзінде (қолында, арқасында, иығында) болуы қажет, онымен үйіндіге тіреуге болмайды.

Егер спортшы осы кездегі Ережені бұзбай, сектор шегінен төмендегі қашықтыққа гранат лақтырса: ер адам үшін – 45 метр, жастар үшін – 35 метр, әйелдер мен қыздар үшін – 25 метр мұндай көрсеткіш, жаттығу орындалған болып саналады.

Қатысушылар тек қана лақтыруға арналған сектордағы (лақтыру бойынан 0,5 метр) гранаталарды пайдалана алады.

Өздерімен бірге әкелулеріне немесе сырттан басқа граната түрлерін алуларына тыйым салынады.

Граната лақтыру үшін секторға келген жарысқа қатысушы:

командасыз алғашқы граната лақтыруға: бірінші граната лақтырғаннан кейін қолына екінші граната алуына болады, бірақ төрешінің белгісі берілмейінше, оны лақтыруға құқығы болмайды.

Граната лақтыру секторындағы төреші:

граната лақтыруды санап тұрады, гранатаның белгіленген қашықтыққа түскеніне сенген жағдайда (45,35,25 м) немесе сектор маңына «Болады» командасын береді және бір мезгілде жалаушаны жоғары көтеріп, кедергілі жүгіруді жалғастыруға болатынын ескертеді. Осы жағдайда спортшы қалған гранаталарды жерге қояды да, жүгіруін жалғастырады;

лақтыруды есепке алмайды, «Жоқ» командасын береді, төмен қаратылған жалаушаны бұлғайды, егер граната көрсетілген шепке жетпесе және сектор белгісінің маңына түссе. Бұл жағдайда спортшы екінші, (үшінші) лақтыруды жүзеге асырады;

үшінші лақтырыс та ойдағыдай болмаған жағдайда, граната лақтыру секторындағы аға төреші төмен түсірілген жалаушаны бұлғайды «Айып алу» командасын береді.

Егер лақтырылған граната бақылау нормативіне дейін 5 метрден кем жерге түссе қатысушыға бір айып шеңберін белгілейді, 5-10 метрге дейін – 2 айып шеңберін, 10-15 метрге дейін – 3 айып шеңберін белгілейді. Жақсы жасаған талабы ескеріледі.

Егер үш рет лақтырылған гранаталар 15 метрден аспаса немесе ешқайсысы есеп секторына түспесе, қатысушы бес айып шеңберімен айыпталады.

Талап сәтсіз болып саналады, егер қатысушы:

граната лақтыру кезінде денесінің бір бөлігіне, қаруына және костюміне, лақтыру сызығы немесе алдындағы үйіндіге тиіп кетсе;

граната лақтыруға дайындық кезінде граната лақтыру бойындағы тақтайшаға түсіріп алса және алдындағы үйіндіге түссе;

граната лақтырғанда ол сектор белгісінің маңына түссе.

Қатысушыға екі немесе бірнеше саусақтарын байлауға және таңып тастауға тиым салынады, сонымен қатар білек пен білезікті таңып немесе орап тастауға болмайды.

Бинт пен пластырьді пайдалану тек жараны ораған кезде, оның өзінде жарақат алған спортшының жарысқа қатысуына болатындығын куәландыратын жарыс дәрігерінің жазбаша рұқсатымен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде