Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратификация және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік. Мақсаты: қоғамды жүйе ретінде қарастыру. Әлеуметтік қоғамдастықтар мен әлеуметтік институттардың байланысын анықтау. қоғамдағы әр саладағы әлеуметтік институттардың бір бірімен байланысын анықтау. Казіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік таптық дифференциацияны жете білу және білімде пайдалану.
Міндеттері: қоғамның құрылымын білу, әлеуметтік қоғамдастықтардың түрлерімен таныстыру. Маргиналдар түсініктемесін білу. Әлеуметтік институттардың формаларын, түрлерін білу, олардың әлеуметтік өмірде қандай роль атқарады, эволюциялық даму кезеңдерінде қандай ерекшеліктері болады. Әлеуметтік теңсіздік пен әлеуметтік әділетсіздіктің айырмашылығын білу, көлдене жылжу мен тік жылжу теориясын білу.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Әлеуметтік қоғамдастықтар. Әлеуметтік қоғамдастықтар типтері.
Әлеуметтік институттарға түсініктеме.
Әлеуметтік институттардың түрлері.
1.Қоғам дегеніміз- түрлі байланыстар арқылы бірігетін элементтер көптігінен құралатын күрделі жүйе. Бұл байланыстар әртүрлі қоғамдық құрылымдар құрайды: экономикалық саяси-әкімшілік және т.б. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттейді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз - өзара байланысты және өзара әсер етуші әлеуметтік қоғамдастықтар мен әлеуметтік институттар жиынтығы және сонымен қатар олардың арасындағы қарым-қатынастар(ұлттар,класстар,территория т.б.).
Қоғамның әлеуметтік құрылымының механизмі адамдар іс-қимылдарының жүйесінде жасырылған. Адам қоғамдық жан ретінде басқа адамдардан бөлек өмір сүріп және әрекет жасай алмайды. Өмір сүру үшін адмдар белгілі бір қоғамдық қатынастарға араласады, топтарға бірігеді, кооперацияланады, функцияларды бөлістіреді.Топтардың пайда болу процесінде өзінше ұқсас белгілері бар адамдар жиынтығы құралады. Бұл процесс үшін әлеуметтік айырмашылықтарның терең қайнар көзі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісі өте маңызыды. Еңбек бөлінісі түрлі мақсатты әлеуметтік топтардың құрылуына әкеледі.
Әлеуметтік өзгерістер динамикасын зерттеу кезінде стратификация теориясының жақтаушылары вертикальды және горизантальды стратификация формуласын жиі қолданады, себебі адамның өз өмірінде бір әлеуметтік деңгейден екінші әлеуметтік деңгейге өтуіне болады (көтеріліп немесе түсіп), немесе бір деңгейде қала отырып, бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа өтуіне болады.
Адамның вертикальды стратегиясындағы мүмкін өтулерін қарастырайық. Мұнда 7 деңгей бар:
1. мамандар мен әкімшілік жоғарғы табы
2. орта деңгейдің техникалық мамандықтары
3. коммерциялық тап
4. басшылық қызмет атқаратын техниктер мен жұмысшылар
5. ұсақ буржуазия
6. мамандандырылған жұмысшылар
7. мамандандырылмаған жұмысшылар
Мысалы: квалификациясы бар жұмысшының отбасынан шыққан адам, жеткілікті қаржыларды әкесінен алып ресторан сатып алады, яғни вертикальды стратификация бойынша ұқса буржуазия қабатына көтерілді. Уақыт өткеннен кейін ресторанды сатқаннан және пайдадан түскен табыстар арқылы фермерлік шаруашылықты алды, және осылайша ол қалалық буржуазия әлеуметтік тобынан ауылдық буржуазия әлеуметтік тобына өтті. Және де осы адам әлеуметтік қозғалыстарға деген мүмкіндігі болмауы да мүмкін еді және де сол топта (әкесі жатқан топ)қалатын еді.