Эндокриндік жүйе аурулары Қант диабеті

Loading...


бет4/10
Дата22.06.2021
өлшемі27.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гипогликемиялық кома. Себептері: организмге тағам арқылы қант аз мөлшерде түсу, инсулиннің дозасының артып кетуі, инсулин алғаннан кейін немесе ашқарынға организмге көп күш түсу. Гипогликемиялық кома тез басталады: бала қатты әлсіреп, терлеп кетеді, қатты қарны ашады, тахикардия, қан қысымы төмендейді, есін жоғалтып құрысып-тырысу байқалады. Қанда гипогликемия: қант мөлшері 3,0 ммоль/л-ден төмен анықталады.

Диагноз қою үшін мұқият анамнез жинау; диабетке тән клиникалық белгілеріне, қанда гипергликемия, зәрде глюкозурия байқалуына, зәрдің меншіктісалмағының жоғарылауына көңіл аудару қажет. Қандағы қант мөлшерін тез анықтау үшін индикаторлық тәсіл: "Декстонал", "Декстроcтикс”, “Глюкопрофиль”, ал зәрдегі қантты анықтауға “Глюкотест", "Мультистикс”, зәрдегі кетонды денелерді анықтауға “Кетостикс” қолданған ыңғайлы. Олар жоқ болған жағдайда қант мөлшері кәдімгі лабораториялық әдістермен анықталады.

Емдеу.

1. Диетотерапия тамақ құнарлы болуымен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қанттардың мөлшерін шектеу қажет, тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қанты аз көкөністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болу қажет. Ет, балық, жұмыртқа шектелмейді, бірақ ет семіз болмағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.

2. Күн тәртібі (режим): қантты диабетпен ауыратын мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатысады. Бала, әсіресе, инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.

3. Инсулинмен емдеу: жетіспейтін инсулиннің мөлшерін сырттан енгізу. Инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар:

а) қысқа әрекетті инсулиндер – жəй инсулин, суинсулин (шошқа инсулині), актрапид, инсулрап, хоморап т.б. — әсер ету ұзақтығы 8 сағат;

б) ұзартылған әрекетті инсулиндер -суспензия цинк инсулин аморфты немесе инсулин семиленте, инсулин В, инсулoнг, хомофан т.б. – әрекет ұзақтығы 10 – 14 сағат;

в) ұзақ әрекетті инсулиндер -суспензия цинк инсулин кристалды (ультраленте), ультралонг, ультратард әрекет ұзақтығы 24-36 сағат.

4. Сонымен қатар, сульфаниламидті препараттар диабинез, букарбан, диабетон және бигуанидтер – фенформин, адебид, глюкофаг та тағайындалады. Инсулиннің тәуліктік қажетті дозасын қант-зәр эквиваленті бойынша анықтауға болады, яғни тәуліктік зәрмен бөлініп шыққан кант мөлшеріне қарап есептеп табылады. Ол үшін біз əр инсулин бірлігінің организмде 5 г қантты сіңіру үшін жұмсалатынын ескереміз.

Мысалы: бала тәулігіне зәрмен бірге 60 г қант жоғалтатынын білсек, оған тәулігіне 60:5 = 12 бірлік инсулин қажет екенін таба аламыз. Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретке бөліп салу керек. Осы кезде инсулин егудің тағы бір ерекшелігі: тәуліктің әр мезгілінде инсулинге қажеттілік әртүрлі болуымен байланысты, инсулиннің таңертең, түсте, кешке тағайындалатын дозалары да әртүрлі болады. Атап айтсақ, инсулиннің барлық тәуліктік дозасының ең көп бөлігі таңертеңгі, одан кейінгі дозасы түскі, ең аз мөлшері кешкі тамақтың алдында 30 минут бұрын тері астына егіледі.

Сонымен қатар инсулин егу ерекшеліктеріне жатады:

1. Әр еккенде егу орнын алмастырып отыру.

2. Егу алдында препаратты дене температурасына дейін жылыту.

3. Ине үшкір болу.

4. Препаратты жай егу.



Инсулиннен басқа витаминдер комплексі, қорғаныш күштерін арттыратын дәрілер, кейде анаболикалық гормондар және симптомдық ем жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
білім беретін
арналған тапсырмалар
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
нтізбелік тақырыптық
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
болып табылады
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
мамандығы бойынша
әдістемелік кешені
жалпы білім
Сабақ мақсаты

Loading...