Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі15.81 Kb.
Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.

Энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, электр энергиясының артықшылығы сөзсіз. Оны сым арқылы өте алыс жерлерге аз шығынмен жеткізу, тұтынушыларға таратып беру ыңғайлы. Ең бастысы, өте қарапайым құрылғылардың көмегімен бұл энергия: механикалық, ішкі, жарық энергияларына т.с.с. энергияның кез келген басқа түрлеріне оңай айналдырылады.

Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генератор арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштардың әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары.

Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орындары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын жинап сақтау қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туады.

Электр энергиясының негізгі өндірушілері

I. Жылу электрлік стансасы (ЖЭС):

Конденсациялық электрлік стансасы (КЭС);

Жылумен жабдықтау электрлік стансасы (ЖЖЭС);

Атомдық электрлік стансасы (АЭС).

II. Су электрлік стансасы (СЭС):

су жинаушы электрлік стансасы (СЖЭС).

Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік стансалар электрлік жүйелерді құрайды.

Энергияны өндіруші кәсіпорындар үшін энергияны үнемдеу бұл көрсетілетін қызметке немесе өнімбірлігін өндіруге кететін энергияның үлес шығынының азаюы,энергияны ұтымды пайдалану,электр және жылу энергиясын тұтынушыға тасмалдау кезіндегі ысыраптардың азаюы,энергетикалық құрылығыларды дұрыс пайдалану,энергияны үнемдеу бойынша бағдарламаны әзірлеу және дұрыс орындау.

Энергияны үнемдеудің негізгі бағыттары:

1.Энергия үнемдеуші технологияларды енгізу;

2.Тасымалдау кезінде энергия таратушылардың техникалық ысыраптарды төмендету;

3.Электр энергиясын сараланған тарифтерін енгізу;

4.Энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту;

Энергияны үнемдеу - энергиялық ресурстарды тиімді пайдалануға арналған көлемнің пішіні және іс-әрекеттері.Мысалы:Отын және энергияларды үнемдеуге табысқа жету оларды тиімді түрде қолдану қымбат энергоресурстармен тапшы энергия тасушыларды басқа тиімді және арзан энергия көзімен алмастыру.Бұл өлшемдер құқықты,ұйымдасқан,ғылыми,өндірісті,техникалық экономикалық болуы мүмкін.

Электр энергиясы трансформаторлар құрылғысы арқылы елді мекендерге,үйлерге 220 Вольтпен электр тоғы таратылады.



Күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсімі мен энергия өндіруші кәсіп орындардағы материалдық-техникалық базаның бір мезгілде ескіруі,энергия таратушылардың қымбаттауы жағдайларында энергияны үнемдеу мәселесі алғашқы орынға кіреді.Әлемдік экономиканың жаһандануын ескерсек бұл мәселенің аумағы жалпы әлемдік сипат алып,жеке бір мемлекеттің шегінен шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...