Терминалды жағдай Жалпы түсініктеме - Терминалды жағдай– бұл АҚ айқын түсуімен, газайналым мен метаболизмнің терең бұзылысымен сипатталатын критикалық жағдай.
- Клиникалық өлім– бұл қан айналуы мен тыныс алудың толық тоқтаған уақыты.
Терминалды жағдай кезеңі - Агония алды(преагония)
- Терминалды пауза (ұзақ жан тапсыратын науқастарда байқалады)
- Агония
- Клиникалық өлім
- Биологиялық өлім
Агония алды кезеңі - Есінің бұзылуы
- Қан қысымы төмендеуі
- Перифериялық артерияда пульс әлсіреген, орталық артерияда анықталады (ұйқы, сан)
- Тыныс алу айқын ентігумен ұласады, патологиялық тыныс алу түрі анықталады
- Тері және сілемейлі қабаттың цианозы немесе бозаруы байқалады
Агония Патологиялық тыныс Қан қысымы анықталмайды Пульс – тек орталық артерияда анықталады Көмескі жүрек дыбысы естіледі ЭКГ-да – жүрек ритмінің бұзылу белгілері Клиникалық өлім белгілері Дереу 1. Орталық артерияда пульс анықталмауы 10 сек 2. Есінің болмауы 20-30 сек 4. Тыныс алу болмауы немесе агональді (гаспинг) 30-40 сек 5. Қарашық ұлғаюы 6. Тері цианозы Биологиялық өлім белгілері 1. Мәйіттің кебуі (көз алмасында, тері және сілемей қабатта сұйықтық) – симптомы «мысық қарашығы» симптомы. Биологиялық өлім белгілері 2.Мәйіттің салқындауы(algos mortis) 3.Мәйіттің сіресуі(rigor mortis) (2-5 сағ соң) 4. Қанның қайта бөлінуі 5. Мәйіттің гипостазы (2-4 сағ.) және мәйіттік дақ (24сағ) 6. Мәйіттің шіруі және өліктік аутолиз Дефибрилляция - Дефибрилляция мақсаты – кардиомиоциттердің электрикалық «біртектілігін» қалпына келтіру және жүректің табиғи ритм жүргізілу белсенділігін қалыптастыру
- ҚФ және пульссіз ҚТ кезінде қолданады
Дефибрилляцияның 3 түрі: - Механикалық (прекардиальді соққы)
- Электрикалық (мынадай дефибрилляторлар қолданылады: АНД, қолмен)
- Химиялық(антиаритмикалар: кордарон, лидокаин, магния сульфат)
Электрикалық дефибрилляция - Бұл күшті электромагнитті құрылғы, жүрек арқылы өтіп,жүрек кардиомиоциттерінің біруақытта деполяризациялайды. Содан соң жүректің спонтанды жиырылуы болады.
Автоматты сыртқы дефибрилляторлар (АСД) 1) Разрядты әлсірететін системамен және балалар электроды– 1-ден пубертатты жасқа дейінгі балаларға арналған 2) Зарядты әлсірететін системасынсыз Электрикалық дефибриллятор электродтарының орналасу аймағы BLS алгоритмі тірі қалудың 3 элементін қамтамасыз етеді: - Қауіптілікті дер кезінде анықтау және жедел жәрдем шақыру
- Дер кезінде жүрек - өкпе реанимациясына кірісу
- Дер уақытында дeфибpилляция жүргізу.
Алгоритмді сапалы түрде орындау жапа шегушінің өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |