Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы



бет21/72
Дата23.12.2021
өлшемі137.47 Kb.
#147089
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
ҒЫЛЫМИ СЕССИЯ

23.Бақылау әдісі

Педагогикалық бақылаупедагогикалық процесті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың басында зерттеуші қандай мақсатта, қандай ұзақ бақылау, қандай ұзақ нәтиже күтетінін білуі керек. Тек қажетті білім, зерттеу аймағында біліктілік болып, бақылау әдістемесін білгенде ғана әрекетке түсуге болады. Бақылау алдын ала құрастырған нақты жоспар болған кезде тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, фактілерді объективті фактілерді таңдауда, нәтижені тіркеу, себеп-тергеу байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары-видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал-саймандары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу (фиксировать): күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізіледі. Зерттеу объектісін бақылау тікелей және жанама, ашық және жабық, ал уақыт белгісіне қарай үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық (өте ұзақ) түрлері бар. Тікелей бақылап-зерттеу, тәрбиеші-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның рөлінде байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.

Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.

Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

а)теориялың зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;

б)теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шын-шылдығын тексеру.

Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.

Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Бақылау әдісі – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.

Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.

Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты менміндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді