Есеп деген не?


Жоспар 1.Есепті шешудің арифметикалық тәсілі



бет12/14
Дата24.12.2021
өлшемі114.94 Kb.
#148295
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
?аза?стан республикасы білім ж?не ?ылым министрлігі о?Т?стік ?аз
Связанные:
Келген сұрақтар, 1000 к?леміндегі, мы? к?леміндегі сандарды о?ыту
Жоспар

1.Есепті шешудің арифметикалық тәсілі.

2. Есепті шешудің алгебралық тәсілі.
2. Оқушыларға есепті арифметикалық тәсілмен шығару ұсынылады. Содан кейін теңдеу құрып, алгебралық тәсілмен шешу ұсынылады; мұнда екі тәсілді салыстыру қажет:

«Бүркіттің ұшу жылдамдығы 30 м/с, ал ол сұңқардың ұшу жылдамдығынан 10 м/с артық. Сұңқардың жылдамдығы неге тең?».

Арифметикалық тәсіл:

Қысқаша жазамыз:

Б. – 30 м/с ол 10 м/с артық

С. - ? м/с

30 – 10 = 20 м/с

(мұнда оқушылар есепті қосу амалымен шығаруы мүмкін, 30 + 10 = 40 (м/с) өйткені, есепте «10 м/с артық» делінген, санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептің тура түрін жанама түрімен шатастырып алады).

Алгебралық тәсіл:

х м/с – сұңқардың жылдамдығы

(х + 10) м/с – бүркіттің жылдамдығы

Бүркіттің жылдамдығы 30 м/с екендігін білеміз, теңдеу құрамыз:

х + 10 = 30

х = 30 – 10

х = 20

Жауабы: 20 м/с – бүркіттің жылдамдығы.



(мұндай оқушылар теңдеуді шешуде қате жібермейді, өйткені есептің шартына

сәйкес теңдеу құрады).

ә) Осындай жұмыстың нәтижесінде есепті теңдеу арқылы шығарудың реті шығады:

белгісіз шаманы анықтап, оны х деп белгілейміз;

санды және әріпті өрнек құрамыз, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланысты анықтаймыз;

«тең» қатынасымен байланысты өрнектерді анықтап, теңдеу құрамыз;

есептің мазмұнымен байланыстырмай-ақ, теңдеуді шешеміз, сондықтан мұнда шама бірліктері жазылмайды;

х-тің мәнін табамыз – бұл белгісіз шаманың санды мәні болады;

шама бірліктерін қолданып, жауабын жазамыз.

б) Есепті теңдеу арқылы шығарудың жаңа тәсілі есепті шешудің арифметикалық тәсілмен салыстыру барысында оқулықта сипатталған: «Бір бидонда бірнеше литр, ал екіншісінде 10 л сүт бар. Бірінші бидонға тағы 2 л сүт құйылғанда, ал екіншісінен 3 л сүт құйып алғанда, екі бидондағы сүтің мөлшері бірдей болды. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?»

1) 10 – 3 = 7 (л) – екінші бидоннан 3 л сүт құйып алғанда қалған сүт.

2) Бірінші бидонға 2 л сүт құйғанда, сонша сүт болады, демек, онда 7 – 2 = 5 (л) болады.

Тексеру:

5 + 2 = 10 – 3

7 = 7

Мұнда оқушылардың берілген және ізделінді шамалардың арасындағы барлық байланысты қабылдауды және елестетуі өте қиын, сондықтан бұл есепті оқушылар шығара алмаулары мүмкін. Демек, есепті арифметикалық тәсілмен шығару тиімсіз және оны теңдеу құру арқылы, яғни алгебралық тәсілмен шығару



қажет.

Алгебралық тәсіл:

1) Есептің шартындағы бірінші сөйлемді оқу. Бірінші бидонда неше литр сүт бар екені белгісіз. Бірақ екінші бидонда 10 л сүт бар екені белгілі.

Бірінші бидонда х л болсын.

Екінші бидонда 10 л.

2) Есептің шартындағы екінші сөйлемге сәйкес өрнек құрамыз:

Бірінші бидонда (х + 2) л болды, өйткені 2 л тағы құйылды.

Екінші бидонда (10 - 3) л қалды, өйткені 3 л сүт құйып алынды.

3) Екі бидондағы сүт мөлшері бірдей болды, сондықтан теңдеу құрамыз:

х + 2 = 10 – 3

х + 2 = 7

х = 7 – 2

х = 5

Жауабы: 5 литр.



Тексеру: 5 + 2 = 10 – 3

7 = 7


в) Одан кейін оқушыларға есепті теңдеу құрып шығару ұсынылады, олар есепті шешу барысын түсіндіру кезінде үлгі бойынша оның шешуін жазады. «Таразының бір табағына әрқайсысы 3 кг-нан бірнеше қапшық ұн салынды. Таразы басын теңестіру үшін оның екінші табағына 10 кг және 2 кг-дық кір тастар қойылды. Таразыға неше қапшық ұн салынған?»

Таразы табағына х қапшық ұн салынған болсын.



х – қапшықтар саны.

3 * х кг – барлық қапшықтардағы ұн массасы.

(10 + 2) кг – барлық кір тастардың массасы.

Таразы басы теңесіп тұрғанын білгеннен кейін, теңдеу құрамыз:

3 * х = 10 + 2

3 * х = 12 Тексеру:

х = 12 : 3 3 * 4 = 10 + 2

х = 4 12 = 12

Жауабы: 4 қапшық ұн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған