Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану Орындаған: Аймұрза Ұ, Молдабекоа З



Дата20.09.2021
өлшемі8.11 Kb.

Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану Орындаған: Аймұрза Ұ, Молдабекоа З

Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Орындаған:Аймұрза Ұ, Молдабекоа З

Тексерген:Жампетова А.

«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы Огюст Контпен (1798-1857) қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді.

Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық. Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады.



Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.

Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:

әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;

басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;

болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру

тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;

1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін ) зерттейді;

арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік (қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді.

арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін – басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді;

арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы – әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл әлеуметін сипаттайды;



әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер – әлеуметтану құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидал

Арнайы әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді:
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік