Эндокриндік жүйе аурулары Қант диабеті



бет6/10
Дата22.06.2021
өлшемі27.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гипотиреоз

Гипотиреоз – қалқанша бездерінің гормоны тирокболады жетіспеушілігімен немесе мүлде бөлінбеуімен сипатталатын ауру. Бұл ауру барлық жастағы балаларда кездеседі.Гипотиреоздың 2 түрі бар: туа пайда болған және жүре пайда болған. Туа пайда болған гипотиреоз қалқанша безінің өсіп дамуымен байланысты, тироксиннің мүлде бөлінбеу салдарынан туындайды. Жүре пайда болған гипотиреоз қалқанша безіне әртүрлі жұқпалы аурулардың және басқа да зиянды әсерлерден гормонның азаюынан болады.

Патогенез. Тиреоидты гормондардың азаюы зат алмасуының барлық түрлерінің бұзылуына әкеледі.

Клиника. Туа пайда болған гипотиреоз микседема деп те аталады. Аурудың бұл түрі ауырырақ өтеді, емделуі деқиындау болады. Клиникалық белгілері бала туа салысымен білінеді: бала мерзімінен асып, үлкен салмақпен туылады,физиологиялық сарғаю, кіндік қалдығының кешірек түсуі байқалады. Баланың кеңсірігі жалпақ, көздері алшақ орналасқан, қысыңқы, тілі де жалпақ, қарны үлкен, кіндік жарығы жиі байқалады. Жүрек тарапынан брадикардия, жүрек тондарының әлсіреуі, қан қысымының төмендеуі анықталады. Бала өсе келе оның физикалық және психикалық дамуы артта қалады. Негізгі белгілердің біріне сүйек қатаюының кешеуілдеуін жатқызуға болады: баланың тісі кеш шығады, үлкен еңбегі кеш жабылады. Жүре пайда болған гипотиреоз белгілері жоғарыда аталған себептерден кейін, көбіне струмэктомиядан кейін пайда болады. Баланың жалпы жағдайы микседемаға қарағанда жеңілірек, баланың бет-бейнесі өзгереді: беті ісінеді, қимылдары азаяды, іші жиі жүрмей қалады, еске сақтау қабілеті төмендейді. Қанда: гиперхолестеринемия, гипергаммаглобулинемия, гипойодемия, тироксин мөлшері азаяды.

Диагноз қою. Гипотиреозға дұрыс диагноз қою үшін оны ұқсас аурулардан Даун ауруынан, хондродистрофиядан, Рахит ауруынан ажырата білу керек. Диагнозды анықтау үшін сонымен қатар анамнезіне, лабораториялық тексерістер нәтижелеріне де сүйенеміз.

Емдеу. Балаға жетіспей тұрған қалқанша безінің гормондары тироксин, тиреоидин, тиреотом, тиреокомб және трийодтиронин тағайындалып, дозасы, ұзақтығы қандағы мөлшеріне қарап анықталып тұрады. Нерв жүйесінің жұмысын жақсартатын препараттар: глютамин қышқылы, пирацетам, энцефабoл, церебролизин бұлшық етке бала жасына сәйкес дозада, витамин B., витамин А күн ара бұлшық етке 7-10 күн бойы егіледі. Массаж, емдік гимнастика тағайындалып, жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар