Ерекше білім алу қажеттілігі ерекше білім беру қажеттілігін анықтау. Ерекше


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ



бет2/7
Дата19.05.2023
өлшемі44.63 Kb.
#578710
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция №5
Блум таксономиясы, билет 12.тд, Асмп 10, 1 PIZA-28.03.2022ж, Психология ТПП-22-1, Типы речи 1.Повествование 2.Рассуждение 3.Описание ЗаданиеСоставить 4 предложения к каждому - Школьные Знания.com, 1557703352
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:


1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық - педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек.

Ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты:


1 Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
- мектеп Кеңесінің шешімімен;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен.
Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен
жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады.
Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. Егер белгіленген мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны пмпк-ке тексеруге жіберу қажет. Балаларды жеке бойынша оқыту психолиялық-медициналық-педагогикалық кенестің ұсынысы негізінде ғана іске асады. себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Ақыл-ойы кем балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.Психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «Білім беру» заңына [5, б. 19, 3т.], психолиялық-медициналық-педагогикалық кенесінің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің ) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
сәйкес оқыту
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
бекіту туралы
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасының
Инклюзивті білім
білім берудің
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
рсетілетін қызмет
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
мемлекеттік мекемесі
Суммативное оценивание