Қоғам институционализациясы дегеніміз - тұракты формалардың құралуы, және бұл формаларда белгілі 6ip мақсатқа (мүддеге) жету үшін адамдардың ic-қимылдары icке асырылады.
Кез келген қоғам әлеуметтік институттар жүйесі ретінде болып келеді, және бұл жүйеде экономикалық, саяси, құқықтық; және басқа қоғамдық карым-қатынастардың күрделі жиынтығы көрсетіледі. Белгілі әлеуметтік институттардың көмегімен қоғамдық ағза (организм) өмір сүре алады, индивидтің мамандануы жүреді, әлеуметтік мінез - қылықтарының қабылдануы қамтамасыз етіледі.
Қоғамның эволюциялық даму кезеңдерінде әлеуметтік институттар өз тұрақтылыңымен, жиімділігімен ерекшеленеді. Егер әлеуметтік институттар ic -қимылдары тиімcis болса, егер түрлі әлеуметтік институттар қоғамдық мүрделерді ұйымдастыра алмаса, әлеуметтік байланыстарды жақсартып құра алмаса – бұның барлығы қоғамда дағдарыс жағдайы пайда болды деген сөз. Мұндай жағдайда сәйкес келетін әлеуметтік институтардың жұмыс icтeyінеe өзгерістер енгізу керек. Егер бұл объективті түрде мүмкін емес болса, немесе басқада субъективті себептерге байланысты іске асырылмаса қоғамның революциялық қайта құру (әлеуметтік революция) жүреді. Осы революция әлеуметтік институттар жүйесінің радикалды өзгеруімен байланысты.
Әлеуметтік институттардың ерекшеліктері, олардың табиғаты қоғамның терең қасиеттермен анықталады. Формальды және формальды емес әлеуметтік институттар бар. Формальды әлеуметтік институттарға әр түрлі мекемелер және олардың жиындықтары жатады, және де бұл институттар қатан ұйымдық құрылымда болу керек персонификацияланған басқаруға ие болу керек (юристік нормаларда бекітілген болу қажет - заңдар, ережелер және т.б.). Мысалы: мемлекет, мешіт, мектеп. Формальды емес әлеуметтік институттар - адамдардың әлеуметтік мінез-құлықтарының тұрақты формаларын анықтайтын әлеуметтік нормалардың жиынтығы. Мысалы: мораль, білім, дін.
Формальды белгілерден басқа, әлеуметтік институттар өздерінің функционалды ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік институттардың келесі типтерін бөлуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік (тармағынада), ұдайы өндірістік (репродуктивтық), қызмет көрсетуші (қамтамасыз етуші). Ал енді осылардың әркайсының функцияларына тоқтала кетейік.