Өлшемдер
|
Эксперименттік топ
|
Бақылау тобы
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Экологиялық білімдер
|
14,3
|
49,2
|
36,5
|
9,9
|
46,8
|
43,3
|
Экологиялық сана, сезім
|
26,2
|
43,1
|
30,7
|
19,2
|
39,6
|
41,2
|
Экологиялық тәжірибе
|
11,4
|
34,6
|
54
|
8,1
|
35,7
|
56,2
|
Орта көрсеткіштер
|
17,3
|
42,3
|
40,4
|
12,4
|
40,7
|
46,9
|
Диагностика қорытындысы оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерінің біршама артып, ой-өрістерінің кеңейгенін байқатты. Келесі кезеңде оқушыларға тікелей арналған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде эксперимент тобы оқушыларының экологиялық ой-өрістерінің әлде-қайда дамығандығын байқатып, өлкетану жұмыстарына қызығушылықтары мен белсенділігінің артуын, олардың экологиялық сана-сезімінің кеңейуіне ықпал еткендігін көрсетті (5- кесте, 3- сурет).
Кесте 5 – Қорытынды кесіндінің нәтижелері (% есебімен)
Өлшемдер
|
Эксперименттік топ
|
Бақылау тобы
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Экологиялық білімдер
|
24,7
|
68,7
|
6,6
|
11,3
|
49,3
|
39,4
|
Экологиялық сана, сезім
|
38,6
|
51,5
|
9,9
|
18,9
|
39,7
|
41,4
|
Экологиялық тәжірибе
|
25,8
|
43,6
|
30,6
|
9,4
|
39,3
|
51,3
|
Орта көрсеткіштер
|
29,7
|
54,6
|
15,7
|
13,2
|
42,7
|
44,1
|
Сурет 3 – Оқушылардың экологиялық мәдениеті компоненттерінің қалыптасқан деңгейлері
Бақылау экспериментінің нәтижелерін толық талдау мақсатында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында экологиялық мәдениеттің қалыптасқан деңгейлерін салыстырмалы түрде көрсеткенді жөн көрдік (6- кесте, 4- сурет).
Кесте 6 – Өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларының экологиялық мәдениетінің қалыптасқан деңгейлерінің өзгеріс қарқыны (%)
Деңгейлер
|
Эксперименттік топ
|
Бақылау тобы
|
1-ші кесінді
|
2-ші кесінді
|
3-ші кесінді
|
1-ші кесінді
|
2-ші кесінді
|
3-ші кесінді
|
Жоғары
|
12,5
|
17,3
|
29,7
|
12,0
|
12,4
|
13,2
|
Орташа
|
38,9
|
42,3
|
54,6
|
39,3
|
40,7
|
42,7
|
Төмен
|
48,6
|
40,4
|
15,7
|
48,7
|
46,9
|
44,1
|
Сурет 4 – Оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасқан нәтижелерінің динамикасы
Өткізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері біздің ұсынып отырған өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасын құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл корытынды Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептелген корреляция коэффициентінің көрсеткіші 0,95-ке тең болғандығына негізделеді.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, бізге төмендегідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:
оқушылардың экологиялық мәдениет түсінігі педагогикалық тұрғыда нақтыланып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегіндегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы негізделеді, өйткені осы педагогикалық құралдар өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың кешенді сипаты мен қолданбалы бағыты экологиялық мәдениет көріністерінің (құндылықтар, мотивтер, білімдер, біліктер, қабілеттер) тұтастығына қол жеткізуге жол ашады;
қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері аңықталды;
өлкетану жұмыстарындағы экологиялық мәдениетін дамытуда қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану оқушылардың экологиялық білімдерін, экологиялық санасын, сезімін, экологиялық тәжірибесін бірізділікпен қалыптастыру мүмкіндіктерін арттырады;
қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының ұйымдастырылуы олардың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға ықпал етеді;
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру түрлері олардың экологиялық білімдерге қызығушылықтарын, экологиялық білімінің маңыздылығын түсіну сезімдерін, өлкетану және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділіктерін арттыруда аса маңызды орын алады;
қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесінде өлкетану материалдарын пайдалануда пәнаралық байланыстардың (әсіресе, әдебиет пен тарих, жаратылыстану пәндері) рөлі мен маңызы өте зор екенін дәлелдейді.
Біздің зерттеу жұмысымыздың негізінде «Экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға» теориялық моделі жасалынып, оның компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.
эксперименттік жұмыс нәтижесі өлкетану негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері жоғары екендігі және біз ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетті.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
мектептің біртұтас педагогикалық процесінде тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі ретінде экологиялық бағыттарда әртүрлі іс-шаралар (факультатив, үйірме, апталық, олимпиада, дөңгелек үстел, конференциялар т.б) үнемі ұйымдастырылып отырылуы керек;
жергілікті экологиялық өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдарын кеңінен пайдалану қажет;
оқушылардың экологиялық тәрбиесінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналар мен мұғалімдер үшін арнайы құрастырған семинарлар бағдарламасын пайдалануды қажет етеді;
өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану керек;
жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін экологиялық сыныптар ашу мәселесін көтеруді талап етеді.
Сонымен, оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда өлкетану жұмыстарына қойылатын талаптар: мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес лайықты материалды іріктеуі; өлкетану материалдарының тақырыптың мазмұнымен үндесуі; туған өлкенің табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтердің жаратылыстану пәнінің бағдарламасына сәйкестігі; өлкетану материалдарының мазмұнының оқушылардың жалпы даму деңгейлеріне сәйкестігі; олардың танымдық қызығушыларын дамытуға ықпалын тигізуі; өлкетану материалдарының оқушылардың табиғатты қорғауға, байлықтарын тиімді пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Дегенмен ұсынылып отырған мәселе өте күрделі мәселе болғандықтан, біздің зерттеу іс - әрекетіміздегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың көп қырлы тұстарын шештік деп айта алмаймыз. Келешекте бұл мәселе өз жалғасын экологиялық тәрбиеде өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың сабақтастық принципін жүзеге асыру жолдарын іздестіруде, өлкетану жұмыстарында пәнаралық және пәнішілік байланыстардың маңызын анықтауда болашақ ғалымның еншісінде табылуы мүмкін деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |