«Әлеуметтік-саяси білім модулі (Мәдениеттану, Психология)»



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі234.73 Kb.
#561312
  1   2   3   4
Байланысты:
Жеке тулга


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты 





«Әлеуметтік-саяси білім модулі (Мәдениеттану, Психология) » пәні
бойынша
Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Жеке тұлға туралы жалпы түсінік. Тұлғаның негізгі қасиеттерінің қысқаша сипаттамасы
Мамандығы: 6B07119 - «ЭлектрОэнергетика»
Орындаған: Жандильдаев Жандос
Тобы: ЭСХк-21-1
Нұсқа: № 5
Қабылдаған: Абдиева Газиза

Алматы, 2023


Жеке тұлға туралы жалпы түсінік. Тұлғаның негізгі қасиеттерінің қысқаша сипаттамасы
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама

  3. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

  4. Тұлғаның негізгі қасиеттерінің қысқаша сипаттамасы

  5. Қорытынды

  6. Әдебиеттік тізім



КІРІСПЕ

Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді. Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың - философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады. Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Ал әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады. Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқы зады.


Ал педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді жағдайларын анықтайды және зерттейді. Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара- қатынасын, байланысын ашуымыз керек.
Адамның жалпы дамуында бір-бірімен тығыз байланысты, қатар жүретін екі бағыттарды көрсетуге болады: биологиялық және әлеуметтік. Олар өзара тығыз байланыста, бір-бірінен тәуелділікте болғандықтан адамдағы тұқымқуалаушы қасиеттер оның тек биологиялық эволюциясы емес, сонымен қатар әлеуметтік- тарихи дамуының да нәтижесі болады. Осыған байланысты «адам», «тұлға», «индивид» және «даралық» ұғымдарының қандай биологиялық не әлеуметтік мәні бар екенін ажыратып алуымыз керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивид – жеке-дара адам. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады
Даралық, қысқаша айтқанда, бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. «Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, әр адамға өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) бар даралық ретінде қарауымыз керек. Педагогикада және психологияда «тұлғаның қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл ұғым тұлғаның дамуының нәтижесі ретінде оны тұрақты қасиеттерді меңгеруін білдіреді. Қалыптасу дегеніміз «бір нәрсенің қалыпқа келуі» тұрақтылық, аяқталғандық, белгілі бір тип.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі