Енді әр кітаптың бағасын табыңдар



Дата30.12.2022
өлшемі16.66 Kb.
#404940
Байланысты:
есептер 07.11.2022
эссе

  1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?

  2. Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады?

  3. Дөңгелек бойында он бес бала тұр. Әрбір қыздың оң жағында бір ұл тұр. Ұлдардың жартысының оң жағында бір ұлдан тұр, ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында бір қыздан тұр. Неше қыз? Неше ұл бар?

  4. Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынандай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұр?

  5. Ермек 4 кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 400 теңге тұрады, үшінші кітапты санамасы 380 теңге, төртіншіні санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.

  6. Ұлу биіктігі 10 метр бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 3 метр өрмелейді, ал түнде 3 метр төмен сырғанайды. Сөйтіп ұлу бағананың төбесіне неше күнде жетеді екен?

  7. Досан Асаннан үш күнге кітап сұрап алды. Бірінші күні ол кітаптың жартысын оқыды. Екінші күні қалған жартысының үшінші бөлігін оқыды. Үшінші күні алғашқы екі күнде оқығанының жартысын оқыды. Сонда Досан үш күнде кітапты оқып үлгерді ме?

  8. Бал салынған ыдыстың салмағы 500 г. Керосин құйылған осы ыдыстың салмағы 350 г. Керосин балдан 2 есе жеңіл. Ыдыстың бос болғандағы салмағын анықтаңыз.

  9. 100 метр ұзындығындағы 100 м/с жылдамдығымен жүріп келе жатқан поезд 100 м ұзындығындағы туннельді неше секундта өтеді?

  10. Машина А қаласынан В қаласына 50 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал қайтарда 30 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Машинаның орташа жылдамдығын табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет