Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет6/20
Дата16.01.2017
өлшемі4.74 Mb.
#287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа
қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, ЗТМО не Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), почта мекенжайы көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын
өзге де талаптар

13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан


Ауданның коды _______________________

Қазақстан Республикасы

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _________________________ облысы (қаласы) бойынша

департаменті

Өтiнiш

Азамат ______________________________________________________________



(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күнi: ______ жылғы «___» ___________

Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

Құжаттың сериясы: _______ құжаттың нөмірі: _______ кім берген: ______

Берілген күні _______ жылғы «___» __________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ________________________________

Облыс _______________________________________________________________

қала (аудан) ________________________________ауыл____________________

көше (шағын аудан) ______________________ үй ________________ пәтер

Банк деректемелері:

Банктің атауы _______________________________________________________

Банк шотының №

Шот түрі: ағымдағы _____________ карта шоты _________________________

(қажетінің асты сызылсын)

Маған _______________________________________________________________

(зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болдым/болған жоқпын қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болды/болған жоқ ____________________________________________________

(қажетінің асты сызылсын)

Ескертпе:

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш беру кезінде мүгедектік тобы немесе асырауындағы адамдардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалды/тағайындалған жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқығым бар екені хабарланды.

Табыс туралы анықтамада көрсетілген аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы транзиттік шот айналымдарындағы электрондық үзінді көшірмеге сәйкес келмейтіні немесе толық сәйкес келмейтіні туралы хабарланды (ондай жағдай болса асты сызылсын).

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:



Р/с№

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2










Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ХҚО арқылы алған жағдайда, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail _____________

өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» __________

өтініш берушінің қолы _______________________

Азамат ___________________________

өтініші № _____________ болып тіркелді.

құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы «___» __________

_____________________________________________________________________

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

(қию сызығы)

_______ өтініші қоса берілген құжаттармен №___________ болып тіркелді, өтінішті тіркеген күн: 20__ жылғы «___» _______________

(көрсетілетін қызметті алу күні өтінішті Орталық бөлімшесінде тіркеген күннен бастап): 20__ жылғы «___» _____________

Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

және қолы

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім ____________________________________

_____________________________________________________________________

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды


тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

М.O. ___________________

(ұйым)

20__ жылғы «___» ___________



Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшiн жұмыстың сипатын немесе

еңбек жағдайларын растайтын

АНЫҚТАМА

Азамат ______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Берілді, себебі ол _____ жылдан___________жылға ________ дейiнгi кезеңде ___ жыл ________ ай ______ күн (толық, толық емес жұмыс күнi)

_____________________________________________________________________

(ұйымның атауы)

№ __ тiзiмнiң _____ бөлiмiнiң ________ тармағында көзделгендей, зиянды

(ерекше зиянды) және ауыр (ерекше ауыр) еңбек жағдайларында ____ жыл ____ ай ____ күн, оның iшiнде _____ жылдан_________ жылға дейiн _____________________________ ретінде

(кәсiптiң, лауазымның атауы)

Негiздеме:___________________________________________________________

(бұйрықтар, есеп ведомостерi, түсiру журналдары,

_____________________________________________________________________

дозиметрия журналдары және басқа)

____ жылдан ____ жылға дейiн ________________________________ ретінде

(кәсiптiң, лауазымның атауы)

Негiздеме: __________________________________________________________

(бұйрықтар, есеп ведомостерi, түсiру журналдары,

_____________________________________________________________________

дозиметрия журналдары және басқа)

___ жылдан ____ жылға дейiн _________________________________ ретінде

(кәсiптiң, лауазымның атауы)

Негiздеме: __________________________________________________________

(бұйрықтар, есеп ведомостерi, түсiру журналдары,

_____________________________________________________________________

дозиметрия журналдары және басқа)

_____ жылдан ____ жылға дейiн ______________________________ ретінде

(кәсiптiң, лауазымның атауы)

жұмыс iстегедi.

М.О.

Кәсiпорын басшысы ____________________________________ __________



(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды


тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан


(тегі, аты, әкесінің аты,

немесе қызмет алушыны мекемесінің атауы)

___________________________________

(қызмет алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекен-жайын көрсету қажет) мемлекеттік қызметтің стандартында айқындалған тізіміне сәйкес Сіз толық емес құжаттар топтамасын ұсыну себебінен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады (мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауы көрсетілсін), яғни:

Ұсынбаған құжаттардың атауы:

4) _________________________________;

5) _________________________________;

6) _________________________________.

Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.

(ХҚО қызметкерлінің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

Орынд. Тегі, аты, әкесінің аты_____________________

Тел. _______________________________________________

Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (қызмет алушының қолы)

20___ жылғы. «___» _______

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Нысан


Зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындауға өтініш

қабылдаудан бас тарту туралы

№ ______ хабарлама

________________________________________________________________

(түрі көрсетілсін)

20__ жылғы «___» _______________

Азамат (ша) _________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні: _____жылғы «___» ____________

Қамқоршы ________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өтініш берген күні 20__ жылғы «___» ____________

_____________________________________________________________________

Себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

_____________________________________________________________________

(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

және лауазымы)

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
8-қосымша

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер
тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты
табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

1. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) ЗТМО-ға, ХҚО-ға жүгінген кезде – құжаттардың топтамасын ЗТМО-на тіркелген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға, ХҚО-ға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. ЗТМО немесе ХҚО қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні хабардар етеді.

ХҚО-ға өтініш білдірген жағдайда құжаттарды қабылдаған күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 (бұдан әрі – № 236 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ЗТМО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

ЗТМО-да немесе ХҚО-да:

еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуді растайтын құжат;

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп танылғаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы шешімі;

4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттардың, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәліктері;

5) № 236 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша отбасы мүшелерi күндізгі оқу нысанында білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);

6) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама;

балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу жағдайында балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;

жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркегені туралы анықтамасы;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

ЗТМО-да:


жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

4) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан берілетін анықтама (анықтамалар);

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:

1) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша – нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің үзіндісі;

балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу жағдайында балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат ұсынылады.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеуді растайтын құжатты, мүгедектік туралы анықтаманы, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жұмыссыз ретінде тіркегені туралы анықтамасын ұсыну талап етілмейді.

ЗТМО, ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

ХҚО-да:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:



2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:

ЗТМО-да – өтініштің үзбелі талонының негізінде;

ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

ЗТМО көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат немесе ЗТМО қызметкері 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.



Каталог: images -> files
files -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
files -> Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
files -> Егемен Қазақстан
files -> «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»
files -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
files -> Регламенттерін бекіту туралы
files -> Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
files -> 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаты
files -> Ұбт 2016: сұрақтар мен жауаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан