Есеп. 1. Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 12км және өзен ағысымен 12 км жолды, өзен ағысымен жүргенге қарағанда өзен ағысына қарсы 1сағат артық уақыт жұмсады. Егер моторлы қайықты меншікті жылдамдығы 9км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
Есеп.2. Екі санның қосындысы 7-ге тең. Көбейтіндісі 10 санына тең. Осы екі санды табыңыз
Есеп.1. Өзен бойындағы екі айлақтың арақашықтығы 80км. Қайық бұл жолмен барып-қайтқанда 8 сағат 20 минут жұмсайды. Өзен ағысы 4км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
Есеп.2. Бірінші сан екінші саннан 10-ға ратық және олардың олардың көбейтіндісі 56-ға тең. Осы санды табыңдар.
Есеп.1. Жүк пойызы шлагбаумда 24 минут кідіріп қалды. Кейін жылдамдығын 10км/сағ арттырып, ол 80 км қашықтықта кешігуін жойды. Жүк пойызының бастапқы жылдамдығын табыңыз.
Есеп.2. Біріншісі сан екіншісінен 12-ге артық. Олардың көбейтіндісі 45-ке тең. Осын сандарды тап
Есеп.1. Арақашықтығы 100км А пунктінен В пунктіне бір уақытта 2 мотоциклші жолға шықты. Біріншісі екіншісіне қарағанда 30км/сағ-қа тезірек жүріп, В пунктіне 3 сағ ерте барады. Әр мотоциклішінің жылдамдығын табыңыз.
Есеп.2. Бірінші сан екіншісінен 5-ке кем. Осы сандардың көбейтіндісі 126-ға тең. Осы сандарды табыңыз
Есеп.1. Өзен бойында екі айлақтың арақашықтығы 80км. Кеме бір айлақтан екінші бір айлаққа 20минут барып қайтады. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ деп алып. Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңдар.
Есеп.2. Бірінші сан екіншісінен 6-ға кем. Осы сандардың көбейтіндісі 432-ге тең. Осы сандарды табыңдар
Есеп.1.Екі бригада бір уақытта жұмыс істеп жер учаскесін 8 сағатта өңдеп бітірді. Бірінші бригада жеке істесе жұмысты екіншіден 12 сағ ерте бітіреді. Әрқайсысы жеке жер учаскесін қанша уақытта өңдеп бітіреді?
Есеп.2. Бірінші сан екіншісінен 6-ға артық. Осы сандардың көбейтіндісі 391 болса. Осы сандарды табыңыз
Есеп.1. А пунктінен 210км қашықтықта орналасқан В пунктіне екі автокөлік шықты. Бірінші автокөліктің жылдамдығы екіншісіне қарағанда 5км/сағ артық болғандықтан, бірінші екіншісіне қарағанда В пунктіне 12 минут ерте келеді. Әр автокөліктің жылдамдығын табыңдар.
Есеп.2. Бірінші сан екіншісінен 6-ға артық. Осы сандардың көбейтіндісі 187 ге тең. Осы сандарды табыңдар
Есеп.1. Оқушы күнделікті бірдей бет санын оқып, 480 беттік кітап бітірді. Егер ол күніне 16 бет артық оқығанда кітапты 5 күнге ерте бітірер еді. Оқушы кітапты қанша күнде оқыған?
Есеп.2. Бірінші сан екіншісінен 2-ге артық. Осы сандардың көбейтіндісі 399-ға тең. Осы сандарды табыңдар