2.Ғылыми шығармашылық.
«Шығармашылық» сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес оқушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни оқушының танымдық іс-әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.
Ғылыми шығармашылық – бұл ауызша – логикалық ойлауға негізделген адамның шығармашылық іс-әрекетінің ерекше түрі, оның нәтижесі шындықтың дамуының жалпы заңдылықтарының ашылуы болып табылады. Ғылыми шығармашылық көркемдік және техникалық жағынан айырмашылығы, адам танымы мен әлемнің өзгеруінің теориялық жағын білдіреді, бірақ ол тек теориялық ғана емес, сонымен бірге эмпирикалық сипатта да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |