Лекция 13. Денсаулық және медицина
Лекцияның мақсаты: Денсаулыққа қоғамның әл-ауқатын анықтайтын фактор ретінде талдау жасау
Негізгі терминдер: денсаулық, медицина, салауатты өмір салты, биопсихоәлеуметтік модель, психикалық денсаулық, әлеуметтік саулық
Лекция сұрақтары:
Денсаулық сақтау әлеуметтануында адамның биопсихоәлеуметтік моделінің қолданылуы.
Салауатты өмір сүру салты, оның негізгі аспектілері.
Халықтың түрлі топтарының денсаулығы және әлеуметтік потенциалы
Халықтың денсаулығы – қоғамның әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі индикатор. Денсаулықты аурудың немесе адамның дене мүшелерінің кемшілігінің болмауы емес, денелік, рухани және әлеуметтік саулықтың толық көрінісі ретінде қарастыру қажеттігі. Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада). Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы. Физикалық денсаулықтың әлеуметтік эпидемиологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |