Ешен С. М. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және Әту магистранты Ғылыми жетекші: з.ғ. д., профессор

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі18.8 Kb.

Ешен С.М.

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ магистранты

Ғылыми жетекші: з.ғ.д., профессор Кегембаева Ж.А.
Халықаралық еңбек көші-қонының түсінігі мен құқықтық табиғаты
Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жаһандану үрдістеріне жауап беретін және көші-қон ағынын ұлттық қауіпсіздікті нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде пайдалануға бағытталған өзіндік көші-қон саясатын жүргізе бастады.

Тәуелсіздік жылдары көші-қон ағынын басқару қоғамдағы өзгерістердің стратегиялық бағыттарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының арнайы әзірленген тұжырымдамаларына сәйкес жүзеге асырылып келді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең серіктес ретінде кіруі басқа факторлармен қатар халықаралық жұмыс күшінің көші-қонымен байланысты екені сөзсіз. Өйткені тәуелсіздіке ие болған соңғы 18 жылда Қазақстан аумағына жұмыс істеу мақсатында келіп жатқан шетелдік жұмысшылардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл орайда халықаралық көші-қон процесі жаһандық сипатқа айналған құбылыс болғаны анық. Осы жағдайларға байланысты бүгінгі таңда Қазақстан еңбек көші-қонының жалпы әлемдік процестері мен оған байланысты проблемалардан шет қала алмайды. Қазақстан халқының сыртқы көші-қонының қарқындылығы, бағыттылығы, сипаты алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай өзгеруде. Адамның еркін жүріп-тұру құқығын іске асырудағы бұрынғы шектеулер алынып тасталды. Сонымен бірге қазіргі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс, бірқатар елдерде өмір сүру деңгейінің төмендеуі халықтың көші-қонға деген экономикалық сұранысын едәуір күшейтіп отыр.
Көші-қонның, әсіресе еңбек көші-қонының күрт өсуі көптеген елдер үшін шын мәнінде айтарлықтай қатерге айналды. Еңбек көші-қонының мәселелері, оның негізгі үрдістері мен салдары әлемдік қоғамдастықтың басқа да мемлекеттеріндегідей Қазақстаннан да еліміздегі қазіргі қоғамдық тәртіпке, ішкі келісім мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа әсер ететін теріс ықпалды еңсеруге барабар. Сондықтан пәрменді құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шаралар қолдануды талап етеді.

Еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі мемлекеттік саясат стратегиялық тұрғыдан мемлекет басымдық берген салаларда (нанотехнологиялар, биотехнологиялар, ақпараттық жүйелер, көлік және коммуникациялар және басқа да индустриялық-иновациялық қызмет салаларында) жұмыс істеу үшін жоғары білікті шетелдік кадрларды тартуды көздейді. Келісім-шарт негізінде жұмыс істеу үшін қазақстандық мамандардың шет елдерге шығуына да мүмкіндіктер бар. Бірақ бұл процесте ең алдымен еліміздің мүдделері мен мақсаттарына қауіп төндірмеу жағы көзделуге тиісті.



Еңбек миграциясымен байланысты қарым-қатынастардың күрделілігі және көпқырлылығы ұлттық еңбек нарығының жағдайына ғана емес, сонымен бірге демографиялық жағдай мен ұлттық қауіпсіздікке де елеулі түрде ықпал етуі әбден мүмкін екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты, мигранттардың еңбегін рационалды әрі орынды пайдалануға бағытталған сапалы заңнаманы қалыптастыру, еңбекші мигранттардың құқықтарын халықаралық нормаларға сәйкес еш кедергісіз жүзеге асыруға жағдайлар жасау және оның негативті салдарына жол бермеу айрықша өзекті мәселелер болып табылады деп ойлаймыз.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі, оның халықаралық-құқықтық қырлары бүгінгі таңда өзекті болып табылатынына күмән болмайды деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...