«Елім-ай» әнінің шығу тарихы

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі13.89 Kb.
«Елім-ай» әнінің шығу тарихы

Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең.

Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. "Қаратаудың басынан көш келеді" өлеңін ең алғаш рет баспасөзде жариялаған - М.Тынышбаев. Бұл жырды кейінірек А.Байтұрсынұлы, Ж.Досқараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер де жариялаған. Фольклор- танушы М.Оразаев тапсырған нұсқаны Ы.Дүйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең туралы С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Н.С.Смирнова, Б.Уакатов, Г.Турсыновалар мақалалар жазды. Кейбір зерттеулерде (М.Оразаев нұсқасында) жырдың авторы ретінде арғын Топыш ақынның аты аталады, алайда мұндай кісі туралы дерек жоқ. Жыр өзінің жүрек тербейтін мазмұнымен қатар, әдемі де әуезді әуенге құрылған.

1710 жылдың жазының аяғында өз еркімен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде өзін тәрбиелеп өсірген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады.

1710 жылдың жазының аяғында өз еркімен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде өзін тәрбиелеп өсірген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады. Сөйтіп, Толыбай сыншы ұлы жырау өз ағасының орнына шора болып, 1710­1723 жылдар аралығында өз жұрты Керей­Уаққа басшы болыпты. Ол 1723 жылы көктемде Сыр бойында мекен еткен Кіші жүздегі қайын жұртына қонаққа аттанарда ел­жұртының игі жақсыларын жиып, мәжіліс өткізіп, өзі ақ батасын беріп, ұсыныс жасап, өз орнына ағасы Қарабас тарханның үлкен баласы Асқап сардарды Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады.

Толыбай сыншы ұлы жырау – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апатты өз басынан өткеріп, көзімен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадүр. Сол аса қатерлі сапарда ол Науан, Әсет есімді екі батыр баласынан, өзіне әрі өкіл бала, әрі атқосшы саналған Айбек, Ермек атты екі батыр азаматтан айырылып, бәйбішесі екеуі әрең дегенде көппен бірге жау қоршауын бұзып өтіп, аман құтылады.

«Елім­ай» әнін, «Елім­ай» күйін, «Елім­ай» жырының бірінші бөлімін Қожаберген ақын сол қоршауда тұрған кезінде шығарыпты. «Елім­ай» атты өлең де, жыр да, ән де әр кезеңде дүниеге келген. Соның ішінде 1723 жылғы «Елім­ай» әнін, дастанын шығарған – Толыбай сыншы ұлы жырау. Мысалы,

«Елім­ай» атты өлең Міржақып Дулатовта да бар. Ал «Елім­ай» деген дастанды халық ақыны, әдебиетші­ғалым, белгілі әнші Тұрсынхан Әбдірахманова да жазған. Әдебиетте бір­бірімен аттас әндер, күйлер, жырлар жиі кездеседі. Бірақ оларды бір­ бірімен шатастыруға әсте болмайды.



Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі (Көшебе Керей) жыраулар шәкірт болып,одан үлгі­өнеге алса, батырлықта Бақ­ сары, Бөгенбай, Жәнібек (Кіші Арғын) үшеуінен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717­1758) дейінгі батыр атаулы сол Толыбай сыншы ұлы ордабасыға шәкірт болып, одан тәлім­тәрбие алыпты.

Толыбай сыншы ұлы жыраудың «Елім­ай» дастаны – бір нұсқалы жыр. Оның кейбір сөздері ауыздан­ауызға көше жүріп, өзгеріске ұшырағанына қарамай, әркімдердің қолында жүрген үзінділерін сол дастанның өзге нұсқалары деп теріс түсінуден аулақ болайық. Егер сол үзінділерді бөлек нұсқа деп, керісінше ұғынып жүрген адамдар әркімдердің қолында жүрген үзінділерді жинап әкеп, «Елім­ай» жырының бірінші бөлімінің толық нұсқасымен салыстырса, олардың «Елім­ай» дастанының бірінші бөлімінің ел ішінде шашырап жүрген үзінділері екенін анық аңғарар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...