ӘОЖ: 628. 1: 504. 054 Су көздерінің антропогендік ластану мәселесі

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/2
Дата22.06.2021
өлшемі368 Kb.
  1   2


  

ӘОЖ: 628.1: 504.054 



            

Су көздерінің антропогендік ластану мәселесі 

 

Дуйсенбаева С.Т., Сабыралиева Б.Н., Жолшараев Б. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 

 

Су –  Жер шарындағы  тіршілік негізі екендігі баршамызға аян.  Алайда 



жер  шарындағы  судың  97%-ын  мұхит  суы  құрайды,  тек  қалғаны  ғана  ағын 

су. Осы мәселені қарастыра отырып, солардың ішінде адамдар қолдануға қол 

жетімдісі 7% ғана екендігіне көз жеткізуге болады, ал қалғандары – жерасты 

сулары.  Осының  бәрін  біле  тұра,  біз,  адамдар,  Жер  шарын  қоршап  тұрған 

осындай маңызды элементті өз қолымызбен ластап жатамыз. Су жағалаулары 

түрлі  қоқыс  тастайтын  орын  ретінде  қолданылып  жүргендігі  айдан  анық. 

Антропогендік ластану салдарынан су бірінші деңгейлі, екінші, одан үшінші 

деңгейлі өзгерістерге ұшырай бастайды: тікелей суға келіп түскен ластаушы 

заттардың  әсерінен  өзгеріске  ұшырайды;  химиялық  заттармен  өзара 

әрекеттесе  отырып,  соның  нәтижесінде  өзгеріс  тудырады;  алғашқы  екеуінің 

себебінен пайда болған өзгерістер. 

Әсіресе,  соңғы  онжылдықта  гидросфера,  яғни  оны  құрайтын  мұхит, 

теңіз,  өзен,  тоған,  жерасты  сулары  өте  қатты  ластануда.  Ластанудың  негізгі 

көздеріне  антропогендік  әрекет  қалдықтары  жатады:  тұрмыстық  және 

өнеркәсіптік  қызметтер  салдарынан  келіп  қосылған  ағын  сулар,  мұнай, 

радиоактивті  заттар  және  т.б.  Осы  аталған  және  басқа  да  гидросфераны 

ластау түрлері күн өткен сайын апатты түрде өсуде.  

Ағын  су  ластану  көзі  бойынша  өнеркәсіптік,  ауылшаруашылықтық, 

тұрмыстық және атмосфералық деп бөлінеді. Өнеркәсіптік ағын сулар халық 

шаруашылығының  түрлі салаларындағы өндіріс салдарынан болады. Табиғи 

су  көздерін  ластанудан  қорғаудың  күрделі  мәселесі  мұнай  химиялық  және 

химиялық  кәсіпорындардан  келіп  қосылатын  өнеркәсіптік  ағын  суларға 

байланысты.  Ағын  суға  келіп  қосылған  мұнай  өнімдері  су  бетінде  қалқыма 

қабыршық  түзеді.  Мұнайдың  бір  ғана  тамшысының  өзі  су  бетінде  25  м2 

аумағында қалқыма қабыршық  түзетіндігі белгілі, ал мұнайдың бір  тоннасы 

су  бетінің  500  га  бөлігін  жауып  кетеді,  сөйтіп  газайналымына  кедергі 

келтіреді.  

Соңғы  жылдары  су  объектілерін  ластаудың  қауіпті  түрі  –  диоксид 

пайда  болды.  Бұл  ерекше  улы  химикаттың  ең  аз  мөлшері  адам  организміне 

түссе, қан айналым жолдарын, иммундық және нерв жүйелерін зақымдайтын  

аса ауыр ауру түрлерін тудырады.  

Микробиологиялық  ластану  деп  адамның  тіршілік  етуі  барысында, 

антропогенді  жүйелерде  түрлі  ауру  тарататын  зиянкес  организмдердің 

көбеюін  атаймыз.  Өзен-көлдердің  микробиологиялық  ластануға  ыңғайлы 

болу  себебі  су  бетінің  ашық  болуында.  Осының  нәтижесінде  микробтық 

контаминация  өтеді.  Микробиологиялық  ластанудың  басты  себебі  ағынды 




сулар  көмегімен  қалдықтардың  таралуы.  Жауын-шашын  мен  ағынды  сулар 

арқылы  көптеген  микроағзалар  түрлері  суға  құйылады.  Нәтижесінде  ол 

микробтық биоценозды және санитарлық режимді күрт өзгертеді. 

Миробиологиялық  ластанулар  тіпті  химиялық  ластанулардан  қауіпті 

болуы мүмкін. Ағынды сулардағы патогендік ағзалар көптеген эпидемиялық 

ауруларға  әкелді.  Олардың  ішінде  гепатитті  атап  көрсетуге  болады.  Осыған 

қоса  микробиологиялық  ластанулар  халера  эпидемиясына,  паратифаға  және 

т.б. ішек ауруларын туғызады. 

Судың  микробиологиялық  ластануы  физикалық  және  химиялық 

ластанулардан  ерекшеленеді.  Мысалы,  патогендер  қатты  бөлшектерге 

тұнады  да,  суда  консентрациясы  болмайды.  Ауруға  шалдығу  биологиялық 

көрсеткіштерге  байланысты  болып  келеді  (жасы,  жынысы,  салмағы  және 

иммунитеті), демек жас балар және қарт адамдарға патогенді қауіп жоғары. 

Су  қоймаларының  микробтық  ластануы  адам  немесе  жануарлардың 

шомылуы  кезінде  пайда  болуы  мүмкін.  Көптеген  су  бассейіндерінде  ішек 

таякшалар 

тобын, 

энтерококк, 

стафилококк, 

нейссерии, 

пигмент 

құрастырушы бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да микроағзалар мен 

вирустар кездестіруге болады. Егерде адам бактерияларға шалдыққан болса, 

онда суға сальмонелы және шигелли  түсуі мүмкін. Тағы бір атап көрсететін 

жай  -  жануарлардың  немесе  өсімдіктердің  кездейсоқ  қоныс  аударуы 

байқалса,  ол  экожүйелерге  кері  әсерін  тигізеді.  Судың  микробиологиялық 

ластануында 

судың 


эвтрофикациясына 

тоқтала 


кетейік. 

Судың 


эвтрофикациясы  деп  -  судың  биогенді  элементтермен,  әсіресе,  азотпен, 

фосформен  немесе  құрамында  осы  элементтер  бар  заттармен  шектен  тыс 

көректенуін  айтамыз.  Эвтрофикация  (грек  тілінен  аударғанда  эу-жақсы, 

трофе-қоректену)  -  судың  бай  қоректенуі.  Эвтрофикация  мысалында 

экологияның  маңызды  құбылыстары,  тізбекті  табиғи  реакциялар,  шектеуші 

факторлар  әсері,  су  сукцессиялары  және  басқа  жүйелік  қағидаларды  көруге 

болады. 

Эвтрофикацияның  нәтижесі  -  балдырлар  мен  басқа  өсімдіктердің 

қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың 

шіру  өнімдерінің  жиналуы  болып  табылады.  Бұл  өлген  органикалық  затпен 

қоректенетін,  оны  бастапқы  минералдық  элементтер  мен  көмірқышқыл 

газына  дейін  ыдырататын  редуцент  -  ағзалардың  санының  артуына  әкеледі. 

Редуценттер  тіршілік  процесінде  өлген  органикалық  заттарды  интенсивті 

түрде сіңіреді. Мұндай құбылыстардың нәтижесі-су ортасының оттексізденуі 

мен  аэробты  (оттегінің  қатысуымен)  процестердің  анаэробтыға  өтуі  болып 

табылады.  Анаэробты  процестердің  нәтижесінде  қоршаған  ортаға 

күкіртсутек  (Н2S),  метан  және  басқа  да  улы  ластандырушы  заттар 

шығарылады. Келтірілген мысалдан бірдей әсерге екі тіршілік ортасының (су 

және  топырақ)  әр  түрлі  реакциясы  анық  көрінеді.  Топырақтың  биогенді 

заттармен  байытылуы  барлық  жағдайда  қолайлы  ауыл  шаруашылық  және 

экологиялық  эффектіге  әкеледі.  Яғни,  бірлестіктің  өнімділігі  артады, 

қоршаған ортаға қолайлы әсер етеді және өздігінен тазару қабілеті күшейеді. 




Сулы  ортада  аталған  әсер  судың  маңызды  қасиеті  -  тазалығының 

нашарлауына әкеледі.  Эвторофикацияның қолайсыз әсері олардың жылулық 

ластануы  кезінде  артады.  Жылулық  ластану  судың  оттегімен  кедейленуін 

жылдамдатады,  себебі  температура  артқан  сайын  оттегінің  ерігіштігі  және 

биохимиялық процестердің интенсивтілігі әсерінен кемиді. 

Антропогендік 

жүктеменің 

әсерінен 

өзен, 

көлдер 


суының 

микробиологиялық  ластануларын  саралап  және  баға  бере  отырып, 

экологиялық  аппараттарға  жол  бермеуге  және  оларды  тез  арада  шешуге 

мақсат қойылады. 

Қорытындылай  келе,  су  нысандарының  адам  өміріндегі  ең  маңызды 

орын  атқаратынын  атап  айту  қажет.  Ал  су  қоймаларының  ластану  көлемі 

жыл сайын көп мөлшерде көбеюде. Сондықтан да әр адам су нысандарының 

ластануы жайында аз да болса ойланып, су қорларын және жалпы қоршаған 

ортаны қорғау үшін әрекет етуі керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстан тарихы
біліктілік талаптары
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
мерзімді жоспар
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
Қазақ әдебиеті
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
оқыту әдістемесі
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік кешені
болып табылады
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан

Loading...