ӘӨЖ: 1-112. АймақТЫҚ ономастикалық материалды қазақ тілі сабақтарында қолдану туралы



Дата11.06.2022
өлшемі45 Kb.
#268011
түріСабақ
Байланысты:
Магний Айдана


ӘӨЖ: 81-112.2


АЙМАҚТЫҚ ОНОМАСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ

Магний Айдана Ергенқызы, БҚИТУ магистранты


magnieva94@mail.ru

Соңғы жылдары білім беру саласында ұлттық-аймақтық компонентті енгізу қолға алынып отыр. Бірақ бұл мәселе мемлекеттік білім беру стандарты мен ұлттық-аймақтық компонент арасындағы өзара қарым-қатынастан көрінбей отыр, себебі тіл мен әдебиетті оқытудың теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жергілікті ономастиканы оқыту мәселесі қарастырылмаған. Қолда бар оқулықтар да аймақтық компонент бойынша білім беруді жүзеге асыра алмайды. Соңғы жылдары жергілікті ономастиканы мектепте оқыту мәселесі айтылып жүргенімен, шешімін таппай келеді.


Ономастика – жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы екені белгілі. Ол өз ішінен төмендегіше салаларға бөлінеді: 1) антропонимдер – адамның аты-жөні, тегі, лақап аттары; 2) зоонимдер – жануарларға қойылған аттар; 3) мифонимдер – әулие-әнбиелердің есімдері, киелі атаулар; 4) топонимдер – жер-су атаулары; 5) космонимдер – ғарыштағы атаулары
Ономастика бірнеше ғылым саласының тоғысындағы пән. Жалқы есімдер түрлі ғылым саласының зерттеу нысаны бола алады. Тіл білімінің бұл саласының пәнаралық байланысы мектептегі бірнеше пәннің: география, тарих, қазақ тілі, әдебиет сияқты пәндерді тығыз байланыста қарастыруға және интеграциялық сабақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға лингвистикалық білім беруде түрліше әдістерді қолдануға болады, мәселен, ғылыми жобаға жергілікті ономастикалық атауларды зерттеуді тақырып етіп алуға болады. Сол арқылы оқушы өзі тұрып жатқан жердің атаулар сырына қанық болады. Бұл бағытта зерттеу жүргізетін оқушыға жергілікті атауларды зерттеп жүрген жергілікті тілші-ғалымдардың (Ұ.Р.Ержанова, М.Б.Сабыр, т.б.) еңбектерімен танысуды ұсыну қажет [1].
Қазақ тілі сабағында жергілікті ономастика материалдарын пайдаланудың басқа да жолдары бар. Мәселен, тәуелдік категориясын өткен кезде оқушыларға өз есімдері бойынша «Менің есімімнің тарихы», «Мен өз есімім туралы не білемін?» т.б. тақырыпта шағын шығарма жазуды ұсынуға болады. Бұл тұста оқушылар өз есімдерінің қойылу тарихын қарастыру арқылы жергілікті ономастикаға қатысты қызықты жайттарды да табуы мүмкін. Мысалы, оқушыға жергілікті жердегі танымал тұлғаның немесе туылған ауылының немесе мекеннің атауы есімі берілуі мүмкін.
Қазақ тілі сабағында жергілікті авторлардың көркем шығармалары мен публицистикалық дүниелерін қолдану да жергілікті ономастиканы игерудің бірден-бір жолы болып табылады.
Ғылыми жобаны жазу барысында жергілікті ономастиканы зерттеуді негізге алу арқылы тек облыстың топонимикасын емес, бір ғана ауылдың жер-су атауларын зерттеу нысаны етіп алуға болады.
Көп жағдайда жергілікті микротопонимдерді зерттеу оқушылардың қызығушылығын тудырады. Микротопонимдер – бұлар табиғи немесе жасанды нысандардың атаулары. Олар тек өз айналасындағы адамдарға ғана белгілі болады.
Жергілікті жердің топонимикасын игерудің алдында оқушыларға кіріспе сабақ өткізу қажет. Бұл сабақта топонимика туралы негізгі түсінік беріледі және жергілікті топонимика материалдарын жинау әдістері туралы айтылады. Содан кейін ғана микротопонимдерді (көше, өзен-көл, орман-тау, т.б. атауларын) жинақтау туралы тапсырмаларды беруге болады.
Жергілікті атауларды жинастырып болған соң, олардың қойылу тарихына көз жүгіртеміз: қандай сөзден жасалған, не үшін қойылған, қандай тарихи дерекке байланысты қойылған, т.т. Мұндай жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оқушылар сөздікпен, анықтамалармен жұмыс жасауға үйренеді; жаңа сөздерді игереді; өз өлкесінің ономастикасымен танысады.
Өлкетану материалдарын зерттеудегі тағы бір қызықты тапсырма – «Біздің отбасылық сөздік», «Менің ауылымның топонимикалық сөздігі» т.б. сияқты сөздіктерді құрастыру. Бұл сыныптан тыс орындалатын жұмыс оқушыларға өздерін сөздік құрастырушы (лексикограф) ретінде сезіну мүмкіндігін береді. Сөздікті құрастыру, ең алдымен, сөздіктің шекарасын белгілеуден басталады, әрі қарай сөздік құрылысына өтеміз. Топонимикалық сөздік, біріншіден, нысанның атауына сипаттама беруден тұрады; екіншіден, топонимнің шығу тарихы жазылады; үшіншіден, жергілікті жердегі баспасөзден алынған тілдік мысал келтіріледі.
Жергілікті топонимдермен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушыларға жалқы есімдердің емлесін де таныстырып кетуіне болады.
Келтірілген жұмыс түрлерін қазақ тілі сабақтарында білім беруде ғана емес, тәрбиелік мақсатта да жүйелі түрде қолдануға болады.
Ономастикалық материал өз өлкесінің бүгінімен емес, сол сияқты өткен тарихына да үңілуге себепші болады. Оқушылардың бойында өз өлкесінің тарихын, жергілікті атауларды зерттеуге деген қызығушылықтарын оята аламыз.
Соңғы жылдары «Туған жер» жобасы шеңберінде мектеп оқушыларына өлкетану пәні оқытылып келеді. Оқушыларға шыққан тегін, туған өлкенің тарихы мен дәстүрлерін біліп, зерттеуге және бүгіні мен келешегі туралы ой түйіндеуге мүмкіндік беретін бұл пән дер кезінде қолға алынып отыр. Жастардың туған жеріне деген махаббаты мен патриотизмді қалыптастыруда бұл пәнді оқытудың маңызы зор. Ол пән міндетті түрде өлкенің атауынан басталатыны анық. Жаңартылған білім беру бағдарламасында да сыныптарда ономастика мәселелерін оқытатын бөлім кіргізіліп отыр. Осы бастаманы тиімді пайдалануда атқарылатын іс-шаралар көп. Бұл мәселеде шетелдік тәжірибені алып пайдалану артықтық етпес. Еуропаның көптеген елдерінде ономастика курстарында арнайы елдердің атауларының тарихы мен қолданысы оқытылады. Білім алушыларға тәлім-тәрбие беру барысында өз жерінің, өз елінің тарихын білу басты мәселе болып саналады. Мысалы, Ньюкасл, Манчестер и Ноттингем университеттерінің ағылшын тілі және тіл білімі мамандықтарында, Хорватияда университететтерде тұрақты пән ретінде оқытылады. Ал, Норвегияда осындай оқытылудың арқасында осы күнге дейін 200 ден аса магистрлік диссертация қорғалған. Студенттер үнемі жер-жерлерді аралап тәжірибе жасап жүреді. Швейцария мен Швецияда, Солтүстік Африка елдерінде, Американың көптеген университеттерінде атауларға байланысты пәндер оқытылады [2, 15]. Бұл тәжірибені біз де пайдалансақ, көп нәрсені ұтар едік.


Әдебиет



  1. Ержанова Ұ.Р. Ақжайық өңірінің топонимиясы. Алматы: Арыс, 2001.

  2. Ағабекова Ж. Қазақ ономастикасындағы жаңа белестер // «Ономастикалық жаңару – рухани жаңғыру кепілі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары. Қостанай, «Қостанай мемлекеттік университеті», 2018, 10-16 бб.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы